Дәрістер кешені Дәріс №1


Дәріс №6. Есту қабілеті бұзылған балалар психологиясы. Сурдопедагогика



бет12/30
Дата11.10.2022
өлшемі108,79 Kb.
#152624
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   30
Байланысты:
Инклюзивті білім беру лекция

Дәріс №6. Есту қабілеті бұзылған балалар психологиясы.
Сурдопедагогика (латын сөзі «surdus»-саңырау) арнаулы педагогиканың бір бөлігі, бұл естуі бұзылған тұлғаларды зерттейді. Мүмкіндігі шектелген балалардың көпшілігі есту түрлерінің ауытқушылығының салдарынан айналадағы ортада ерекшеленіп байқалады.
Кереңдік – туа пайда болған және жүре пайда болған
болып бөлінеді. Туғаннан керең болу – ұрпақтың дұрыс дамымау
салдарынан немесе әр түрлі улы заттармен уланғаннан, әр түрлі
аурулардың себебінен пайда болады. Туа пайда болған кереңдікті
баланың дамуына мұқият бақылағанда ғана байқауға болады.
Балалардың тілі даму кезіндегі «гуілдеуі» еститін баладан еш
айырмашылығы болмайды. Бірақ бес айдан бастап, дыбыстарды
ажырату, оған еліктеуі жоғалады. Естімейтін бала сезімін білдіргенде ғана, дыбыс шығарады (мысалы, анасының түрін көргенде, қарны ашқанда,
ауырғанда, қорыққанда және т.б.). Қалыпты жағдайда естімейтін
бала тыныш жатады. Осы кезде шығарған дыбыстар түсініксіз,
бірқалыпты болады. Жүре пайда болған кереңдікке - туғаннан
кейінгі сырқаттар немесе ауырған аурулары жатады (менингит,
қызылша және т.б.). Сонымен қатар әр түрлі құлақ аурулары да
жатады.
Есту –дыбыстық құбылыстар формасының қабылдаудағы шынайы анық, дәл түрдегі бейнеленуі. Дыбыстарды ажырату тірі организмге тән қабілеттілік болып табылады. Бұл қабілеттілік - есту органының немесе есту анализаторының қатысуымен таратылады. Есту анализаторының қалыпты дәрежеде қызмет етуі баланың жалпы дамуына үлкен әсерін тигізеді. Есту жағдайының қалыпты болуы балалардың сөйлеуі мен психологиялық жағынан қалыптасуында шешуші орын алады. Есту анализаторының бұзылуы ең алдымен көп мөлшерде баланың сөйлеуіне әсер етеді, оның танымдық қызметіне жалпы дәрежеде мүкістік келтіреді. Құлақ-дыбыс тербелісін күшейтеді және оны қайта өндейді. Дыбыстар негізінен үш қасиетпен сипатталады: Олар күші, биіктігі және тембірі.
Есту қабілетінің үлкен қызметі болып табылатын естудің жәрдемімен бала өзінің сөйлеу тілін бақылап қана қоймай, оны айналасындағылардың сөйлеу тілімен салыстыруға мүмкіншілігі болады. Жалпы қоршаған орта дыбыстарға толы боып келеді, әрі олар әртүрлілігімен ажыратылады. Біздер музыкалық, шулы, табиғи дыбыстарды естиміз. Сонда адамның дамуында естудің үлкен орны бар екендігі белгілі. Ал баланың жалпы дамуына оның толық жетілген есту қабілеті шешуші қызмет атқарады.
Баладағы есту қабілетінің бұзылыстары іштен туа және жүре пайда болады. Іштен туа біткен саңыраулық өмірде сирек 25 % шамасында ғана кездеседі.Мұның пайда болу себептері; ана құрсағындағы даму кезеңінде есту мүшелерінің дұрыс дамымауынан, тұқым қуалау себебінің ықпалынан және анасының жүктілік кезінде тұмау, қызылша немесе басқада жұқпалы аурулармен ауруы, дамудың алғашқы айларында зиянды зақымданудың әсерінен болады. Кейіннен пайда болған саңыраулық әртүрлі аурулардың зиянды әсерінен, есту жүйкесінің немесе құлақ ішінің асқынып ауруы нәтижесінен пайда болады.
Саңыраулық пайда болу уақытына байланысты ерте саңыраулану және кеш саңыраулану болып бөлінеді. Ерте саңыраулану бұл бала тілі шыққанға дейінгі кезеңінде пайда болуы, ал кеш саңыраулану баланың сөйлеу тілі қалыптасқаннан басталған саңыраулану болып табылады.
Есту ақаулықтарының жіктелуі есту қабілетінің бұзылу ерекшеліктерімен анықталынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет