Дәрістер кешені Дәріс №1


Псхикалық дамуы тежелген балаларды оқытудың арнайы жағдайы



бет11/30
Дата11.10.2022
өлшемі108,79 Kb.
#152624
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   30
Байланысты:
Инклюзивті білім беру лекция

Псхикалық дамуы тежелген балаларды оқытудың арнайы жағдайы
Псхикалық дамуы тежелген балаларды оқытудың негізгі міндеті оларды негізгі орта білім алуға қабілетті арнайы жағдаймен қамтамасыз ету болып табылады.
Псхикалық дамуының тежелу деңгейіне және жеке ерекшеліктеріне байланысты осы балаларды мектепте оқыту түрліше ұйымдастырылуы мүмкін. Конституционалды, психогенді, соматогенді шығу тегіндегі псхикалық дамуы тежелген балалар оларға осы санаттағы балаларды оқытудың әдісімен және психикалық даму ерекшеліктерімен таныс бастауыш сынып мұғалімдерінің жеке тәсілдері және мамандардың (логопед, психолог, арнайы педагог, дәрігер) психологиялық-педагогикалық қолдауы жағдайында жалпы білім беретін мектептің жай сыныптарында оқуы мүмкін болады.
Псхикалық даму тежелісі көрсетілген (церебралды-органикалық шығу тегіндегі) балалар (арнайы сыныпта) саралап оқыту жағдайына мұқтаж болады. Мінез-құлқында күрделі бұзылысы және психопатиялық реакциясы бар балалар үшін үйде оқыту ұйымдастырылуы мүмкін.
Псхикалық дамуы тежелген балалардың тілі жас ерекшелік нормасынан кеш қалыптасады және үнемі ерекшеленеді. Тіл дамуындағы кемшіліктердің пайда болу деңгейі әр түрлі болуы мүмкін. Осыған байланысты оқытудағы мәселелер де әр түрлі болады. Сондықтан арнайы сыныптарда тілдегі бұзылысты түзету жағдайын анықтау мақсатымен барлық оқушылардың тілдік қызметінің даму деңгейіне міндетті түрде диагностика жүргізіледі: логопедпен сабақ, сыныптағы сабақта мұғалімнің жеке тәсілі және т.б. Логопедтік сабаққа есепке алу үшін тілдік бұзылысы бар балаларды анықтау 1-нен 15-қыркүйек аралығында және 15-нен 30-мамырға дейін жүргізіледі. Тілдерінде кемшілігі анықталған балалардың барлығы тілдік бұзылысына байланысты топтарға бөлу үшін «Логопедиялық көмекке мұқтаж оқушылар тізіміне» тіркеледі. Бітірген білім алушыларды шығару олардың тілдеріндегі бұзылысты жою бойынша бір жыл көлемінде жүргізіледі. Топтар тілдік бұзылыс құрылымы біртекті балалармен ( 4-5 немесе 2-3 адамнан) біріктіріледі.
Емдеу-сауықтыру жұмысы қарастырылып отырған санаттағы балалардың дамуын қалыпқа келтіру үшін үлкен маңызға ие. Бұл бас миының функционалды жеткіліксіздігі психофизиологиялық даму қарқынының бәсеңдеуінен ғана емес, психоневрологиялық және соматикалық жабырқаушылықтан да пайда болатынын көрсетеді. Псхикалық дамуы тежелген оқушылар үшін түрлі инфекцияға қарсылықтың төменділігі, аллергиялық реакциялар, баланың ішкі орган ауруларының созылмалы түрге бейімділігі көрсетілетін вегетотамырлы дистония, зат алмасу процесінің бұзылу сипаттары тән болып табылады. Сондықтан көпшілік балалар үнемі педиатр, невропатолог, психиатрдың бақылауына және қайта-қайта емдеуіне мұқтаж болады. Әсіресе осындай көмек аз қамтылған отбасы оқушыларына қажет.
Емдеу-сауықтыру жұмысының негізгі міндеті:
- баланың физикалық және психоневрологиялық денсаулығын нығайту, Емдік дене шынықтаруды ұйымдастыру;
- мектепте, сыныпта қолайлы емдеу-сауықтыру тәртібін құру, жекелеген жағдайда оқушыға тиісті жүктеме нормасын қатаң сақтау;
- санитарлы-гигиеналық норманы және тәртіпті және рационалды тамақтану тәртібін сақтау;
- гипербелсенді оқушылармен және психикасы бұзылған оқушылармен психологиялық түзету жұмысын іске асыру болып табылады.
Психикалық дамуы тежелген оқушыларды оқыту міндеттерінің бірі – отбасылық психотерапия және оқушының ата-анамен, мұғаліммен, құрдастарымен тең қарым-қатынасын қалыптастыру арқылы мінез-құлықтың бейәлеуметтік түрінің алдын алу. Мектепте мінез-құлқы бұзылысының әлеуметтік алдын алу бойынша жұмыстар, жоспарлануы және іске асуы қажет, сонымен қатар, кәсіптік-еңбектік дайындық арқылы балаларды қоғамға кіріктіру жүзеге асуда. Әлеуметтік-еңбектік дайындық түзету дамытушылық педагогикалық процеспен және емдеу-сауықтыру кешені іс шараларымен бірге жүргізіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет