Дәрістер кешені 1-тарау Оқушылардың оқу жетістіктерін өлшемдік бағалаудың



Pdf көрінісі
бет41/110
Дата11.05.2022
өлшемі1,25 Mb.
#141881
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   110
Байланысты:
Д рістер кешені 1-тарау О ушыларды о у жетістіктерін лшемдік б

Тақырыптық бақылау

оқу бағдарламаларындағы белгілі 
тақырыптар бойынша өткізіледі. Сабақтың тақырыбы және әрбір кезеңдері 
негізінде оқушылардың білімді, іскерлікті, дағдыны игеруі тексеріледі. 
Сонымен бірге, мұғалім жаңа тақырыптың кейбір басты мәселелерін өткен 
сабақтардағы оқу материалдарымен толықтырады, кейбір ұғымдарды
анықтамаларды, ғылыми ережелерді оқушы-лардың есіне салады.
Қорытынды бақылау - барлық пәндер бойынша жыл аяғында өткізіледі. 
Бақылау процесінде тақырыптық және тарау бойынша бақылау нәтижелері 
есепке алынады. Оқушылардың жыл бойында алған теориялық және 
тәжірибелік білімдері анықталады. Сондықтан қорытынды бақылаудың негізі 
емтихан және оқушылардың жылдық үлгерім бағалары болады. Емтихан мен 


жылдық үлгерім бағаларынан педагогикалық кеңестің шешімі бойынша 
қорытынды бағалар шығарылады. Бақылау әдістері арқылы оқушылар 
жұмысының тиімділігі мен мазмұны туралы кері байланыс қамтамасыз 
етіледі. Бақылау әдістеріне ауызша, жазбаша және графикалық бақылау 
әдістері жатады. Бұл әдістерге қарағанда бағдарламалап бақылау әдістерінің 
өзіндік ерекшелігі бар. Олар машинасыз және машиналы бағдарламалап 
бақылау әдістеріне бөлінеді.
Машинасыз бағдарламалап бақылау әдістері бойынша перфокарталар 
және бақылау карталарын қолданып, оқушылардың теориялық және 
практикалық білімдерін анықтайды. Мұғалім оқыту және білім беру мазмұны 
бөлімі бойынша 20 - 25 сұрақтар дайындап, әрбір сұраққа 4 вариантты 
жауаптың мазмұнын жазады. Олардың ішінен бір сұраққа ғана дұрыс жауап 
беріледі.
Қалған сұрақтар варианттары: дәл емес, толық емес немесе басқа 
тектес ұғымдарға сәйкес келеді''Бақылаудың тағы бір бөлігі, кейбір жағдайда, 
тапсырмалар түрі деп ұғынылады (жазбаша бақылау жұмысы, тесталық 
жұмыс, зертханалық-тәжірибелік жұмыс, зачет, шығарма, диктант т.б.) 
немесе оқушылар әрекетінің түрі болып (баяндама, хабарлама, оқушы 
әңгімесі, 
мұғалім 
сұрағына 
жауап 
беру 
т.б.).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   110




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет