Дәрістер №1 Тақырып: Кіріспе


Парадигма «paradeigma» үлгі, (образец) Парадигма



бет4/9
Дата07.02.2022
өлшемі85,75 Kb.
#83863
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
ЖМП лекция

Парадигма «paradeigma» үлгі, (образец) Парадигма – ғылым дамуының белгілі бір кезеңдерінде ғылыми қоғамның қабылдаған әдіснамалық және теориялық қағидаларының жиынтығы, ғылыми зерттеудің үлгісі, стандарты, зерттеу мәліметтерін, болжамдар мен ғылыми міндеттердің жиынтық үлгісі ретіндегі көрінісі. (Т. Кунт)

  1. Дәстүрлі-консервативті парадигма

  1. Технократиялық парадигма

  2. Экзотериялық парадигма

  3. Бихевиористикалық парадигма

  4. Гуманистикалық парадигма

Экзотерикалық парадигма – құпия, жасырын, дін, магия, мистика, қазір космос мәселесіне бой ұрғандарға арналған. Көрсеткіш жеке тұлға жоғалып, өзгеше этика қалыптасады.
Дәстүрлі парадигма. Үш сатыдан тұрады. 1. Базалық білім – оқу, жазу, санау, сауаттылық. Білім беру жүйесі базалық ғылым бөлімдеріне негізделген.
2. Гуманистикалық - Жалпы адамзаттық құндылықтарға көңіл бөлу. 3. Технократиялық парадигма – кез келген нәтиже «ия, жоқ», «меңгерді, меңгермеді», «тәрбиелік, тәрбиесіз» деп бағаланады. Қажетті білім, тәртіп туралы ұғым мемлекеттік деңгейде құрастырылады. Көрсеткіші: танымдық қабілетінің деңгейіне сенімсіздік, сынақ алу, рейтінгілік қатар, білім стандарты, еңбек практикасы.
Ұтымдылығы: алгоритмизация, программалау, компьютерлік ойындар, тірек конспектілер. Бихевиористикалық парадигма.
Рационалистік, іс-әрекеттілік. Ішкі әлемге көп көңіл бөлмей, сыртқы бейнесіне көңіл бөледі. Мектеп – ортаға бейімдейтін білім беру механизмі. Мектеп – фабрика, шикізат – оқушы. Мектеп мақсаты – оқушы бойында қалыптастыру.

Бекіту сұрақтары:


1. Қоғамдық – экономикалық формациялардың өзгеруімен бірге адамның салт-санасы да өзгеріп, дамып отыруы...

  1. Байқау әдісі

  2. Салыстырмалы – генетикалық әдісі

  3. Қосалқы әдістер

  4. Салыстырма – тарихи зерттеу әдісі

2. Экспериментатордың (тәжірибе жасаушының) өзі белгілі бір уақыт аралығында зерттеу объектісі болып отырған қауымның және топтың мүшесі болады, яғни ол сол топтағы мүшелерді, жеке тұлғаларды бақылаушы емес, олармен тең сол топтың мүшесі болып саналуы...

  1. Енгізілмеген бақылау әдісі

  2. Енгізілген бақылау әдісі

  3. Ашық бақылау әдісі

  4. Жабық бақылау әдісі

3. Зерттеушілердің зерттелі-ніп отырған топтың қатысушысы болып табылмай, тек сырттай бақылау жүргізуі

  1. Енгізілмеген бақылау әдісі

  2. Енгізілген бақылау әдісі

  3. Ашық бақылау әдісі

  4. Жабық бақылау әдісі

4. Даярлықты жүргізетін бағдарлама мен оның мазмұнын анықтайтын норматипті кұжаттар кабылданып қарамастан осындай даярлықтың сапасы туралы 6 негізгі проблеманы ұсынған ғалым?

  1. Г. Селье

  2. Н.А. Аминов

  3. Р.С.Немов

  4. Г.В. Снегирева

5. Студенттердің күнделікті айналысатын танымдық іс-әрекеттерін сипатына байланысты 3 түрге болуге болады:

  1. оқулық,әлеуметтік,сапалық

  2. ғылыми,әлеуметтік,өзара

  3. қоғамдық,әлеуметтік,оқулық

  4. оқулық, ғылыми, коғамдық

Әдебиет:
1. Беркімбаева Ш.К., Құсайынов А.Қ және т.б. Жоғары мектеп педагогикасы. – Алматы. 2010.
2. Педагогика и психология высшей школы. /Под.ред.М.В.Булановой-Топорковой. – М., 2002. – 545 с.
3. Педагогика и психология высшей школы: Учебное пособие.-Ростов на Дону: Феникс, 2002. – 544 с.
4. Кенесарина З.У. Педагогика высшей школы. Учебно-методическое пособие. – Алматы: Триумф «Т», 2007. – 200 с.
5. Садыков Т.С. Абылкасымова А.Е. Дидактические основы образования в высшей школе: Учебное пособие. Алматы: РИК Казахской академии образования им. И.Алтынсарина, 2000. – 187 с.

4 Тақырып: Қазақстандағы жоғары кәсіби білім беру жүйесі


Сағат саны: 1
Тақырыптың негізгі сұрақтары / жоспары:

  1. Қазіргі Қазақстандық білім жүйесі

  2. Білім берудің Болондық үлгісі

  3. Кәсіптік білімнің маңыздылығы

Дәріс тезисі


Қоғамымыздың қазіргі даму кезеңінде жоғары білім беру жүйесін жетілдіру ең өткір мəселе болып табылады. Соңғы онжылдық ішінде отандық жоғары білім беру жүйесінде ауыз толтырып айтарлықтай құрылымдық өзгерістер болды: жоғары оқу орындары (жоо) өздерінің басқару қызметтерінде анағұрлым байқалатындай автономиялық дəрежеге ие болды, оқыту траекториясын анықтауда ұйғару институционалдық құрылымдарында, бағдарламалары мен оқыту түрлерінде толық диверсификация болып өтті. Мұнымен бірге білім берудің мемлекеттік секторы қысқартылды, ал мемлекеттік емес білім беру секторы қарқынды дами бастады. Елімізде қалыптасқан білім беру қызметінің нарығын мемлекеттік жəне мемлекеттік емес жоо ұсынды, бірақ мемлекетпен реттелетін бірдей жағдайда жəне тең құқылықта. Сонымен бірге жоғары білімге деген қоғамдық талаптардың өсуі, білім беру қызметі ұсыныстары пропорционалдық емес жағдайлардың ұлғаюы жəне еңбек нарығының сұраныстары, жоғары білімге бағытталған қаржы ресурстарын мақсатсыз пайдалану, оқытудың жаңа технологиясын пайдалану, жоо басқаруда экономикалық механизмдерді өзгерту, білім беру қызметінде бəсекеқабілеттілікті арттыру жоғары білім беруде жаңа тəсілдерді іздеуге мүмкіндік тудырады.
Білім беру нарығы — бұл оқу орындары мен білім беру қызметін сату жəне сатып алу тұтынушыларының арасындағы əлеуметтік-экономикалық жүйе.
Отандық жоғары білім беру жүйесінің əлемдік білім беру кеңістігіне шоғырлануы — ұзақмерзімді стратегиялық басымдықтың бірі. Біздің еліміздің əлемдік білім беру кеңістігіне енуінің басты шарты — қазақстандық білім беру жүйесінің Лиссабон конвенциясы мен Болон декларациясы жағдайларына икемделуі.

Бекіту сұрақтары:


1. Қарым-қатынастың кеңістік және уақыт басқармасымен айналысатын ерекше бөлігі

  1. Кинетика

  2. Просимимка

  3. Просодика

  4. Интерактив

2. Идентификация дегеніміз....

  1. Басқа адамды тануда саналы немесе санасыз түрде оның мінездемесіне өзін ұқсату

  2. Бұл идентификациға мазмұны жағынан ұқсас болып келетін құбылыс

  3. Бұл басқа адамды танып білудің тағы бір механизмі

  4. Белгілік жүйе ретінде адамның сөйлеуін қолдану механизмі

3. "Республикалық иесі аталған, мектептердің ережелері" негізінде біздің республикамызда қай жылдан бастап иесі аталған мектептер дистанционалдық білім беру (Д.Б.б.) үздіксіз білім беру жүйесінің бір формасы ретінде , ол әртүрлі оқушылар категорияларына бірдей мүмкіншілік беруге жағдай жасады

  1. 1999 жылы

  2. 1960жылы

  3. 1988 жылы

  4. 1989жылы

4. «... жақсы әдіспен талантты емсс адам көп нәрсе жасайды, ал нашар әдіспен үлы адамның өзі де текке жүмыс істейді» пікірінің авторы

  1. Р.С.Омарова

  2. И.П. Павлов

  3. С.Смаиловтың

  4. Г.И. Щукина

5. «Адам – тәрбиенің объектісі» еңбегінің авторы:

  1. Р.С.Омарова

  2. И.П. Павлов

  3. Ушинский

  4. Г.И. Щукина

Әдебиет:


  1. Жакенова К.А. Проблемы формирования нормативно-правовой базы системы высшего образования Казахстана в ходе реформ // Инновации и образование. Сб. материалов конф. Сер. «Symposium». — Вып. 29. — СПб.: СПб философ. общ-во. — 2003. — С. 490–503.

  2. Қазақстан Республикасының Үздiксiз бiлiм беру жүйесiнде мамандар даярлау құрылымын реформалау туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы. — 1994. — 1 қырк. — № 982 (күшi жойылды).

  3. Білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың тұжырымдамасы. — Алматы: Қазақстан,

  4. Закирова Г.Д., Наренова М.Н. и др. Реформирование высшего образования в Казахстане и Болонский процесс: мате- риалы для практических действий. — [ЭР]. Режим доступа: http://tempuskaz.kz/files/reform.pdf.

  5. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011–2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы // Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы № 1118 Жарлығы. — [ЭР]. Қолжетімділік тəртібі: http://strategy2050.kz/ru/page/

  6. Yessengeldin B.S., Murzatayeva G.K., Sitenko D.A., Seitalinova A.S. The development of social infrastructure in the innova- tion economy // of Karaganda University. Ser. Economy. — 2014. — No. 3. — P. 48–54.

  7. [ЭР]. Қолжетімділік тəртібі: stat.gov.kz

  8. «Қазақстан 2020: болашаққа жол» Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасы туралы // Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 27 ақпандағы № 191 Қаулысы. — [ЭР]. Қолжетімділік тəртібі: kz.

  9. Қазақстандағы жоғары білім. — Алматы, 2010. — [ЭР]. Қолжетімділік тəртібі: belight.net/files /review_ he_ru.pdf

5 Тақырып: Педагогикалық ғылымының әдіснамасы


Сағат саны: 1
Тақырыптың негізгі сұрақтары / жоспары:

  1. Педагогика ғылымының әдіснамасы мен әдістері.

  2. Педагогика ғылымының әдіснамасы жонінде түсінік.

  3. Педагогиканың ғылымының философиялық негіздемесі.

  4. Педагогиканың ғылымының зерттеу әдістемесі мен әдістер жүйесі. 

Дәріс тезисі


Әдіснама, әдіс пен теория әрқашан бір-бірімен тығыз байланысты. Теория педагогикалық құбылыстардың кез-келген әдіснаманың негізі болып табылады және сол әдістеменің көмегімен табылған фактілер арқасында кеңейеді. Теория-таным процесінің нәтижесі, ал әдіснама болса осы танымға жету мен оны құру тәсілі болып табылады. Бұл-теориялық және практикалық ғылыми-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру мен құрастырудың негізі мен тәсілдер жүйесі, бұл-осы жүйені тану жолы. Таным теориясы тұтас таным іс-әрекеті процесін және ең алдымен оның мазмұндық негізін зерттейді. Әдіснама шынайы және практикалық түрде тиімді білімге жетудің әдістері мен жолдарына көп көңіл бөледі, осы білімді дамытудың тәсілдерін іздестіреді.
Философиялық білімдердің даму сатыларының әдіснамасының орынды негіздері уақыт өте келе қорытындыланып, шығармашылықпен қайта құрылып, бұл күндері жалпы сипатқа ие болып отырған және ғылыми білімнің зерттелінетін саласына қатысты нақтыланатын диалектикалық-материалистік әдіснаманы ұйымдастыратын бастауына айналып отыр.
Педагогика ғылымы сияқты педагогикалық зерттеу әдістерінің қазіргі жүйесінің көлемі кең. Ғылыми-педагогикалық зерттеудің әртүрлі әдістері мен зерттеуші ойлауының шығармашылық сипаты ғылыми зерттеудің барлық әдістері мен олардың өзара байланысын сипаттайтын ортақ теорияны құрастыруда біршама қиындықтарға әкеледі. Осыған орай, таным әдістерінің көптеген жіктемелері бар, оларды қолдану мақсатқа, объектіге және пәнге, сонымен қатар зерттеу әрекеттеріне және ғылыми іс-әрекет пен зерттеу жорамалдары жүзеге асатын жағдайларға негізделеді.

Бекіту сұрақтары:


1. Ала зерттелген жоспарға сәйкес мақсатты бағытталған әдіс, яғни зерттеушілердің тәжірибелік қызметтің қажетіне пайдаланылатын және келесіде жүргізілетін талдау жұмыстарында қолдану мақсатында қызықтыратын құбылыс және феноменді бекіту әдісі

  1. Диалог әдісі

  2. Бақылау әдісі

  3. Тестілеу әдісі

  4. Талдау әдісі

2. « Егер баланың бірдеңені түсінбейтіні болса, ұстазы оларды кінәлауға тиіс емес, оларға түсіндіре алмаған өзін кінәлау керек » пікірінің авторы

  1. Ж.Аймауытов

  2. А.Құнанбаев

  3. А.С.Макаренко

  4. Ы.Алтынсарин

3. Топтық идеяларды тудыру әдісі

  1. Генерация әдісі

  2. Реттеу әдісі

  3. Ойын әдісі

  4. Меңгеру әдісі

4. Мұғалімдерге оқыту мен адамгершілік тәрбиесінің ізгілікті теориясын ұсынған ғалым

  1. И.Г.Пестолоций

  2. Джон Локк

  3. М.Монтессори

  4. К.Н.Вентцель

5. Зерттегенде, ақыл- ой әрекеттеріне зақым келген ауру адамдардың психологиясымен дені сау адамның жан дүниесімен салыстыра отырып, олардың арасындағы айырмашылықтармен өзгешеліктерді қарастыратын әдіс

  1. Салыстырма – тарихи зерттеу әдісі

  2. Салыстырмалы - патологиялық зерттеу әдісі

  3. Қосалқы әдістер

  4. Салыстырмалы – генетикалық әдісі

Әдебиет:
1.Бабаев С.Б, Оңалбек Ж.К. «Жалпы педагогика» Алматы 2006.
2.С.Ш. Әбенбаев, А.М. Құдиярова, Ж.Ә. Әбиев «Педагогика» Астана 2003.
3.Ж. Әбиев, А.М. Құдиярова, С. Бабаев «Педагогика» Алматы 2004.
4.Бержанов К.Б., Мусин С.М., Педагогика тарихы. Алматы-2004.
5.Дүсембекова Ш.Д. Педагогика. Семей 2004 ж.
6.Қоянбаев. Педагогика. Алматы 2002 ж.

6 Тақырып: Жоғары мектеп оқытушысының кәсіби және коммуникативтік құзіреттілігі


Сағат саны: 1
Тақырыптың негізгі сұрақтары / жоспары:
1. Кәсіби құзіреттілік ұғымының мәні.
2. Эдвайзердің атқаратын қызметі.
3. Тьютордың атқаратын қызметі.
4. Офис регистратордың атқаратын қызметі.

Дәріс тезисі


Қазақстанның ұлттық энциклопедиясында құзіреттілік ұғымы екі мағынада көрсетілген:
- Заңмен, жарғымен немесе өзге құжатпен берілген өкілеттіліктер;
- Белгілі бір саладағы білім, тәжірибе, біліктілік.
Жеке тұлғаның білімі мен тәжірибесін нақты бір жағдайда қолдана білу іскерлігімен байланысты тұлға қасиеті. Кәсіби құзіреттілік мәселесін зерттеген ғалымдардың ой-тұжырымдарын терең талдай отырып, білім беру жағдайында педагогтің құзіреттілігін мынадай үш аспектімен бірдей кешенде сипаттауға болады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет