Дәрістер кешені Дәріс №1


Логопедияның мақсаты мен міндеттері



бет14/30
Дата11.10.2022
өлшемі108,79 Kb.
#152624
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   30
Байланысты:
Инклюзивті білім беру лекция
Эмбриональдық индукция, 2495 history testent
Логопедияның мақсаты мен міндеттері.

Логопедия – бұл сөйлеудің бұзылуы және оны арнаулы оқыту мен тәрбиелеу нәтижесінде анықтау, түзету және алдын алу әдістері туралы ғылым. Логопедия неврология, невропсихология, нейролингвистика, психология, педагогика және т.б ғылымдар негізінде жұмыс атқарады. Бұл ғылыми пәндер логопедияға сөйлеудің бұзылуының механизмдері мен құрылымдарын ғылыми түрде негіздеуге, сөйлеуді дамыту, түзету мен қайта қалпына келтірудің ғылыми әдістерін қолдануға мүмкіндік береді.
Логопедиялық жұмыстың мақсаты мен мазмұны баланың сөйлеу тілінің бұзылуының себептерін анықтап, сонымен қатар сақталған функцияларын орнына келтіру, дамыту мүмкіншіліктеріне негізделеді. Сөйлеу потологиясын зерттеу және түзету жұмыстары ХІХ ғасырдың орта шенінен бастап жүргізіле бастады.
Логопедия ғылыми мынандай міндеттерін белгілеуге болады:

  1. Әртүрлі тіл кемістіктеріндегі сөйлеу тілі қызметінің дамуын зерттеу;

  2. Сөйлеу тілі бұзылуының таралуы, оның симптоматикалық белгілерін анықтау;

  3. Сөйлеу тілі бұзылған баланың сөйлеу қабілетінің өздігінен дамуын, сөйлеу кемістіктерінің адамның жеке басының қалыптасуына, психикасынын дамуына тигізетін ықпалын анықтау;

  4. Әртүрлі ақаулары бар балалардың сөйлеу тілінің қалыптасу ерекшеліктері мен кездесетін тіл кемістіктерін зерттеу;

  5. Сөйлеу тілі бұзылуының себептерін, белгілерін, құрылымын, механизмдерін анықтау;

  6. Сөйлеу тілінің кемістіктерін анықтайтын ажырататын педагогикалық тәсілдерді жетілдіру, дамыту;

  7. Сөйлеу тілі кемістіктерін жүйелеу;

  8. Тіл кемістіктерінің ерекшеліктеріне байланысты қолданылатын түзету әдістері мен амалдарын жетілдіру;

  9. Қазақ тіліне тән дыбыстардың артикуляциялық ерекшеліктерін және түзету тәсілдерін анықтау;

  10. Сөйлеу тілі кемістіктерінен алдын ала сақтандыру тәсілдерін толық жетілдіру;

  11. Логопедиялық жәрдемді ұйымдастыру мәселесін жеке зерттеу.

Баланың сөйлеу тілінің бұзылуын анықтап, зерттеп отырып онымен түзету- тәрбие жұмысын жүргізген дұрыс. Дәл уақытында қолайлы жағдай жасай отырып, оның (баланың) тілінің дұрыс дамуына бағыт берген жөн. Сөйлеу тілінің баю тәрбиесінің барысында бала мектепке барар алдында тілін грамматикалық заңдылығын меңгеріп, байланыстырып сөйлеу дағдысын игереді. Сондықтан да бұл кезінде балаға ерекше қамқорлық қажет.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет