Дәрістер №1 тақырып. «Мемлекеттің төлем жүйесі» түсінігің мәні



бет8/17
Дата07.02.2022
өлшемі89,96 Kb.
#94222
түріСабақ
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17
Байланысты:
Лекция Акша,несие,банк

Тақырып мақсаты – төлем жүйелерінің негізгі формалалырынң жіктелуін қарастыру.

1.Қазіргі ҚР-ғы төлем жүйесі үш ішкі жүйеден тұрады:


1) Банктік хабарламаларды өңдеу жүйесі (БХӨЖ).
2) Банкаралық ақшалай аударымдар жүйесі (БААЖ).
3) Ұсақ төлемдер жүйесі (ҰТЖ).
Ішкі жүйелер бір-бірімен тәуелсіз қызмет етеді және хабарлама механизмдері арқылы байланысты қолдайды.
Жүйенің барлық субъектілері ортақ хабарлама нысаны бойынша өзара ортақ мәліметтермен алмасады.
Банктік хабарламаларды өңдеу жүйесі мынадай қызметтерді атқарады:
1) төлем жүйесінің субъектілерінен хабарламаны қабылдау.
2) хабарламаның толық түсуіне бақылау жасау.
3) келіп түскен хабарламаны өңдеу.
4) хабарламалар ағымын тарату.
Банктік хабарламаларды өңдеу жүйесі хабарламлармен алмасу жүйесінің ортасында бола отырып, хабарламаны жіберушілерден барлық хабарламаларды қабылдап, оларды қателері болмаған жағдайда жүйеге қатысушыларға өзгеріссіз күйінде жібереді.
Хабарламаны алмасу «жұлдыз» белгісіне ұқсас жасалады (2-сурет):

Қазынашылық



Орталық клирингтік палата

ҚР Ұлттық банкі







Банкаралық ақшалай аударымдар жүйесі

Орталық Депозитарий

БХӨЖ








Қазақстан қор биржасы

Екінші деңгейдегі банктер

2-сурет.
Қазақстан Республикасы аумағында нақтылы уақыт режимінде жұмыс Банкаралық ақшалай аударымдар жүйесі (БААЖ) Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы (ҚБЕО) негізінде 1996 жылдың тамызынан бастап жұмыс істеп келеді. Бұл жүйе бұрын Ірі төлемдер жүйесі деп аталған болатын (ІТЖ).


ІТЖ жетілдіру және оны дамыған шет елдердің жұмыс істеп тұрған жалпы негіздегі есеп айырысу жүйелеріне жақындату мақсатында Ұлттық Банк тарапынан жұмыстар жүргізілді.
2.2000 жылдың соңында ІТЖ жүйе қатысушыларының есеп шотындағы ақша қаражаттары шегінде нақтылы уақыт режимінде есеп айырысуларды жүргізетін (RTGS – нақтылы уақыт режиміндегі есеп айырысулар) және халықаралық қаржы ұйымдарының жалпы негіздегі төлемдер жүйесіне қойылатын барлық негізгі талаптарға жауап беретін Банкаралық ақшалай аударымдар жүйесі болып кайта құрылды.
Кез-келген ел үшін RTGS жүйесін құру қаржы саласында ең жоғары басымдыққа ие. Мұндай жүйенің болуы мемлекеттің банк жүйесінің тұрақты жұмыс істеуін сипаттайды.
Банкаралық ақшалай аударымдар жүйесінің мақсаты осы жүйе пайдаланушыларының Ұлттық Банктегі шотындағы ақша қаражаттарын қолдана отырып, осы қаражаттардың шегінде операциялық күн ішінде ұлттық валютада қайтарымсыз және түпкілікті есеп айырысуларды қамтамасыз етуден тұрады. Банкаралық ақшалай аударымдар жүйесінде ірі және үлкен басымдыққа ие төлемдер жасалады.
Соымен қатар, Банкаралық ақшалай аударымдар жүйесін енгізу бұл төлем жүйесіндегі мониторинг механизмін және банктердің өтімділігін басқаруды жетілдіру кезеңін сипаттайды.
Банкаралық ақшалай аударымдар жүйесі – нақты уақыт режиміндегі жұмыс жасайтын қолма-қолсыз ақшалардың электрондық аударым жүйесі болып табылады.
Банкаралық ақшалай аударымдар жүйесін пайдаланушыларға мыналар жатады:

  • ҚР Ұлттық банкі.

  • ҚР Ұлттық банкісінің монетарлық операциялар департаменті.

  • ҚР Қаржы министрлігінің қазынашылығы.

  • Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы.

  • Екінші деңгейдегі банктер.

  • Облыстық клирингтік палаталар.

  • Қор биржасы.

  • Орталық депозитарий.

  • Бағалы қағаздар нарығының қатысушылары.

Банкаралық ақшалай аударымдар жүйесінің пайдаланушысына ҚБЕО-мен осы жүйеде қызмет көрсету туралы келісімшарт жасасқан банк немесе банктік емес қаржы ұйымы жатады. Жүйенің әрбір қатысушысының Ұлттық Банкте корреспонденттік шоты болуы тиіс.
Соңғы жылдары Банкаралық ақшалай аударымдар жүйесіне қатысушыларының саны артып отыр, соның ішінде: 34 екінші деңгейлі банктер; Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Казнашылық департаменті және оның 16 аумақтық басқармалары; 15 банк қызметінің жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар; ҚРҰБ және Мемлекеттік зейнетақы жинақтау қорының Банк-Кастодианы (ҚРҰБ монетарлық операциялар департаменті) бар.
Банкаралық ақшалай аударымдар жүйесінің жұмыс істеу ерекшелігі онда мәліметтерді беру және қабылдау тек қана электронды тәсілмен жүзеге асады. Банкаралық ақшалай аударымдар жүйесінде электронды мәліметтерді беруді куәландыруға және оларды беру кезінде тәуекелдерді табуға бағытталған ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету процедуралары сақталады. ҚБЕО-ғы мен пайдаланушылар, жіберілген және қабылданған электронды мәліметтердің есебін қамтамасыз етіп, оның бақылауын жүргізеді. Банкаралық ақшалай аударымдар жүйесінде өңделетін барлық электронды мәліметтер аудиторлық із қалдырады.
Жоғарыда аталып өткендей, Банкаралық ақшалай аударымдар жүйесінде төлемдер пайдаланушылар шотындағы ақша қаражаттары шегінде нақтылы уақытта жүзеге асырылады. Пайдаланушы позициясында төлем құжатында көрсетілген сомаға сәйкес төлем жасауға қажетті ақшаның болмауы немесе жеткіліксіздігі жағдайында ҚБЕО-да төлем тапсырымдары кезекке тұрады. Кезекте тұрған құжаттар басымдылық кодтарына сәйкес өңделеді. Басымдылық кодтары шеңберінде кезекте тұрған төлем тапсырмаларының орындалуы FIFO – «бірінші келген, бірінші шығысқа ие болу» қағидасы бойынша, олардың кезекке келіп түсу тәртібімен жүзеге асады. Пайдаланушылар төлем тапсырымдарының орындалу кезектілігін белгілеуге және өзгертуге құқылы. Пайдаланушылардың кезекке орналастырылған төлем құжаттарын қайтарып алуға мүмкіндіктері бар.
Банкаралық ақшалай аударымдар жүйесінің құрылымы Ү ұқсас болып келеді (3-сурет)

А банкі

В банкі





Банкаралық ақшалай аударымдар жүйесі





ҚР Ұлттық банк

3-сурет.
Банкаралық ақшалай аударымдар жүйесінің (БААЖ) қызметі төмендегідей түрде жүзеге асады:


1) Тапсырма берушінің банк - А банкі ақшалай аударымдар туралы төлем тапсырмасын банкаралық ақшалай аударымдар жүйесіне береді.
2) Ақшалай аударымды жасаған жағдайда БААЖ тапсырма беруші банктің, яғни А банкінің шотын дебеттегені туралы және Бенефицар банктің, яғни В банкісінің шотын кредиттегені туралы немесе ақшалай аударымдарды жасағаны туралы хабарлайды.

  1. БААЖ төлемді аударғандығын куәландыратын төлем тапсырмасын Бенефицар банкке береді.

  2. Тапсырма беруші банк хабарламаны алғаннан кейін, төлеушінің шотынан ақшаны шегереді де, оны Бенефицар банктің шотына есепке алады.

  3. Ақырғы есеп айырысу БААЖ барлық пайдаланушыларының жұмыстары бойынша ҚР Ұлттық банкінде жасалады.

БААЖ-гі хабарламалармен алмасу ҚР Ұлттық банкісінің нормативтік құқықтық актілерімен бектілген ақпараттар алмасу форматы бойынша жүзеге асады.
БААЖ-нің өнімділігі орта есеппен 1 секундта 5-7 өңделген қаржылай транзакцияны құрайды. БААЖ арқылы Қазақстан төлем жүйесіндегі ақшалай аударымдар мен төлемдердің 95%-ы жасалады.
Ақшалай аударымдар ҚБЕО жасайтын және оның бекіткен SWIFT жүйесінің хабарламаларын пайдалану арқылы электрондық тәсілмен жүзеге асады.
БААЖ-ны пайдаланушылардың Ұлттық банкте корреспонденттік шоты болады. БААЖ демалыс және мейрам күндерінен басқа күндері жұмыс жасайды.
Пайдаланушылар үшін ең маңызды фактор бұл төлемдердің құны. БААЖ-де төлемдердің құны жоғары болғанымен есеп айырысуға кепілдік беріледі және ең бастысы шарт мұнда ақшаның болуы.
БААЖ-ның қызмет ақыларын ҚР Ұлттық банкі белгілейді (1-кесте).

1-кесте.


БААЖ-ның қызмет ақылары

Төлемдерді өткізу уақыты

Теңгедегі құны

16-00 –ден 8 –00-ге дейін

9

9-00-ден 13-00-ге дейін

11

13-00-ден 16-00-ге дейін

22

Клирингке құжаттарды тәулік бойы қабылданып, ақтық есеп айрысу15-00-ден 16-00 аралығында жасалады.


15-00-де Клирингтің операциялық күні аяқталады және төлем құжатттарын қабылдау тоқтатылады, тек қана ағымдағы төлем күнмен бір біріне қарама-қарсы жасалатын талаптар жасалып, әр пайдаланушының таза ұстанымы анықталады.
2005 жылы БААА арқылы өткен төлемдер саны 28,1% 7,9 млн. транзакцияға дейін, төлемдер сомасы – 72,7% 50,3 трлн. теңгеге дейін өсті.
2005 жылы БААЖ арқылы негізінен Қазақстан резиденттерінің бағалы қағаздарымен (БААЖ-дағы төлемдердің жалпы көлемінен 37,8%), банктердің және олардың клиенттерінің банкаралық депозиттерімен және меншікті қаражатының аударымдарымен (23,1%) операциялары және шетел валютасымен және қымбат металдармен операциялар (11,4%) бойынша төлемдер өткізілді.
Осыған байланысты БААЖ-дағы төлемдер көлемінің байқалған көбеюі негізінен Қазақстан резиденттерінің бағалы қағаздарымен (86,0%), банктердің және олардың клиенттерінің банкаралық депозиттерімен және меншікті қаражатының аударымдарымен (2,2 есе) операциялары, сондай-ақ шетел валютасымен және қымбат металдармен (83,5%) операциялар бойынша төлемдер көлемінің өсуіне себепші болды. Осы төлемдер көлемінің көбею сомасы БААЖ-дағы төлемдер көлемінің жалпы өсімінен 84,9% болды. Сондай-ақ төлемдер көлемінің жүйесінде тауарлар және материалдық емес активтердің - 33,1%, көрсетілген қызметтің - 19,5% және бюджетке төлемдер және бюджеттен төлемдер - 48,0% өскенін атап өткен жөн.
Елдің жүйелік-мәнді төлем жүйесі бола отырып, БААЖ іс жүзінде елдегі қолма-қол жасалмайтын төлемдер көлемінің негізгі ағынын - талданатын кезеңдегі қолма-қол жасалмайтын төлемдердің жалпы көлемінен 97,2% өңдеді, бұл сан бойынша қолма-қол жасалмайтын төлемдердің жалпы санының 34,2% болды. Осы арақатынас БААЖ-нің елдегі неғұрлым ірі және басым төлемдерді ғана өткізетін фактіні растайды.
Бұл ретте жүйенің талданатын кезеңдегі жұмысының тиімділігін оң деп бағалауға болады, себебі жүйедегі ақша ағынының елеулі өсімі (72,7%) жүйедегі орындалмаған төлем құжаттары көлемінің қысқаруымен (88,6%) қатар жүрді.
Ұсақ төлем жүйесі бұл төлем жүйесіне қатысушылардың арасындағы белгілі мөлшерден аспайтын ақшалай аударымдар мен төлемдердің жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді.
Ұсақ төлемдер жүйесі Қазақстанның барлық аумақтарында жұмыс жасайды. Оны пайдаланушыларға мыналар жатады:

  • ҚР Ұлттық банкі.

  • ҚР Қаржы министрлігінің қазынашылығы.

  • Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы.

  • Екінші деңгейдегі банктер.

  • Облыстық клирингтік палаталар.

  • «Қазпошта» РМК

Ұсақ төлемдер жүйесінің басты ерекшеліктері мынадай:

  • пайдаланушылар қатарында Қазақстаннның барлық банктерімен қатар, жекелеген банктік операцияларды жүзеге асыратын банктік емес қаржы мекемелері (Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы, Қазынашылық, банктердің филиалдары) бар;

  • тек қана электрондық төлем құжаттарын қабылдайды.

  • бір төлемнің сомасы 3 000 000 теңгеден аспауына шек қойылады;

  • пайдаланушыларға алдағы күндермен (Т+3) валюталау күнін қоя отырып, төлемдерді жіберуге мүмкіндік беріледі, яғни сол күнге дейін олар сақталады да күні жеткенде өңдеуге қабылданады;

  • пайдаланушылардың төлем жүйесіне кіруде бірнеше терминалдарды пайдалану мүмкіндіктерінің болуы, бірақ та оларды біреуі ғана негізгі болып саналады;

  • БААЖ-не қарағанда көрсетілетін қызметтердің бағасының төмен болуы.

Екінші деңгейдегі банктердің филиалдары төлем құжаттарын бұл жүйеге бас банктері арқылы немесе өздері тікелей бере алады. Ұсақ төлемдер жүйесі есеп айырысу жасалғаннан кейін құжаттардың өткендігі туралы ақпараттарды бас банкі арқылы филиалдарға жеткізіп отырады. Бұл жүйемен байланыс немесе оған қатысу міндетті түрде БААЖ-гі шотының болуына байланысты қалыптасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет