Дәрістер №1 тақырып. «Мемлекеттің төлем жүйесі» түсінігің мәні



бет4/17
Дата07.02.2022
өлшемі89,96 Kb.
#94222
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
Лекция Акша,несие,банк

Тақырып мақсаты – Қазақстан Республикасында төлем жүйесінің құрылуы мен дамуын қарастыру.
1.1990 жылға дейінгі Қазақстандағы ұйымдастырылған төлем жүйесі бір орталықтан экономиканы басқару жүйесіне негізделді. 1991 жылдан бастап, ҚР өзінің тәуелсіздігін алып, басқа елдермен экономикалық байланыстар орнату барысында төлем жүйесін ұйымдастыру технологиясы түбегейлі өзгерістерге ұшырады.
Жалпы ҚР-ғы төлем жүйесінің қалыптасуы 1994 жылдан басталады. Бірінші кезеңде төлем жүйесін ұйымдастырудың құқықтық базасын жасау жүзеге асты. 1994 жылы қарашада ҚР-ғы банктік клиринг туралы ҚР Ұлттық банкінің уақытша ережесіне сәйкес Қазақстан клирингтік палатасы құрылыды.
2.Клирингтік палатаның негізгі қызметіне мыналар жатты:

  • клирингке қатысушы банктердің өкілдері арасында үздіксіз чектердің айырбасын қамтамасыз ету;

  • өзара талаптарды ескеру арқылы қатысушы банктердің таза (нетто) ұстанымын анықтау;

  • банк мекемелерінің корреспонденттік шоттары бойынша ақырғы таза ұстанымды көрсету мақсатында клирингтің нәтижелері туралы ҚР Ұлттық банке ақпараттар беру.

Осы кезеңде Қазақстан аумағында вексель, чек және төлем карточкаларын пайдалану тәртібін реттеуге арналған нормативтік актілер жасалып бекітілді.1995 жылы Ұлттық банкі базасында Алматы клирингтік палатасы құрылып, ол көпжақты өзара есепке алу әдісі бойынша жұмыс жасады. Ақырғы есеп айырысулар операциялық күн соңына қарай әрбір қатысушының таза ұстанымына байланысты 1 рет жасалды.
Таза ұстаным - клирингтің бір қатысушысына қатысты клирингтің барлық қатысушыларының ақшалай міндеттемелері бойынша төлем құжаттарының сомасы мен аталған қатысушының басқа қатысушыларға қатысты ақшалай міндеттемелері сомасындағы айырманы білдіреді.Егер айырма мәні теріс болсы, онда клирингке қатысушылардың дебеттік таза ұстанымы, ал оң болса онда кредиттік таза ұстанымы анықталады.
Клирингке қатысушылар ретінде клиринг ұйымымен өзра келісімшарт жасасқан кәсіпкерлікпен айналысатын кез келген заңды және жеке тұлға бола алады.
Ірі төлемдер жүйесінің басты кемшілігіне төлем жүйелерінің қатысушы-банктер арасында ақшалай аударымдар мен төлемдердің қағаз жүзінде жүзеге асуы жатады. Бұл негізінен электронды тәсілмен іске асатын электронды төлем тапсырмаларының болмауын тікелей байланысты.
Сөйтіп, ҚР -ғы төлем жүйесін дамыту және жетілдіру мақсатында ҚР Ұлттық банкінің облыстық филаиалдарында аймақтық клирингтік палаталар құрылды және олар аймақ ішіндегі төлемдерді банкаралық клиринг арқылы жүзеге асырды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет