Дәрістер кешені дәріс Инклюзивті білім берудің теориялық негіздері


Дәріс 13. Психикалық дамуы тежелген тұлғалалар үшін бейімдік дене шынықтырудың мазмұны



бет21/22
Дата25.01.2022
өлшемі137,82 Kb.
#114053
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
Байланысты:
Бейімдік дене шынықтыру және спорт

Дәріс 13. Психикалық дамуы тежелген тұлғалалар үшін бейімдік дене шынықтырудың мазмұны

жоспары:

1.Психикалық дамуы тежелген балалардың арнайы психикалық даму заңдылықтары. Психикалық дамуы тежелген балалардың клиникалық-психологиялық-педагогикалық сипаттамасы.

2.Психикалық дамуы тежелген балаларды жалпы білім беру ұйымдарына қосу ерекшеліктері мен оған қажетті жағдайлар.

3.Психикалық дамуы тежелген балаларға психологиялық-педагогикалық көмек көрсету


Психикалық дамуында тежелуі бар балалар. Қазіргі кезеңде қоғамда болып жатқан көп өзгерістер мен әлеуметтік теңсіздіктер, отбасылық, қоғамдық, экологиялық, экономикалық дағдарыстар жүйке жүйесі бұзылған, психикалық дамуында тежелуі бар балалардың көбеюіне әкеліп отыр.

Психикалық дамуында тежелуі бар балаларға тез шаршау, сөздік қорының аз болуы, ойын және іс-әрекеттің қалыптасу бәсеңдігі, қабылдауы баяу және ойлау қызметінің төмендігі, логикалық ойлауының қалыптасу қиындығы тән.

Психикалық дамуында тежелуі бар балалар – әдетте ұзақ уақытта әр түрлі себептегі науқастар салдарынан, түрлі созылмалы аурулардан, туа біткен және жүре пайда болған соматикалық жүйедегі ақаулардан, балалар неврозынан жапа шеккендер. Көп жағдайда мұндай балалар әлсіз, әлжуаз, қорқақ және тұлғалық қарым-қатынаста шектеулі болып келеді. Көңіл-күйінің төмендеуі баланың орталық жүйке жүйесінің дамуына әсер етеді әрі шектейді. Алайда, науқасынан сауыққан балалар өз қатарын қуып жете алады.

Қазіргі таңда жалпы орта білім беретін мектептерде үлгерімі төмен оқушылардың 50 пайызын психикалық дамуы тежелген (ПДТ) балалардың құрайтындығы бүгінгі күні ғылыми түрде дәлелденіп отыр. Дефектологтар В.И.Лубовский, К.С.Лебединская зерттеулерінде балалардың жас мөлшері бірдей болғанымен, психикалық дамуы әртүрлі болуы мүмкін екендігі, яғни, балалардың интеллектуалды қабілетінің жасына сәйкес келмейтіндігі ерекше атап көрсетілген. Психикасы дамуы тежелген (ПДТ) дегеніміз ғылымда психика дамуының уақытша артта қалуы деп түсіндіріледі.

Қ.С. Лебединская психикалық дамуы тежелген балаларды этимологиялық принциптер негізінде 4 топқа бөлген:

1. Конституциялық;

2. Соматикалық;

3. Психогендік;

4. Церебралдық-органикалық себептерден пайда болған.

Психикалық дамудың тежелуінің конституционалды түріндегі балаларға келесі сипаттама тән:баланың дамуының эмоционалдық бейнесінің төменгі даму кезеңінде қалып қоюы, көңіл-күйі мен ойынға қызығушылығы жоғары болуы, оқуға деген қызығушылығы мен ынтасының төмен болуы. Ойынға белсенді болғанымен оқу іс-әрекетінде тез шаршайды. Сабақ барысында жалпы тәртіпке бағынбайды. Көбінесе психикалық дамудың тежелуінің бұл түрі төменгі сыныптарда , әсіресе бірінші сыныпта кездеседі.

Психикалық дамудың тежелуінің сомотегенді түрі – бұл түрі ұзақ уақытқа созылған әр түрлі себептегі соматикалық науқастар салдарынан туа біткен және жүре пайда болған соматикалық жүйедегі ақаулары , балалар неврозы негізінде пайда болады. Көп жағдайда мұндай балалар әлжуаз, ұяң, қорқақ және тұлғалық қарым-қатынасқа бірден түсіп кете ала алмайды. Бұл балалар оқуға қызығушылық танытады, тәртіпті, нашар баға алса қалыпты қабылдайды, бірақ тапсырмаларды баяу орындайды және көптеген қателер жібереді. Жазуды, оқуды үлкен қиындықпен меңгереді. Бірақ науқасынан сауығып, дер кезінде педагогикалық- психлогиялық түзету жұмыстарын алған мұндай балалар өз қатарын тез қуып жетеді.

Психикалық дамудың тежелуінің психогенді түрі – жанұядағы тәрбиенің жағымсыздығына және қолайсыздығына байланысты туындайды.Жанұядағы қатаңдықпен, зорлық-өомбылықпен, отбасының ішімдікке салынуының салдарынан баланың жалпы даму деңгейі төмен болады. Мұндай балаларға импульсивтілік, өзінің эмоциясы мен тілектерін тоқтата алмау, жауапкершілік сезімінің болмауы тән болып келеді. Аталған үш түрдегі психикалық дамуы тежелген балаларды жалпы мектептерде жеке бағдарламамен түзеу сыныптарында оқытып, қатарға қосуға болады.

Психикалық дамудың тежелуінің церебральды- органикалық түрінің (ПДТ-нің ең ауыр түрі) шығу тегі жүйке жүйесінің органикалық жетіспеушілігіне байланысты болып келеді. Көптеген жағдайда балаларды орталық жүйке жүйесінің органикалық өзгерістері анасының жүктілік кезіндегі десаулығына байланысты болады. Бұл түрдегі балалар арнайы мектепте оқытылуы тиіс. Ал, мектеп жоқ жағдайларда жалпы мектептерде ашылған түзету-дамыту сыныптарында оқытылады. Сонымен бұл балаларға невролог- дәрігердің көмегі қажет.
Дәріс 14. Сөйлеу тілінде кемістігі бар балаларға көмек көрсетудің психологиялық-педагогикалық негізі мен бейімдік дене шынықтырудың мазмұны

1.Сөйлеу тілі бұзылған балалардың психикалық даму ерекшелігі мен сөйлеу бұзылыстарын топтастыру.

2.Тіл кемістігі бар балаларды жалпы білім беру үрдісіне қосудың ерекшілігі.

3.Тіл кемістігі бар балаларға психологиялық-педагогикалық көмек көрсетуді ұйымдастыру ерекшелігі. Кешенді көмек көрсету құрылымындағы логопедиялық жұмыстардың ерекшелігі.



Сөйлеу тіліндегі кемістіктердің патологиялық дәрежелеріне, белгілі бір мүшелерінің атқаратын қызметтерінің бұзылуына, зақымдануының уақытына, басты кемістіктердің ықпалынан пайда болатын екінші бір ақаулықтардың көрінуіне байланысты олардың бір-бірінен айырмашылықтары да әр алуан болып келеді. Олар әрқайсысының өзіне тән симптоматикалық және динамикалық ерекшеліктеріне қарай әр түрлі салаға бөлінеді. Мұндай салаға дауыстың бірқалыптылығының бұзылуы, сөйлеу тіліндегі дауыс ырғағының бұзылуы, тұтықпа, дислалия, ринолалия, дизартрия, алалия, афазия, жазу тілі мен оқу тілінің бұзылуы жатады.   

Тіл бұзылуының себептері органикалық және функциональдық болып бөлінеді.  

Органикалық–түрлі зақымдардың нәтижесінде тіл аппараты мен жүйке жүйесінің бөлімдерінің бұзылуы.   

Функциональдық–мұнда органикалық зақымдану болмайды, тек сөйлеу механизмдерінің функциясы бұзылады.   

Тілдің бұзылуы түрлі жаста, әсіресе жас балаларда көп кездеседі [27].

Дислалия – сөйлеу тілі мүшелерінің анатомиялық кемістіктерінен дыбыстардың бұзылып айтылуын сипаттайды. Дислалия сөйлеу тіліндегі ең көп тараған мүкістіктер. Пайда болу себептеріне  қарай дислалия механикалық және функционалдық болып бөлінеді.   

Алалия грек сөзі, «қолдануға жарамайтын болымсыз тіл» деген мағынаны білдіреді. Демек алалия деген ұғымға баланың құрсақтағы немесе тілі шыққан нәрестелік даму кезеңінде бас миы қабыршағының сөйлеу тілін қалыптастырып жетілдіретін аймағының органикалық зақымдануынан сөйлеу тілінің жүйелі түрде дамымауы немесе мүлде болмауы жатады. Сөйлеу тілінің мұншалықты бұзылуына негізінен орталық жүйке жүйесінің зақымдануы себеп болады.

Тұтығу – ең ауыр кесел. Оның себептері: қорқу; баланың түрлі инфекциялық аурулармен жиі ауруы; ата-анасының тұтығуы; шамадан тыс жазалау әдістерін қолдану.   

Дисфония – дауыс шығаратын аппараттың патологиялық кінәратқа шалдығуынан дыбыстың мүлдем болмай қалуын немесе әуезділік үннің бұзылуын сипаттайды.

Брадилалия – сөйлеу тілі мүшелерінің қимыл-қозғалыстарының патологиялық сылбырынан дыбыстар  созылып шұбалаңқы айтылады.

Тахилалия – сөйлеу тілі мүшелерінің бірқалыпты жылдамдық қимылдарының патологиялық ауытқуынан дыбыстардың қарқындық ырғағы бұзылып, быдықтанып айтылуы.

Афазия – мидың белгілі бір жерінің жинақталып зақымдануынан бұған дейін қалыптасып, дұрыс жетіліп келе жатқан сөйлеу тілінің толық немесе ішін-ара жойылып кетуін сипаттайды. Афазия көбінесе ересек адамдарда кездеседі.

Ринолалия (грекше «rhinos»– мұрын, «lalia»– сөйлеу) – бұл сөйлеу аппаратының шеткі бөлімінің анатомиялық–физикалогиялық кемістіктерінің салдарынан дауыс тембрінің және дыбыс айтылуының бұзылуы. Дыбыстың бұзылуы мен дауыс әуенінің бұзылуы қатарласып сай келуі ринолалиядан дислалия мен ринофонияны ажыратуға мүмкіндік береді. Ринолалияда артикуляция, дыбыс шығару\фонация\, дауыс пайда болу механизмдерінің мөлшерден ауытқуы байқалады. Оның себебі ауыз жұтқыншақ пен мұрын резонаторының қатынастарының бұзылуы






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет