Дәрістер кешені Дәріс №1


Ламбацизм – «л» дыбысының айтылуындағы мүкістік; Таңдай дыбыстарының айтылуындағы мүкістіктер



бет17/30
Дата11.10.2022
өлшемі108,79 Kb.
#152624
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   30
Байланысты:
Инклюзивті білім беру лекция

Ламбацизм – «л» дыбысының айтылуындағы мүкістік;

  • Таңдай дыбыстарының айтылуындағы мүкістіктер;

  • Каппацизм – «к» дыбысы;

  • Гаммацизм – «г» дыбысы;

  • Хитизм – «х» дыбысы;

  • Йотацизм – «й» дыбысы

    Алалия грек сөзі, «қолдануға жарамайтын болымсыз тіл» деген мағынаны білдіреді. Алалия деген ұғымға баланың құрсақтағы немесе тілі шыққан нәрестелік даму кезеңінде бас миы қабыршағының сөйлеу тілін қалыптастырып жетілдіретін аймағының органикалық зақымдануынан сөйлеу тілінің жүйелі түрде дамымауы немесе мүлде болмауы жатады.
    Тұтығу – ең ауыр кесел. Оның себептері:

    1. Қорқу;

    2. Баланың түрлі инфекциялық аурулармен жиі ауруы;

    3. Ата- анасының тұтығуы;

    4. Шамадан тыс жазалау әдістерін қолдану.

    Бұл әдетте, 2-5 жас арасында кездесетін құбылыс. Алдын- ала оларға шара қолданбаса, ол асқынып, кей уақытта бой бермей кетуі мүмкін.
    Афазия –мидың белгілі бір жерінің жинақталып зақымдануынан бұған дейін қалыптасып, дұрыс жетіліп келе жатқан сөйлеу тілінің толық немесе ішін- ара жойылып кетуін сипаттайды. Афазия көбінесе ересек адамдарда кездеседі.
    Қазіргі мәліметтерге қарағанда жыл сайын 5000- нан астам балалар таңдай кемістіктерімен туылады. Бұның себептері: сөйлеу аппаратының жетілмеуі, түрлі инфекциялық, вирустық аурулар, тұқымқуалаушылық.

    1. Сөйлеу тілі бұзылған балаларды зерттеумен жүргізілетін түзету жұмыстары.

    Арнайы әдебиеттерде дыбыс айту кемшіліктерін түзетудегі логопедияялық жұмыс кезеңдерінде әр түрлі пікір айтылады. Кезең саны әр түрлі болғанымен мақсаты бір болып есептеледі. Логопедиялық түзету жұмысының мақсаты мен міндетіне байланысты төмендегідей кезеңдерге бөлу тиімді:

    1. кезең: дайындық кезеңі;

    2. кезең: дыбысты қою кезеңі;

    3. кезең: дыбысты дұрыс айтуға машықтану

    4. кезең: дыбысты ұқсас дыбыстан ажырату кезеңі.

    Дайындық кезеңі – бұл кезеңнің мақсаты баланы түзету жұмысына ынталандыру. Ынталандыру саналы түрде тапсырмаларды орындауға үйрету, зейінін, тыңдау, ойлау қабілетін дамыту. Арнайы логопедиялық міндеттерге артикуляциялық, дыбысты қабылдау, ажырату жатады. Артикуляциялық дұрыс қалыптастыру үшін арнайы жаттығулар қолданылады. Жаттығулар қойылатын дыбысқа байланысты жүйеленеді. Ерін, тіл қимылдарын қалыптастыруға дағдыланады. Балаларды қызықтыру үшін, жаттығуды ойларына сақтап қалу үшін, әр жаттығц әр түрлі атпен аталады. Мысалы: күрекше, төбешік, түтікше, сағат, алтыбақан, тоқылдақ т.б.


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   30




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет