Дәрістер №1 тақырып. «Мемлекеттің төлем жүйесі» түсінігің мәні



бет14/17
Дата07.02.2022
өлшемі89,96 Kb.
#94222
түріСабақ
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
Лекция Акша,несие,банк

Дәріс мақсаты:
Банктердің баланысын талдаудың әдісі мен түрлерін білу:
- Ақшалай қаражаттарды аударудың электрондық жүйесіне талдаудың басты бағыттарымен танысу;
- Ақшалай қаражаттарды аударудың электрондық жүйесін көрсету;
- Ақшалай қаражаттарды аударудың электрондық жүйесі талдаудың әдістерін білу
Дәріс жоспары
1.Әлемдегі және ҚР ірі төлемдерді аудару жүйесі
2.Жеке төлемдер жүйесі.
3.Ақшалай қаражаттарды аударудың электрондық жүйесі
Дәріс мәтіні
Түйін сөздер: Экономикалық талдау әдісі; әдістердің статистикалық банкі; әдістердің математикалық банкі; топтастыру әдісі; салыстыру әдісі; коэффициенттер әдісі; индекстік әдіс; жүйелік талдау әдісі; элиминирования әдісі; абсолюттік айырма әдісі; салыстырмалы айырма әдісі;
Экономикалық талдау әдісі – бұл коммерциялық банктің қызметін, ақпараттарды математикалық, статистикалық, есептік және басқа да тәсілдерімен өңдеуді пайдаланып, жанды–жақты, органикалық өзара байланыста зерттеу.
Әдістің сипаттық ерекшеліктеріне мыналар жатады:

  • Банк ісі жанды–жақты сипаттайтын көрсеткіштер жүйесін пайдаланады;

  • Бұл көрсеткіштердің факторларын олардың өзгерістерінің себептері зерделенеді;

  • Олардың арасындағы байланыстарды айқындап, өлшейді.

Талдауға, әдетте, оперативтікғ бухгалтерлік есеп пен бақылау кезінде қалыптасқан көрсеткіштер жүйесі пайдаланылады. Жетіспейтін көрсеткіштер зерттеу барысында есептеледі. Экономикалық құбылыстар мен процесстердің себептік байланыс шарттылығы – талдаудан, осы немесе басқа да көрсеткіштердің өздеруіне себепші факторларды зерделеуді талап етеді. Талдаудың арқасында банк қызметінің нәтижесіне әсер ететін неғұрлым елеулі факторлық көрсеткіштер анықталады.
Банк қызметі туралы ақпараттарды экономикалық талдау жүйесі – статистикалық банк пен математикалық банк әдістерінен тұрады.
Статистикалық банк – ақпараттарды дәстүрлі және қазіргі уақыттағы статистикалық әдістерімен өңдеу жиынтығынан тұрады. Әдістер соншалықты жеткілікті болуына қарамастан, көбісіне қолданылатындары – салыстыру әдісі, топтастыру, талдау нәтижесін көрнекті бейнелеу, коэффициенттер, индекстік т.б. үлгілер.
Қазіргі уақытта – бірлескен байланыстық өзгерістері (корреляционный) және – кері, қайта талдау (регрессивный) кластерлік, шашыраңқылық (дисперсионный), факторлық, талдаулық теңестіру (аналитическое выравнивание) секілді неғұрлым жетілдірілген статистискалық әдістер жиі қолданыла бастады.
Математикалық үлгілер банкісі – бұл банкінің қызметінің әр түрлі аспектілеріне қатысты оңтайландыру міндеттерін шешуге арналған кешенлі үлгілер. Олардың бастылары: тұтынушының мінезқұлқы үлгісі, бәсекелестердің мүмкін мінезқұлқының үлгісі, бағаның құрылуы жүйесі, ұйымдастырушылық құрылымды оңтайландыру және т.б. үлгілер.
Шынайы өмірде болып жатқан барлық процесстерді айнытпай тізіп отыру мүмкін емес. Сондықтан неғұрлым лайықтысы қолдағы бар ақапаратты зерделеудің математикалық үлгісі мен дәстүрлі әдістерін ұтымды байланыстырып пайдалану.
Талдаудың дәстүрі түрлерінің әдістеріне толығырақ тоқталайық.
Топтастыру әдісінің негізіне зерделеніп отырған құбылыс пен процесстің экономикалық негізделген жіктемесі және де, одан басқа, олардың шарттылы себептері мен факторлары жатуы тиіс.
Банінің бухгалтерлік балансында активтер мен міндеттемелер олардың сипаттамасы бойынша топтасады, өтіміділік деңгейлерінің төмендеуі кезегі бойынша орналасқан.
Талдаудың мақсатына қарай активтер мен пассивтерді бірнеше белгілері бойынша топтастыруға болады. Пассив меншік түрлері бойынша топтасқанда мынандай белгілер пайдаланылады: құны, талап етілу дәрежесі, контрагенті, мерзімі, операциялар түрлері, пайдалану кепілдігі, қаражат көздері.
Активтер – ұйымдық–құқықтық құрылу түрлері бойынша, меншік формалары, экономика секторлары және қызмет түрлері бойынша топталады. Бұл шоттардың әрқайыссын табыстылығына, өтімділігіне, келісімшарттарына, мерзіміне, операция түрлеріне, активтердің тәуекел деңгейіне, қаражаттарды салу формаларына қарай жеке–жеке бөлуге болады.
Баланс баптарын келісім субъектілері бойынша топтағанда активінде де, пассивінде де банкаралық, банкішіндік, клиенттермен, басқа келісімшарттармен операцияларды жеке-жеке бөледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет