Негізгі сөздерПайдаланушы терминалы, аймақтық процессорлар, топтық процессорлар, жүйені басқарушы процессорлар,
Сұрақтар: СВИФТ жүйесі қандай қызмет атқарады?
СВИФТ жүесінде өңделетін пайдаланылатын хабарламалар санаттары қандай?
Қазақстан банктері СВИФТ-ке қашаннан бастап мүше болды?
СВИФТ-ке мүше болу шарттары қандай?
СВИФТ – торабы неше деңгейден тұрады?
Әдебиеттер тізімі: 1.Банк ісі / ГС Сейткасимовтын редакциясымен Астана қ 2009ж.,БПО[56-98];
2.Есымханова З.К.Платежная система : Учебное пособие. –Костанай, 2004ж.[23-36],
3. Г.С.Сейткасимовтың редакциясындағымен Ақша, несие, банктер Алматы экономика. 2006 ж.[ 89-92].
4.Мақыш С .Б.Банк ісі . Оқулық . –Алматы :Издат Маркет,2007ж.
5.Ілияс А.Ә. ,Сәулембекова Ә.Қ., Төлем жүйесі . теория және практикасы; Оқу құралы .-Алматы : Экономика , 2007.
№ 5 тақырып.Әлемдегі және ҚР ірі төлемдерді аудару жүйесі Сұрақтар: 1. Брутто-есептесулерді жүзеге асыру мазмұны мен принциптері.
2. Ірі төлемдерді аудару жүйесінің негізгі моделдері.
3. Ірі төлемдерді аударудың Қазақстандық жүйесі және олардың негізгі қызмет ету принцитері.
4.ҚР ірі сомаларды аудару жүйесінің артықшылықтары мен кемшіліктері
Коммерциялық банктерде қаржылық талдаудың ақпараттық базасына қаржылық басқаруда қолданылатын барлық ақпараттық жүйе жатады.
Ақпараттық база ішкі және сыртқы ақпарат көздерінен қалыптасады. Сыртқы ақпарат көздері негізінде коммерциялық банктердің қаржылық ортасы және іскерлігі талдауы жүзеге асырылады.
Коммерциялық банктерді басқаруда саяси сипаттағы ақпараттар экономикалық ақпараттар сияқты маңызды болады. Биліктен және басқарудың мемлекеттік және жоғары билік органдарынан алынатын ақпарат көздеріне заңдар, қаулылар, нормативтік және заңдық актілер т.б.жатады.
Олардың ішінде мынадай сұрақтар бойынша құжаттар қажет етіледі:
Қаржылық есеп берудің мақсаты – ақпаратты пайданушыларды заңды тұлғаның қаржылық жағдайы, оның қызмет нәтижесі мен есепті кезең аралығында қаржылық жағдайына болған өзгерістер туралы пайдалы, мәнді, әрі шынайы ақпаратпен қамтамасыз ету.
Қаржылық есеп ақпаратты пайданушыларды инвестициялық және несие беру шешімдерін қабылдауға қажетті ақпаратпен қамтамасыз еткенімен, экономикалық шешімдер қабылдау үшін қажетті барлық ақпаратпен қамтамасыз ете алмайды. Себебі коммерциялық құпиялықты сақтау туралы заң сыртқы пайданушылар алуы тиіс қаржылық ақпарат көлемін шектейді. Осыған орай ақпаратты пайданушылар қаржылық есепті негізгі ақпарат көзі ретінде қабылдауы тиіс.
Қаржылық талдаудың ақпараттық базасының басты бөлігі ішкі ақпарат көздері болып табылады.
Коммерциялық банктің бухгалтерлік балансы – қаржылық жағдайды бағалау үшін қолданылатын негізгі құжат болып табылады. Батыс банкілерінің балансты құрудағы активтер өтімділігінің төмендеу дәрежесі бойынша активті баптардың топтарының орналасуы, ал пассивтердің олардың талап етуінің төмендеу мөлшері бойынша орналасу принципі қазір Қазақстан банілерінде де қолданылады