Халықаралық банктік операцияларға арналған стандартты ақпараттарды өңдеудің электронық жүйесін дайындау;
Есеп айырысу операцияларына арналған телеккоммуникация құралдарын жасау;
Жүйеге қатысушыларды оқыту және оларға семинарлар жүргізу;
Арнайы және терминалды қызметтер көрсету.
СВИФТ өзінің қатысушы банктеріне ақшалай аударымдар, бағалы қағаздар бойынша есеп айырысуды қамтамасыз етуге байланысты спутник байланысы арқылы нұсқаулықтар береді. Банктер қаражат аудару туралы бұйрықтарды қабылдап, электрондық терминалдар арқылы аударымдар жасайды.
Өз елінің заңына сәйкес халықаралық банктік операцияларды жүргізуге құқығы бар кез келген банк СВИФТ-ке мүше бола алады.
СВИФТ-ке мүшелерге мыналар жатады:
мүше банктер;
бірлескен мүшелер - мүше банктің филиалдары мен өзге құрылымдық бөлімшелері;
өзге қатысушылар: қаржы институттары (брокерлер кеңсесі, клиринг және сақтандыру компаниялары).
СВИФТ-ке мүше болу 2 кезеңнен тұрады:
І кезең банкке мүше болу құжаттарын дайындау. Бұл кезеңде мүше банктер кіру туралы өтінішін жасау, СВИФТ жарғысын орындау, СВИФТ-тің операциондық шығыстарын өтеу туралы міндеттемесін, банктің мекен-жайы туралы, қоғам алдындағы байланысы үшін жауаптылығы және банктік хабарламаларды беру кестесіне шолуы сияқты құжаттарын дайындайды. Мүше болуға кандидат банктерге бір жолғы төлем жасау және қоғамның 1 акциясын сатып алу міндеті жүктеледі.
ІІ кезең банктік қоғамға қосу кезеңі. Бұл кезеңде банк коммуникациялық құрал-жабдықтарды сатып алады және мамандарды оқытады. Қосу уақыты тіркелмелі: яғни наурыз, маусым, қыркүйек және желтоқсан айларының бірінші дүйсенбісі.
3.Банктердің мүше болу үшін жасаған шығындары 5 жыл ішінде өтелуі мүмкін.
Әрбір аймақта СВИФТ өзінің аймақтық әкімшілігін құрады.
СВИФТ артықшылықтары:
сенімділік, хабарламалардың толық және уақтылы жеткізілуіне жауаптылығы;
қауіпсіздік, СВИФТ торабы бойынша хабарламаларды жіберуде әр түрле шифрлерді қолдану барысында олардың қауіпсіздігі сақталады және оны хабарлама жіберуші мен алушыдан басқа ешкім оқи алмайды;
жылдамдылық, хабарлама бірнеше секунд немесе 15-20 минут ішінде жетеді, оның түпнұсқалығын растау автоматты түрде жүзеге асырылады. Ондағы жұмыс демалыссыз және мейрамсыз күндіз түні іске асады.
тиімділік, СВИФТ стандарты мен технологиясы автоматты түрде хабарламаларды өңдеу үшін арнайы қолданбалы бағдарламаларды жасайды. Соған сәйкес хабарламаны қолмен өңдеу шығыны азайып, өнімділік арта түседі.
Ал кемшілігі мынада:
қымбаттығы, ұсақ банктер үшін кіру жарнасының қымбат болуы;
құжат айналысы кезінде төлем несиесін пайдалану мүмкіндігінің азаюы немесе жоқтығы, яғни шоттың дебеттелуі мен кредиттелуінің арасындағы мерзімнің қысқалығы.
СВИФТ жүйесінде 130 хабарлама (Messege Transaction - МТ) түрінен тұратын 11 санат қолданылады.
Жүйелік хабарламалар, яғни арнайы есеп беру арқылы сұрау және алу, мәліметтер базасында хабарламаларды іздестіру, оқу және жаттығу мақсатында пайдаланылады.
Жүйелік хабарламаның үш түрі болады:
LOG-IN/OUT – жүйеге кіру/ шығуға арналған жүйелік хабарлама;
RETRIEVAL – бұл сұраныс бойынша сақталған хабарламаның көшірмесін жіберу;
REPORTS – әр түрлі шоттар/есептер туралы ақпарат алуға мүмкіндік беретін хабарлама.
Банктік хабарламалар жедел және жәй болып бөлінеді. Жедел хабарламалар үшін арнайы тарифтер болады.
Қалған типтер 1-9 санттарға және n санатына жатады. Оларға үш мәнді сандық код беріледі. Бірінші үші сан операциялар кодына сәйкес келеді.
n санаты – жалпы топтың хабарламасы. Жалпы топтың хабарламасы 1-9 санаттың кез келгеннін пайдаланады.
Сонымен СВИФТ жүесінде өңделетін пайдаланылатын хабарламалар санаттары мен түрлеріне тоқталайық.
0-санат. Жүйелік қабарламалар
1-санат. Клиенттік аударымдар мен чектер
2-санат. Қаржылық ұйымдар аударымдары
3-санат. Валюталық операциялар
4- санат. Инкассо және оған қосымша құжаттар
5-санат. Бағалы қағаздар
6-санат. Бағалы металдар мен синдикаттар
7-санат. Құжатты аккредитивтер мен кепіл-хаттар
8-санат. Жол чектері.
9-санат. Аралас хабарламалар.
n –санат. Жалпы топ.
Хабарламалардың барлық түрлері жалпы қағидаттқа сүйене отырып жасалады. Хабарлама тақырыбы екі санды кодпен беріледі. Мысалы, 57 коды банкті, 69 – бенфициарды, 71 - кімнің есебіне қаражат немесе комиссия сомасының есептелетіндігін, 32 төлем сомасын көрсетеді.
СВИФТ-ке бүгінгі таңда әлемнің 155 елінің 4800 банктер мен қаржы ұйымдары мүше, сол елдерде оның барлығы 20 000 терминалы қызмет етеді. СВИФТ жүйесін пайдаланушылардың қатарының күрт өсуі СВИФТ-1 және СВИФТ –2 жүйелеріне бөлінуге әкелді. СВИФТ-2 жүйесін өту 1989 жылдан 1995 жылдар аралығын қамтиды.
СВИФТ – торабы төрт деңгейден тұрады:
1) Пайдаланушы терминалы, яғни пайдаланушының торапқа қосылуына мүмкіндік береді. Қазіргі нарықта СВИФТ жүйесін қосылудың бірнеше терминалдары бар. Бірақ олардың барлығы сертификацияланған болуы тиіс.
Аймақтық процессорлар, олардың қызметі топтық процессорда бастапқы өңдеуді жүзеге асыру болып табылады. Аймақтық процессорлар операциялық орталықтарды адамның қатысуынсыз Unisys A Series фирмаларының компьтерімен көмегімен жұмыс жасайды.
Топтық процессорлар, яғни оларды операциялық орталықтарды орналастырылады және 3 Unisys A Series фирмаларының компьтерімен көмегімен жұмыс жасайды.
Жүйені басқарушы процессорлар, яғни СВИФТ –2 жүйесіне жаңадан енгізілген деңгей. Оларда операциялық орталықтарды орналастырылады және Unisys A Series фирмаларының компьтерімен көмегімен жұмыс жасайды.
СВИФТ-2 ақпараттар 4 ай бойында сақталады.
Халықаралық валюталық төлемдерді жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Ұлттық банк СВИФТ жүйесін пайдаланады. СВИФТ жүйесіне қосылғанға дейін банктердің корреспондетттерімен хабарламалар алмасуы телекс арқылы жүргізілді.
ҚР Ұлттық банкісінде СВИФТ жүй есі 1994 жылы сәуір айында орнатылды. Бұл Қазақстандағы алғашқы аймақтық процессор болып табылған. Кейіннен оған өзге банктеріміз қосылды.
ҚР Ұлттық банкінде СВИФТ ST-400 интерфейсі пайдаланылады.
СВИФТ ST-400 интерфейсінде үш кіру паролы қолданылады. СВИФТ стандартына сәйкес бір терминалда үш адам жұмыс жасайды:
1) СВИФТ операторы (USER).
2) Коммуникациялар бойынша жауапты тұлға (USOF).
Басқарушы (SLS-BKE).
Әрбір маманның өзінің кіру паролы болады. Оператор хабарламаларды енгізу жұмысын атқарады. Коммуникациялар бойынша жауапты адам байланыс жолдарын ашу және жабуды, телекстік хабарламаларды тестілеу және идентификациондық кілтпен алмасуды жүзеге асырады. Басқарушы хабарламалардың қатесіз жөнелтуіне бақылау жасайды.
Мәміленің міндетті элементтеріне мыналар жатады:
мәміленің серіктесі;
аударым номері;
мәміле күні;
айырбас бағамы;
есеп айырысу күні;
валюта және сомасы;
есеп айырысудағы корреспондент банктер.
ҚР Ұлттық банкі көбіне клиенттік аударымдарды жүзеге асырады. ҚР Ұлттық банктің клиенттеріне мемлекеттік және акционерлік ұйымдар, Министрліктер мен әр түрлі кәсіпорындар жатады.
Ұлттық банк клиенттердің аударымдарын өзінің банк корреспонденттері арқылы СВИФТ жүйесінің байланысының көмегімен жасайды.
4.ҚР Ұлтты банктің тәжірибесінде мынадай хабарламалар санаттары жиі пайдаланылады:
клиенттік аударымдар, 100-форматтағы (101,102 және т.б.) хабарламалар;
банкаралық аударымдар, яғни 200-форматтағылар (201,202,203 және т.б. );
қаржылық мәмілелер – 300-форматтағылар (3001, 302, 303 және т.б.);
бағалы қағаздар – 500-форматтағылар;
бағалы металлдар – 600-форматтағылар;
құжатты аккредитивтер мен кепіл-хаттар – 700 форматтағылар.
СВИФТ жүйесі арқылы ҚР Ұлттық банкінің төлем хабарламасын пайдалану тәжірибесіне мысал келтірейік.
СВИФТ формат МТ202
Күні: 8.03.2006ж
Кімге: Федералды резервтік банк, Нью-Йорк,
Кімнен: ҚР Ұлттық банкі, Алматы
МТ 202 қаржы инстиуттарынің жалпы аударымы
:20 : аударым номері - 93457734
:21: сілтеме - BISBB07029SISBBО
:32А: D/B/ валюта/ сома/ - 14.01.2006
USD 10,000,000.00
:53: жіберушінің корреспондеті - /F
:57А: банктегі шоты - Чейз Манхеттен банк
Нью-Йорк
:58А: бенфициар банкі - Дойче банк, ФФ/М
СВИФТ жүйесін отандық банктер тәжірибесінде пайдалану хабарламаларды беру уақытын қысқартып, оны пайдаланушылардың санын арттыра түсуге, қағазсыз халықаралық банктік операцияларды жүзеге асыруға, сондай-ақ операциондық шығыстарды азайтуға толық мүмкіндік жасауда. Сонымен қатар СВИФТ-ті пайдалану төлем құжаттардың жоғалуына жол бермейді және банктің тәуекелін азайтады.