Байланысты: ЛЕК Әлеуметтік педагогтың педагогикалық-психологиялық жұмысын ұйымдастыру дарис
Әлеуметтенудің құралдарына адам өмір сүруінің төмендегідей іс-әрекеттері жатады: сәбиді тамақтандыру және күту тәсілдері; қалыптасқан тұрмыстық және гигиеналық біліктіліктері; адамды қоршаған материалдық мәдениет өнімдері; рухани мәдениет элементтері (бесік жырынан бастап, түрлі монументалдық скульптураларға дейін); қарым-қатынас стилі мен мазмұны; отбасында, құрдастар арасында, түрлі тәрбие орынадарында қолданылатын мақтау және жазалау әдістері; спорт; ойында, танымдық процесте, тәжірибелік және рухани қызметте, сондай-ақ, отбасы мен кәсіби, қоғамдық, діни сфераларда біртіндеп іске асырылатын түрлі қарым-қатынас типтері.
Осындай түрлі әдіс-тәсілдер мен шаралар арқасында адамның және түрлі адамдар топтарының мінез-құлқы, жүріс-тұрысы сол мәдениетте қабылданған үлгі, қалып, құндылықтар негізінде қалыптасып, бір ізге түсіріліп отырады.