Прогнатия – жоғары жақ төменгі жақтан алға шығып тұрады;
Прогения – төменгі жақтың алға шығуы;
Тістердің дұрыс орналаспауы;
Еріннің түрлі кемістіктері;
Таңдай параличі.
Жүре пайда болатын кемістікке жататындар:
Сүйектер мен бұлшық еттердің зақымдануының нәтижесінде артикуляциялық аппаратта пайда болатын түрлі кемістіктер.
Дұрыс тістеу – бұл астыңғы алғы тістер үстіңгі тістермен сәл жабылып тұрады.
Органикалық дислалияға жататын кемістік бұл ринолалия. Ринолалия – ауыз бен мұрын қуыстарының дұрыс қызмет етпеу нәтижесінде дауыс құбылысының өзгеруі мен сөйлеген уақытта дыбыстың бүлінуі. Ринолалияның түрлері:
Ашық ринолалия – сөйлеген уақытта ауа ауыз және мұрын қуысы арқылы өтеді;
Жабық ринолалия – ауа тек ауыз арқылы өтеді, бұл әсіресе «м, н» әріптерін атағанда білінеді.
Ашық ринолалияның себептері: таңдайдың бөлінуі, жұқа таңдайдың қысқалығы, таңдайдың параличі.
Жабық ринолалияның себептері: мұрын қуысының бітелуі, мұрын қуысындағы ісіктер, мұрын қалқасының қисайып қалуы.
Ринолалик балалар өте әлсіз болып келеді.
Дислалия сөйлеу тіліндегі бұзылған дыбыстардың санына қарай қарапайым және күрделі болып бөлінеді. Егер баланың сөйлеу тілінде мүкістердің саны төрт дыбысқа дейін байқалатын болса- оны қарапайым дислалия деп атайды, ал егер бесеу және одан да көп болса оны күрделі дислалия деп атайды.
Сөйлеу тіліндегі дыбыстардың мүкістік ерекшеліктеріне қарай бөлінетін дислалияның түрлері:
Сигматизм – ызың дыбыстардың («с», «з», «ц», «ж», «ч», «ш», «щ») айтылуындағы мүкістіктер. Бұлар сөйлеу тіліндегі кемістіктердің ішіндегі ең көп тараған түрі;
Ротпцизм – «р» дыбысының айтылуындағы мүкістік;
Достарыңызбен бөлісу: |