8 дәріс.
Ортағасырлық қалалардың пайда болуы мен дамуы
1. Қолөнер мен сауданың ауыл шаруашылығынан бөлінуі қалалардың пайда болуы.
2. Батыс Еуропалық қалалар: олардың халқы және сыртқы көрінісі.
3. Қалалардың сеньорлармен күресі және оның нәтижесі.
4. Цехтардың қала өміріндегі маңызы және ролі.
11-15 ғасырлардағы шаруашылықтың дамуы және әлеуметтік өмірдегі өзгерістер. XI ғасырға қарай Батыс және Орталық Еуропада орман азая түсті. Шаруалар егінге жер әзірлеу үшін калың ну ормандарды отап, оларды тамырларымен қопарды. Көп жерлерде батпақтар күрғатылды. Бүрын қаңырап, бос жатқан жерлер жайқалған егістікке айналды. Жыртылатын жер көлемі едәуір кеңейді. Қос танапты егіс үш танапты егіспен алмасты. Жыртылатын жер енді екіге емес, үш танапқа бөлінді - оның біреуіне күздік дакылдар, екіншісіне жаздық дақылдар себілетін болды, ал үшіншісі тыңайтуға қалдырылды. Енді егістіктің жартысы емес, үштен бірі ғана тыңаятын болды. Ауыл шаруашылық техникасы баяу болса да, жақсара түсті. Шаруаларда темірден жасалған еңбек құралдары көбейді. Жеңіл соқамен қатар, доңғалақты ауыр сока кеңінен қолданыла бастады. Шаруа ондай соқамен жерді терең жыртып, оны темір тісті тырмамен қопсытты. Күздік егістік үшін жер екі-үш рет жыртылды. Бау-бақша, жүзімдік өсірілді. Егіншілік өнімдерінің түрлері көбейді, олардың шығымы артты. Шаруашылықтарда сиырдың, қойдың саны өсті. Оңтайлы камыттың ойлап шығарылуына байланысты жылқы мініске ғана емес, сонымен бірге жүк тасуға да пайдаланылатын болды. Оларды соқаға жегу жер жыртуды тездетті. Еңбек құралдарын темірден жасау металды көп керек етті. Соған байланысты Еуропада металл рудасын өндіру артты, металдарды балқыту, өңдеу ісі жақсарды. Темір ұсталығы және қару-жарақ жасау дамыды.Еуропа халқы енді зығыр матадан тігілген киімді місе тұтпайтын болды. Жүннен мата тоқу кең өріс ала бастады. Халық арасында «зығырды қой жеңді» деген мәтел де пайда болды. Зығыр және жүн маталары үлкен станоктарда тоқылды. Сөйтіп, феодалдық құрылыстың нығаюына байланысты үлкен ілгері басушылық байқалды: егіншілік пен мал шаруашылығы да, қолөнер де дами түсті.
Ертедегі орта ғасырларда шаруалар өзіне керекті нәрселерді өздері жасады. Ол кезде қолөнер ауыл шаруашылығынан бөліне қоймаған еді. Алайда дөңгелекті соқа жасау немесе шұға току үшін аса күрделі құралдар, айрықша білім мен қабілет қажет болды. Шаруалар арасынан «ісмерлер» - белгілі бір қолөнер салаларының білгірлері бөлініп шыға бастады. Олардың отбасында еңбек тәжірибесі атадан балаға беріліп, жинақталып отырды. Өз ісімен табысты түрде шұғылдануы үшін темір ұсталарына, ағаш шеберлеріне, құмырашылар мен басқа да қолөнершілерге ауыл шаруашылығымен айналысатын уақытын азайтуға тура келді. Қолөнерді олар өздерінің негізгі кәсібі етуге тиіс болды. Шаруашылықта егін түсімінің артуына байланысты шаруалар қолында шамалы да болса азық-түлік артылып қалып отырды. Осы артық азық-түлігін қол-өнершілер жасаған бұйымдарға айырбастай алатын мүмкіндік туды. Сөйтіп қолөнерші енді өз кәсібімен өзін асырай алатын болды. Шаруашылыктың дамуы қолөнердің бірте-бірте ауыл шаруашылығынан бөлінуіне әкеп соқтырды. Қолөнер адамдардың арнайы бір тобының - қолөнершілердің кәсібіне айнала бастады.
2. Еуропада ортағасырлық қалалардың пайда болуы.
Қолөнершілер жасаған бұйымдар шаруалар қолынан шыққан заттарға қарағанда әлдеқайда берік те әдемі болды. Тәжірибелі шеберлердің бұйымдарын барған сайын көп адам керек ете бастады. Бірақ алым жинау кезінде ісмерлер жасаған бұйымдардың едәуір бөлігін феодалдар тегін алып коятын. Сондықтан колөнершілер поместьелерден қашып кетіп, тапсырыс берушілер мен сатып алушыларды іздестіріп, бір орыннан екінші орынға ауысып отырды. Бертін келе кезбе колөнершілер тұрақтана бастады. Олардың қоныстары жол тораптарының, өзен өткелдерінің бойында және қолайлы теңіз айлағына таяу жерлерде пайда бола бастады. Олар өз үйлерін ірі монастырьлар мен атақты феодалдар бекіністерінің іргесіне, Ежелгі Римнің қираған қамалдары арасына салды.
Қолөнершілер тап осындай жерлерге не себепті қоныстанды? Монастырьлар мен замок тұрғындары үй жиһаздарын, киім-кешек, қару-жарақ жасауға тапсырыс беретін. Соғыс бола қалған жағдайда бекініс қабырғаларының қалқасында қорғануға болатын еді. Бұл жерлерге көпестер де жиі келіп, тіпті қоныс теуіп қалып жүрді. Олар шығыстың қымбат тауарларын, сондай-ақ темір, тұз, тері, жүн әкелді. Жақын жердегі деревнялардың шаруалары да азық-түліктерін сатып, керекті бұйымдарын алу үшін келіп-кетіп жүрді. Сөйтіп бұл жерлерде қолөнершілер өз бұйымдарын өткізіп, керекті шикізат сатып алатын.
Осылайша қолөнердің ауыл шаруашылығынан бөлінуі нәтижесінде Еуропада қалалар пайда болып, өсе бастады. Еңбектің жаңа бөлінісі - қала мен деревня қатынасы дами түсті. Халқы ауыл шаруашылығымен шұғылданатын деревнялардан қалалардың айырмашылығы сол, олар колөнер мен сауда орталығына айналды.
Рыцарьлар мен тонаушылардың шабуылынан қорғану үшін қала тұрғындары өз қоныстарын айналдыра ор қазып, биік жал көтерді, ясал үстіне ағаш қалқандар тұрғызды. Бұл бекіністер кейін тас қабырғалармен ауыстырылды. Қалаға келе жатқан жолаушы қала бекінісінің қабырғалары мен мұнараларын тіпті алыстан-ақ көретін. Қалаға көтерілмелі көпірден өтіп, қырағы қарауылдар күзетіп тұратын ауыр Кақпалар арқылы ғана кіруге болатын. Қала бекіністерін аз күшпен алу мүмкін емес еді. Осы кезеңде Италиядағы жонө Франдияның оңтүстігіндегі ескі қалалар қайтадан қалпына келтіріліп, жаңа қалалар бой көтерді. Х-ХІ ғасырларда қалалар Батыс және Орталық Еуропаның өзге елдерінде де пайда болды. Замок тұрғындарының мұқтаждары мен қажеттері үшін көпір маңына бағалы заттарды сатушылар ағылып келе бастады. Керуен сарайларын ұстаушылар енді осы сауда ісімен айналысып жүрген адамдардың тамақтануы және жатын орындары үшін үйлер салып, мейманханалар ұйымдастыра бастады. Сөйтіп олардың арасында «көпірге барайық» деген сөзді айту әдетке айналды. Көпір маңында тұрғындардың көбейгендігі соншалық, біртіндеп бұл жерде үлкен қала пайда болды, ол күні бүгінге дейін Брюгге («брюгге» - «көпір») деп аталады.Еуропада сауданың нағыз қызатын жері әр түрлі елдердің көпестері қатысатын жылма-жылғы сауда орындары жәрмеңкелер болды.
XIII ғасырда Францияның солтүстік-шығысындағы Шампань графтығында әйгілі жәрмеңкелер өткізіліп тұрды. Жәрмеңке жыл бойына дерлік өткізілетін. Шампань жәрмеңкелерінде шығыстан әкелінген сән-салтанат бұйымдарымен қатар, Солтүстік Еуропадан келіп түскен тауарлар да сатылды. Жәрмеңкелер өте шулы және халық көп болатын. Көпес дүкендерінің аралықтарында ақша ісінің мамандары - ақша айырбастаушылар отыратын орындар болатын. Айырбастаушылардың қызметіне көпестер мүдделі болды, өйткені әр елде салмағы мен пішіні әр түрлі теңгелер қолданылатын еді. Теңгені тек корольдер ғана емес, сондай-ақ ірі феодалдар да, үлкен қалалар да шығарып тұрды. Айырбастаушылар белгілі мөлшерде ақы алып, көпестердің ақшаларын жәрмеңкедегі өтімді ақшаға айырбастап беретін.
Шығысқа апаратын тиімді сауда жолдарын Италияның, Венеция мен Генуя қалаларының көпестері иеленіп алды. Бұл калалар Византиямен өзара бәсекелес болып, олардың арасында жүздеген жылдарға созылған кескілескен соғыстар жүргізілді.
Венеция мен Генуя әркайсысы өз алдына дербес қала-мемлекет еді, олардағы билік бай-көпестердің қолында болды. Байлардың кемелер флотилиясы, ондаған үйлері, қоймалары мен дүкендері болды.
Достарыңызбен бөлісу: |