Дәрістер кешені Алматы -2020 1-дәріс. Тақырыбы



бет5/28
Дата25.12.2021
өлшемі113,91 Kb.
#105555
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28
Байланысты:
лекция Сервисная культура 20

3 дәріс. Тақырыбы: Қонақ үй қызметі қызметтің ерекше өнімі ретінде

Дәрістің мақсаты: Қонақ үй қызметі қызметтің ерекше өнімі ретінде туралы білім беру

Кілттік сөздер: мәдениет, Сервистік қызмет, корпоратив, әтикет, корпоративтік мәдениет

Негізгі сұрақтар

1. Орналастыру қызметтері

2. Қонақ үй өнімінін ерекшелігі

Орналастыру қызметтері қонақ үйлердің немесе тұруға арналған кез - келген басқа да кәсіпорын қызметінің өнімі болып табылады. ҚР Үкіметінің каулысына сәйкес «Жеке және заңды түлғалардың астана аумағында сауда, ойын-сауық, қонак үй, медициналық және өзге де кызметтер көрсету ережесін бекіту туралы» қонақ үйлердің қызметтеріне анықтамалар берілген. Орналастыру күралдарының қызметтері туристерді орналастыру мен конак үй, арнайы (емдеу - сауықтыру, санаторийлық, спорттық, туристтік жэне т.б.) қызметтерді көрсету бойынша орындаушының қызметі болып табылады.

Қонақ үй өнімінін басты ерекшелігі, клиенттің қолданған тауарга, кызметке деген меншік құқығының жоқтыгы. Қонақ үй өнімі белгілі бір қызметке қол жетімділікті білдерді, айырбас мәмілелердің жолымен сатып сатып алынады. Клиент конак үй бөлмесін белгілі уакытта және белгілі бір жерде қолданыла алады. Бүл кызметтер индустриясына тән белгі болып табылады, - бүл отель индустриясының кәсіпорындары мен олардың клиенттерінің пайдасы. Мұндағы артықшылық, клиент бөлмені қолдану күқығын алу негізінде түргын жайды иемденумен байланысты емес капиталга қол жеткізеді, соган коса - конак үйдің косымша қызметтерін колданады (тамақтану, демалу бөлмелері жэне т.б.). Орналастыру қызмттерінің ерекшелігін анықтайтын қызметтердің келесідей тән белгілері ажыратылады: - өндірістің қызметті тұтынудан ажыратылмайтындығы. Отель индустриясына тән көп жагдайларда, қызмет көрсетуші мен кызметті пайдаланушы екі жактын болуы талал етіледі.

Бұл іс - әрекет тұтынушының емес, өндірушінің аймағында жүргізіледі. Сонымен бірге, қызметті өндіретін персонал тутынушымен тікелей қатынаста болады. Өндіруші мен тұтынушы қызмет көрсету үрдісіне белсенді катысуы кажет. Клиент қонақ үйдің персоналын қызметтің ажырамас белігі ретінде қарастырады. Сондықтан қонақ үйдің сапасы қызметкерлердің мінез - құлқымен анықталады;

- сақтау мүмкіндігінің жоктығы. Қызметтің өндірісі уақыт пен кеңістікте тіркелген: егер қызмет (қонақ үй қызметі) белгілі уақыт ішінде сатылмаған болса, әлеуетті табыс болмайды, және оның орны толтырылмайды. Қызметті жинау мүмкін емес, яғни ол белгілі кезеңде нақты қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағытталған;

- сезілмейтіндігі. Материалдык тауарлармен салыстырғанда қызметті тікелей көрсетілуіне дейін, оны өлшеу, оның дәмін көру, сезу, керу жэне есту мүмкін емес. Қызметті түтынған адам, оны сезбей, жадында сактап калады; - сұраныстын ауытқу маусымдығы. Қонақ үй нарығы үшін жыл маусымына карай сұраныстың аутқулары тән. Туристердің көпшілігі жаз айларында демалады; - жоғары тіркелген шығындар. Қонақ үйдің пайда мен залалдар бойынша есептері талданған уақытта, өндірістің жоғары тіркелген шыгындары мен салыстырмалы төмен өзгермелі шығындары аныкталады;

- шығындар жыл сайын жұмсалатындығын айтып өткен жөн, көп жағдайда ол жыл бойы қабылданган клиенттердің санына байланысты емес;

- сапаның тұрақсыздығы. Қонақжайлылық саласынын қызметтері өзінің өзгеру қасиетімен ерекшеленеді, яғни олардың сапасы қызметтің кіммен көрсетілуі және қай жерде көрсетілуіне байланысты болады. Оның өзгеру қасиетінің бірнеше себептері бар. Біріншіден, кызметтін мұндай түрі бір уақытта көрсетіліп, қабылданады. Сұраныстың уакытша тұрақсыздығы, сұраныс жоғары болған кезенде кызмет көрсету сапасынын сақталуын киындатады. Ол көп жағдайда қызметті көрсететін тұлғага байланысты. Бір адам сізге әр кезде кызметті эр түрлі көрсетуі мүмкін. Қызметтің сапасыз көрсетілуінің себептері эр түрлі болады. Қызмет сапасының өзгеру жэне тұрақсыздық касеттері - клиенттің қонакжайлылық индустриясына деген наразылықтың басты себебі болып табылады; - қызмет - белгілі уақыт ішінде өтетін үрдіс. Отелдердің ерекшелігі, өндірске катысты мәселелердің жедел түрде шешілуі болып табылады. Заманауи жағдайларда клиенттер кызметтің жедел көрсетілуін талап етеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет