Бақылау сұрақтары:
Байланыс қызметтерінің өзіндік құн көрсеткішінің экономикалық мәні неде?
Калькуляция деген не?
Өзіндік құн қызметіне қандай факторлар әсер етеді?
Қызметтердің (жұмыстардың, өнімнің) өзіндік құн құрылымының талдауы не үшін жасалады?
Байланыс қызметінің өзіндік құн талдауын өткізу үшін қандай талдау әдістері қолданылады?
Байланыс өзіндік құн қызметін түсіру үшін қандай резерв қолдануға болады?
Лекция №7 Байланыс өндірістеріндегі қаржы жай-күйін талдау және саралау
Лекцияның мазмұны:
Кәсіпорынның қаржылық күйін талдау реті, және құрамы. Кәсіпорынның қаржылық жағдайының сипаттамасы.
Кәсіпорынның қарамағындағы ақша қорын талдау, олардың құрамы, орналастыру және пайдалану тиімділігі.
Қаржылық ретінің өзгеруі мен талдаудың тізбегі мен мазмұны. Кәсіпорынның қаржылық жоспарының сипаттамасы.
Байланыс мекемелерінің өндірістік-шаруашылық қызметінде синтетикалық көрсеткіштерді талдаудағы рентабелділік пен пайданың өзгерісі мен талдауының орны. Рентабельділік пен таза кірісті талдаудың негізгі сатылары мен мазмұны, мәселелері.
Кәсіпорын қарамағындағы ақша құралдарын талдау, олардың құрамы, қолданудың әсерлігі мен орналастыру.
Кәсіпорынды айналымдық және теңестірілген құралдармен қамтамасыз етуді талдау: нормативпен салыстырғандағы жетіспеулігі мен олардың барлығын анықтау, артықтарын шығарып, құралдардың жетіспеушілігі, оларды жоюдың жолдары. Банктің азуақыттық салымдарын қолдану мен нормаланған айналым құралдарының жағдайын бағалау. Айналым құралдарын қолдануды жақсарту жолдары. Кәсіпорынның өндірістік ресурстарын қолдану бөлігінің мәселелері.
Айналым құралдарының айналамдылығын талдау. Айналым көрсеткіштерінің түсінігі, айналым ұзақтығы, айналым құралдарының ресурстық сыйымдылығы. Айналым құралдарындағы қажеттілікке факторлардық айналуының әсерін бағалау. Айналымнан құралдарды босатуды талдау. Айналым құралдарының абсолюті және қатысты босатылуын есептеу. Айналым құралдарының жетіспеушілігінің әсер етуі.
Кәсіпорынның төлеу қабілеттілігін талдау. Жылдам және жай төлемдерді жабу. Байланыс кәсіпорындарының қаржылық коэффициенттерін зерттеу мен талдау.
Декцияныңың мақсаты кәсіпорындағы қаржылық талдау жасау жөнінде теориялық материалдарымен таныстыру, кәсіпорынның қаржылық жағдайын анықтауға мүмкіндік беретін қаржылық коэффициенттерді шығару әдістерін үйрету.
Мәселелер:
1 Кәсіпорынның мүліктік жағдайына баға;
2 Кәсіпорынның өтімділігі және төлемқабілеттілігіне баға;
3 Кәсіпорынның іскерлік активтілігіне баға.
Шығару:
Кәсіпорынның пайдалылығының абсолюттік көрсеткіштері;
Кәсіпорынның пайдалылығының салыстырмалы көрсеткіштері;
Кәсіпорынның қаржылық жағдайы туралы талдаулық жазбаша хат құрастыру және оны жақсартудың жолдарын қарастыру.
Мүліктік жағдайға баға.
Баланс валютасындағы кәсіпорын басқаруындағы негізгі құралдар үлесі негізгі құралдардың баланстық құнының баланс валютасына қатынасымен анықталады.
Негізгі қорлардың жаңару коэффициенті есептік периодта түскен негізгі құралдардың бастапқы құнының (тозу есептемегендегі құн) есептік периодтың соңындағы кәсіпорынның барлық негізгі қорларының бастапқы құнына қатынасымен анықталады. НӨҚ туралы төртінші лекцияда жақынырақ танысуға болады.
Негізгі қорлардың шығу коэффициенті есептік периодта шыққан негізгі қорлардың бастапқы құнының есептік периодтың басында орныққан негізгі қорлардың бастапқы құнына қатынасымен анықталады.
Негізгі қорлардың жарамдылық коэффициенті кәсіпорынның негізгі қорларының баланстық құнының олардың бастапқы құнына қатынасы. Негізгі қорлардың тозу коэффициенті кәсіпорынның барлық негізгі қорларының тозу сомасының бастапқы сомаға қатынасы.
Негізгі қорлардың активті бөлігінің үлесі машина, құрылғы және транспорттық құралдардың бастапқы құнының кәсіпорынның барлық негізгі қорларының бастапқы құнына қатынасы.
Өтімділік және төлемқабілеттілікке баға
Айналым құралдарының өзіндік көлемі өзіндік капитал және тез уақыттағы өтем сомасы, одан алынған негізгі қорлардың баланстық құны, капиталдық қаржы бөлу, тез уақыттағы инвестициялар және ағымдағы өтем.
Жабын коэффициенті (жалпы) кәсіпорындағы ағымдағы активтер сомасының ағымдағы міндеттемеге қатынасымен анықталады.
Тез өтімділік коэффициенті кәсіпорындағы қаржы құралдары, дебиторлық қарыз және басқа активтер сомасының ағымдағы міндеттемеге қатынасымен анықталады. Абсолюттік өтімділік коэффициенті кәсіпорынның қаржы құралдары сомасының оның ағымдағы міндеттемесіне қатынасымен анықталады.
Іскерлік активтілігіне баға
Активтердің айналымы іске асқан активтердің құнының кәсіпорын активтерінің жалпы құнына қатынасымен анықталады.
Дебиторлық қарыздың айналымы іске асқан активтер құнының дебиторлық қарыздың жалпы сомасына қатынасымен анықталады.
Материалды өндірістік қорлардың айналымы іске асқан өнім құнының материалды өндірістік қорларға қатынасымен анықталады.
Бұл топқа келесідей көрсеткіштер жатады: іске асырудан түсім, баланстық табыс, еңбек өнімділігі,есе қайтару қоры,т.б.
Кәсіпорынның пайдалылығының абсолюттік көрсеткіштері
Пайдалылықты талдауда бірнеше әдістер қолданылуы мүмкін,бірақ жиі олар пайданың кез келген түрі ретінде қарастырылады.
Көрсеткіштер (алымы):
Кәсіпорынның негізгі іс әрекетінен түскен пайда немесе табыс;
Қаржылық іс әрекеттен түскен табыс немесе шығын;
Инвестициялық іс әрекеттен түскен пайда;
Таза табыс.
Нақтылық ағыны. Кәсіпорын игілігіндегі уақытша болса да құралдар сомасы=таза табыс+саналған амортизациялық бөлектеу+резервтік қор.
Абсолюттік көрсеткіштердің бөлімі:
НДС есептемегенде өнім реализациясынан түсім, акцизсіз;
Өзіндік капитал=уставтік капитал+резервтік капитал сомасы+резервтік қорлар сомасы+өткен жылдардағы үлестірілмеген табыс сомасы+әлеуметтік сферадағы құралдар сомасы+мақсаттық қаржыландыру сомасы+бюджеттен түскен сома+бюджеттік емес салааралық қорлардың сомасы.
Таза активтер бұл кәсіпорынға инвестирленген сома=өзіндік көз құралдар сомасы+тезуақыттығы өтем сомасы.
Пайдалылық көрсеткіштері:
Өзқаржыландыру нормасы=баланстық табыс/реализациялаған өнім көлемі *100
Кәсіпкерлік пайданың нормасы=таза табыс/реализациядан түскен өнім*100
Реализацияланған өнім рентабельдігі =реализациядан түскен табыс/реализациядан түскен өнім*100.
Капитал рентабельділігінің көрсеткіштері:
Өзіндік капитал рентабельдігі=таза табыс/өзіндік капитал
Жалпы рентабельдік=баланстық табыс/өзіндік капитал*100
Активтердің рентабельдік көрсеткіштері:
Таза рентабельдік=таза табыс/ таза активтер*100
біріккен капитал рентабельдігі=нетто нәтиже/таза активтер*100
Нақтылық рентабельдігі=нақтылық ағыны/таза активтер*100
Бақылау сұрақтары:
Қандай көрсеткіштер кәсіпорынның іскерлік активтілігін сипаттайды?
Қандай көрсеткіштер кәсіпорынның мүліктік жағдайын сипаттайды?
Қандай көрсеткіштер кәсіпорынның төлемқабілеттілігін сипаттайды?
Қандай көрсеткіш өзіндік капитал пайдалылығына баға береді?
Қандай көрсеткіш кілттік инвестициялық көрсеткіш болып табылады?
Капитал пайдалылығының көрсеткіштерін атаңыз.
Қандай көрсеткіштер кәсіпорынның қаржылық тұрақтығын көрсетеді?
Лекция №8 Өндірістік-шаруашылық байланыс қызметтерінің соңғы нәтижелерін қорытындылауды талдау және саралау
Лекцияның мазмұны:
Таза табыс және тиімділікті талдау. Таза табыс және тиімділікті талдауының негізгі сатылары, есептері, мазмұны. Жалпы бағалаудың негізі.
Жұмыс сапасын жақсарту мен жоспардың орындалуын жалпы бағалау.
Эксплуатациялық кәсіпорындар үшін жоспар орындалуының негізгі көрсеткіштері.
Өнім сапасын бағалаудың баллдық әдісі мен санкция жүйесі. Байланыс мекемесінің өндірістік-шаруашылық қызметінің нәтижелерін жалпы сипаттау.
Өндірістік-шаруашылық байланыс қызметтерінің соңғы нәтижелеріне табыс немесе кіріс, кейде пайда деп атайды, еңбек өнімділігі, қор сіңімділіктері, рентабельділік және т.б. көрсеткіштер жатады. Пайда және рентабельділік - әр өндірістің көңіл аударарлық маңызды тиімділік көрсеткіштерінің бірі болып табылады. Пайда байланыс мекемелерінің өзара жеке мекеме пайдасы және оның пайдалану шығындарына қарай әртүрлі анықталады. Қызмет етуден түскен пайда келесі формуламен есептеледі: қызмет етуден түскен табыс пен шығыстың айырмасы:
П = Досн - Эр
Барлық пайда сомасы немесе, баланстық пайда:
Пбаланс = ПреалП(У)прочП(У)внереал
мұндағы Преал - қызмет етуден түскен пайда;
П(У)проч – мекеме балансындағы қосымша, жанама шаруашылық арқылы түсетін пайда, немесе басқа да құнды затты өткізуден келген пайда немесе ұтылыстар;
П(У)внереал - қызмет етуден басқа істер арқылы келген пайда немесе ұтылыстар.
Баланстық пайдаға 30% шамасында салық салынады, одан қалған пайда мекеменің пайдасы болып табылады да, оны таза пайда деп атауға болады. Мекеменің пайдасы өзінің игілігіне жұмсалады: қор қаражаттары, резервтік қаражаттар, пайдалану қаражаттары болып бөлінуі мүмкін. Мекеменің рентабельділік сипаты өндірістің тиімділігін көрсетеді:
Р = П/Эр
Активтер бойынша рентабельділік:
Достарыңызбен бөлісу: |