Бақылау сұрақтары: 1.Қазақстан Республикасындағы төлем жүйесін ұйымдастыру.
2.Қазақстан Республикасындағы төлем жүйесінің даму сыртқы ақпараттар көздері.
3.Қазақстан Республикасындағы төлем жүйесінің қаржылық талдаудың ішкі ақпараттық көздері.
4.Қазақстан Республикасындағы төлем жүйесінің дамуын оқу мен талдаудың әдістемелері.
5.Қазақстан Республикасындағы төлем жүйесінің құрылымдық схемасы.
6.Қазақстан Республикасындағы төлем жүйесінің бөлімдері.
Пәнді оқытудың әдістемелік нұсқаулығы Әдістемелік ұсынымдардың негізгі мақсаты – компания қазметін қаржылық бақылау мазмұнын және мақсатын және қажеттілігін, оның түрлері мен нысандарын толық та терең түсіну және ол бойынша өзіндік тұжырымдар мен пікірлер қалыптасыруға деген мүдделердің қалыптасуына жағдай жасау. Сонымен бірге, теориялық білімді өндірістік практикадан өту кезінде және диплом жазу барысында толық қолдана алу және одан әрі мамандық бойынша жұмсы жасау кезінде пайдалана білуге жетелеу болып табылады. Әдістемелік ұсынымның міндеті - студенттердің оқу материалын жете меңгеруіне көмек жасау.
Аталған пәнді оқып-білу пән бойынша силлабуспен танысудан басталады. Студент бағдарламаның мәтінімен мұқият танысып, ұсынылған әдебиеттер тізімін қарап шығуы қажет. Әдебиеттер ішінен таңдау жасау студенттердің өз еркімен жүзеге асырылады және студент өзі бастама көтеріп, каталог, библиографиялық анықтама және басқа да көздермен жұмыс жасай білуі қажет. Жаңа тақырыпты меңгеру алдында студент дәрістік сабақ кезінде уақытын жоғалтпайтындай етіп әдебиет таңдай алуы қажет. Оқытушы әрбір жаңа тақырыпты терген кезде негізгі жағдайларға тоқталуға тырысады, ал тақырып бойынша білімін тереңдету үшін студент қосымша әдебиеттерді өздігінен пайдаланады.
Студенттер ССӨЖ жүргізу кезінде аталған пән бойынша силлабустағы берілген тапсырманың тізімдері бойынша жұмыс жасайды. ССӨЖ және СӨЖ тапсырмалары тексеруге уақытында және толықтай тапсырылуы қажет.
Студенттер силлабуста көрсетілген білімді бағалау критериилерімен және курс саясатымен және білімді бағалау шкаласымен толық танысуы шарт.