Байланысты: ЛЕК Әлеуметтік педагогтың педагогикалық-психологиялық жұмысын ұйымдастыру дарис
Әлеуметтік жұмыс – бұл ерекше мамандандырылған іс-әрекет, топтың және қоғамдардың, отбасының, индивидтің, мемлекеттік және мемлекеттік емес тұрғыдан көмек көрсету және дамыту үшін физикалық, әлеуметтік ортаға өзгерістер енгізетін, өмірдің әлеуметтік және материалдық деңгейін мәдени қамтамасыздандыру және әлеуметтік қызмет ету потенциалының жоғарылау әрекеті.
Елімізде де әлеуметтік жұмыс институттарын дамытуға алғашқы қадамдар жасалынуда. 1995 жылғы Конституцияда Қазақстан әлеуметтік мемлекет деп жарияланған, оның негізінде нарықтық дамуына байланысты әлеуметтік қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағытталған, адамдардың құқықтарын ескере отырып, оларды әлеуметтік жағынан қорғау; әлеуметтік конфликтілердің алдын алу және әлеуметтік ауытқушылықтармен және қылмыспен күресуді жариялаған еді. Соңғы жылдары «Баланың құқықтары жайында», «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс жайында», «Мүгедектерді әлеуметтік қорғау жайында» заңдар қабылданды.
САТР орталығының қатысуымен «Ақыл-ой және физикалық дамуы жағынан артта қалған балаларға әлеуметтік медициналық – педагогикалық коррекциялық көмек көрсету жайында» заңдар мен 20-ға жуық бала құқықтарын қорғауға бағытталған заңды құқықтар өңделген болатын. Ерекше көмекті қажет ететін балаларға тұратын жерлеріне жақындатылған әлеуметтік, коррекциялық-педагогикалық, психологиялық, медициналық көмек көрсету мекеме жүйелері даму үстінде.
2. Нақты коғам жағдайында адамның бейімделуі мен оқшаулануының бірігуін әлеуметтенудің мәні дейміз.