Отбасы кинетикалық суретінің симптомокомплексы
Симптомокомплекс
|
Симптом
|
Бал
|
1. Қолайлы отбасылық жағдай
|
1. Отбасы мүшелерінің жалпы іс-әрекеттері
2. Суретте балалардың көптігі
3. Отбасы мүшелерінің барлығының бейнеленуі
4. Бөлектенген отбасы мүшесінің болмауы
5. Штрихтардың болмауы
6. Сызықтың жақсы сапасы
7. Дұшпандылық көрсеткіштерінің болмауы
8. Парақта адамдардың теңбе-тең қойылуы
9. Басқа да мүмкін болатын белгілер
|
0,2
0,1
0,2
0,2
0,1
0,1
0,2
0,1
-
|
2. Үрей
|
1. Штрихтау
2. Негізгі сызық – еден
3. Сурет үстінде сызық болуы
4.Сызықтың қатты сызылуы
5. Өшірілуі
6. Бөлшектерге назардың көп бөлінуі
7. Заттардың көп болуы
8. Екулік және үзілмелі сызықтар
9. Бөлек заттардың астын сызуы
10. Басқа да мүмкін болатын белгілер
|
0,1; 2,3
0,1
0,1
0,1
0,1; 2
0,1
0,1
0,1
0,1
0,1
|
3. Жанжалдық
|
1. Тұлғалар арасындағы тосқауыл
2. Жеке тұлғаларды өшіру
3. Кейбір денелерде негізгі мүшелерінің болмауы
4. Жеке тұлғаларды бөлу
5. Жеке тұлғаларды оқшалау
6. Жеке тұлғалардың қолайсыз үлкендігі
7.Суреттік вербалды сейкессіз бейнесі
8. Заттардың көптігі
9. Отбасы мүшелерінің кейбіреулерінің жоқтығы
10. Арқасымен тұрған отбасы мүшесі
11. Басқа да мүмкін болатын белгілер
|
0,2
0,1; 2
0,2
0,2
0,2
0,2
0,1
0,1
0,2
0,1
-
|
4. Өзін толықтырылмаған сезіну
|
1. Сурет авторы басқаларға қарағанда өте кішкентай
2. Денелердің парақтың төменгі жағында орналасуы
3. Сызық әлсіз, үзілмелі
4. Өзін басқалардан бөлек салу
5. Тұлғалардың кіші болғаны
6. Басқа тұлғаларға қарағанда өзін әрекетсіз етіп салу
7. Өзінің жоқтығы
8. Өзі артқа қарап отырғанын салу
9. Басқа да мүмкін болатын белгілер
|
0,2
0,2
0,1
0,1
0,1
0,1
0,2
0,1
-
|
5. Отбасылық жағдайда дұшпандылығы
|
1. Бір тұлға басқа парақта немесе парақтың екінші жағында
2. Тұлғаның басқыншылық қалыпы
3. Сызылып тасталынған тұлға
4. Түрі өзгерген тұлға
5. Теріс профилі
6. Қолдары екі жақта орналасқан
7. Саусақтары ұзын, сызылған
8. Басқа да мүмкін болатын белгілер
|
0,2
0,1
0,2
0,2
0,1
0,1
0,1
-
|
Зерттелушіге нұсқау: «Отбасыңның суретін сал, отбасыңның әрбір мүшесі бір нәрсемен айналысқан болсын». Қалған нақты сұрақтарға ешқандай нұсқауларсыз жауап берген жөн. Мысалы: «Салуыңа болады, өзіңе қалай ұнаса, қалай салғың келсе».
Сурет салу кезінде баланың айтқан әр бір сөзін жазып отыру керек, оның мимикасын, қолдарының қимылын және сурет салу ретін жазып отыру керек.
Сурет салынып біткеннен кейін, баламен келесі жүйе бойынша әңгімелесу өажет:
Суретте кім салынған және отбасының әр мүшесі не істеп тұр
Отбасы мүшелері қай жерде оқиды немесе жұмыс істейді
Үйде тұрмыстық міндеттер қалай таратылады
Баланың отбасының әр мүшесімен қарым-қатынасы қандай
ЖКС интерпретациясы кезінде келесі көріністерге назар аударылуы керек:
отбасы суретінің құрылымын талдау;
отбасы мүшелерін жеке сурет ерекшелігін талдау;
сурет салу процесін талдау.
Отбасы суретінің интерпретациясының әрбір көрінісін толық талдайық.
Бала отбасы мүшелерін толығымен салмайды. Ол жанжалдық қатынаста болған отбасы мүшелерінің суретін салмайды. Отбасы мүшелерінің орналасуы олардың өзара қарым қатынасын көрсетеді. Кейбір кездері отбасы мүшелерінің арасына оларға кедергі болатын бір заттар суреті салынады. Отбасы мүшелерінің бірігіп қызмет істеуі олардың жағымды қарым-қатынаста екендігін көрсетеді. Кейде бірнеше отбасы мүшесі бірігіп қызмет істейтіні бейнеленеді. Бұл отбасында ішкі топтасу бар екендігін көрсетеді.
Отбасының суретін салған кезде, кейбір балалар өзін парақтың астыңғы жағында бейнелейдң. Бұл балада бір жетіспеушіліктің барын көрсетеді.
Кейбір суреттерде адамдар емесе заттар, көп жағдайда жиһаз суреттері басым болады. Бұлда баланың отбасы жағдайымен мазасыз екендігін көрсетеді.
Бала суретте ең алдымен өзі жақсы көретін отбасы мүшесін бейнелейді. Егерде бала біреуді ұнатпайтын болса, оны суретте толықтырмай, кейде негізгі дене мүшелерін салмай бейнелейді.
Егер бала қатынасы жанжал немесе үрейлі болатын болса, ол суретте қарым-қатынасы дамымаған отбасы мүшесін штрихтап салады. Ұқсас жағдайларда өшіру және қайта салуды аңғаруға болады.
Сурет салудың бірнеше түрін байқауға болады, ол жасы кіші балаларда ерекше байқалады, бір стильде әкесі мен ағасы, екінші стильде анасы мен әпкесі бейнеленеді. Әсіресе шаш пен киім бейнеленуі ерекшеленеді. Баланың өзінің бецйнесін салу, өзін кімге теңейтіні көрінеді және ол баланың жынысына теңбе-тең.
Сурет салу процесін талдау баланың отбасылық қарым-қатынасы жөнінде ақпарат беріп қана қоймай, оның жұмыс стилін де көрсетеді. Мектеп оқушылары мен жеткіншектер сурет сала алмайтындығын айтса, оны түсінуге болады. Психолог балаға түсіндіруі тиіс, бұл тапсырмада суретті әдемі салу мақсат емес, отбасы мүшелерінің қызметін ойлап табу мақсат.
Көптеген сылтаулар, қолмен салған суретін жабу, бұл баланың өзіне өзі сенбеуін, ересек адамнан көмек қажеттілігін көрсетеді.
Бала өзі жақсы көретін отбасы мүшесін бірінші салады. Бір тұлғаны салар алдында біраз үзіліс те болады. Кейбір жағдайларда бұл баланың ол отбасы мүшесіне негативті қатынасын білдіруі мүмкін. Түсінік берген кезде баланың отбасы мүшелеріне деген қарым-қатынасы айтылуы мүмкін, бірақ тестті орындау кезде психолог баламен әңгімелеспеуі жөн.
ЖКС үшін сандық мағалар жүйесі құрастырылған. 5 симптомдар айқындалады:
1) қолайлы отбасылық жағдай; 2) үрейлік; 3) жанжалдық; 4) өзін толықтырылмағанын сезіну; 5) отбасы жағдайындағы дұшпандық.
Балдар сомасы қаншалықты көп болса, соншалықты белгінің айқын болғаны. Белгінің айқындалуы 0 ден 3 ке дейін мағаланады. Алынған нәтижелер психолог үшін психокоррекциондық жұмысқа және бала мен отбасын ары қарай диагностикалауға негіз болады.
Достарыңызбен бөлісу: |