Дәрістер кешені Алматы -2020 1-дәріс. Тақырыбы


дәріс. Тақырыбы: Орналастыру құралдарының қызметтері



бет11/28
Дата25.12.2021
өлшемі113,91 Kb.
#105555
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   28
Байланысты:
лекция Сервисная культура 20

7 дәріс. Тақырыбы: Орналастыру құралдарының қызметтері

Дәрістің мақсаты: Орналастыру құралдарының қызметтері туралы білім беру


Кілттік сөздер: мәдениет, іскерлік әңгіме, іскерлік қатынас, әтикет, іскерлік әтикасы

Негізгі сұрақтар

1. Орналастыру құралдарының қызметтері


2. қонақ үй бөлмелерінің құрал - жабдықтары

Қонақ уй иңдустриясы экономикалық қызмет ретінде, қонак үй қызметтерін ұсыну және сыйақы негізінде қонақ уйлерде, кемпинггерде, мотельдерде, мектеп және студенттік жатақханаларда, шетген келгендерге арналған үйлерде және т.б. қысқамерзімді орналастыруды ұйымдастыру болып табылады. Бұл қызметке мейрамханалардың қызметтері де кіреді, өйткені онысыз туристер мен экскурсантгарға кызмет көрсету мүмкін емес. Турист немесе экскурсантты орналастырудың уақытша құралының сипаттамасынан бастаймыз, ол қонақ үй. Қонақ үй - бұл өз үйлерінен тыс жерде орналасқан адамдарға, ең маңыздысы орналастыру мен тамақтану (кешенді кұрайтын) кызметі маңызды болып табылатын кызметтер кешенін ұсынатын кәсіпорын. Бұл анықтамада екі басты қызмет маңызды болып табылады - ол орналастыру мен тамақтану. Мұнда олардың арақатынасы әр түрлі болады. Орналастыру қызметтерінің құрамы біріншіден, арнайы тұрғын жайды үсыну, екіншіден, қонақ үйдің персоналымен тікелей орындалатын кызметтер болып табылады: қонақтарды қабылдау мен ресімдеу жұмыстарын атқаратын портье, қонақ үйдің бөлмелерін жинауға жауапты қызметші және т.б.

Қонақ үй бөлмелері орналастыру қызметтерінің негізгі элементі болып табылады. Көп функционалдық тұрғын жайлар қонақтардың демалысы, ұйқысы мен жұмыстары үшін арналған. Қонақ үй бөлмелері көбінесе кешкі және түнгі уақыттарда қолданылатындыктан, олардың ең маңызды функциясы, қонақтардың тыныш ұйқысы үшін қолайлы жағдай жасау болып табылады. Қонак үй бөлмелерінің басқа да функцияларының маңыздылығы ең ал- дымен, қонақ үйдің мақсаты мен қонақтардың қажеттіліктеріне байланысты болады. Мысалы, іскерлік бағыттағы қонақ үйлерде қонақгың сәтті жұмысына қолайлы жагдайлар жасалады. Мысалы, HAAGA*** (Хельсинки) қонақ үйінде қолайлы жүмыс үстелі, телефон, Интернет желісіне қосылған компьютер бар. Қонақ үйлерде алаңдар, жиһаз, құрал - жабдыктар, жарактандырумен ерекшеленетін болмелердің түрлі санаттары бар. Бірақ әрбір қонақ үй бөлмелерінің санатына қарамастан, келесідей жиһаз бен құрал - жабдық болуы тиіс:

- төсек;

- бір орынға арналған орындық немесе кресло;

- бір төсекке арналған түнгі үстел немесе тумба;

- киімге арналған шкаф;

- жалпы жарық;

- қоқысқа арналган себет.

Сонымен бірге, әрбір бөлмеде қонақ үй туралы ақпарат пен өрт кезіндегі эвакуация (көшіру) жоспары болуы тиіс. Қонақтарға тағамды ұсыну бойынша қызметтер әр түрлі үрдістердің жиынтығынан тұрады: өндірістік (ас үйде тағамдарды дайындау), сауда (тұтынуға дайын өнімдер, алкогольдік жэне алкогольсіз сусындарды сату), сервистік (даяршылар арқьшы ре- сторанда, барда, кафеде, қонақ үй болмелерінде қонактарға қызмет корсету).



Қосымша және баска да қызметтерге бассейн, жаттығу залы, бизнес - орталық, келіссөздерге арналған зал, автокөлікті жалға беру, химиялық тазалау, кір жуу, шаштараз, массаж кабинеттері және т.б. қызметтерін ұсыну болып табылады. Қазіргі таңда қосымша қызметтер қонақ үй кәсіпорындарының нарықтық тартымдылығын құруда маңызды рөлді атқарады. Басқа қонақ үйлерден ерекшеленетін қонақ үйлер қонақтардың қызығушылықтарын тудыртады. Көп жағдайларда бұл, анимациялық демалыс, кызықты концертгік немесе экскурсиялык багдарламалар, тұрақты конақтарға, туған күн иелеріне, жас жұбайларга сыйлықтар беру сияқты кызметтер жатады. Мысалы, спорттың әр түрлі түрлерімен айналысуға мүмкіндік беретін қызметтерді көрсетуге бағдарланған басқа да қызметтер сияқты, 30 қонақ үйден тұратын «Робинзон - клуб» неміс конак үй тізбектерінің қызметтер кешенінде, ол бірінші орында тұрады. Давос, Краг — Монтанра швейцарлық курорттардың қонақ үйлері, демалыска жоғары төленетін кәсіпкойларды, банкирлерді, саясаткерлерді тартпас бұрын, мұнда ғылым мен техниканың жана мүмкіндіктерін қолданумен, конференц - залдар мен баска да алаңдарды жабдықтау негізінде жоғары деңгейде халықаралық конференцияларды, экономикалық форумдарды өткізуге мүмкіндік берген. Орналастыру кызметінің қонақ үй кәсіпорнында орналастыру, тамактану жэне баска да қызметтер бір - бірін толықтырады, көп жағдайларда, олар өзара байланысты және конақтармен біртұтас жүйе ретінде қабылданады. Олардың бір кешенге көркемделіп, құрастырылганын ескере отырып, кэсіпорынның белгілі түрі қалыптасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет