Лихачев Борис Тимофеевич (10.8.1929. Москва), педагог, РБА академигі (1993 ж.); СССР ПҒА академигі (1990 ж.), педагогика ғылымдарының докторы, профессор (1970 ж.). Оның жетекшілігімен және қатысуымен эстетикалық тәрбиенің теориясы мен практикасы зерттелді. Зерттеулер нәтижелері ұжымдық монографияларда көрініс тапты. Б.Т. Лихачев тәрбие заңдылықтарын бала тұлғасының өзіндік дамуының тәсілі, тәрбие әдістерін мақсатты қолдану және психологиялық үдеріс ретінде зерделеді.
Лихачев Борис Тимофеевич 1970-1985 жылдары көркем тәрбие ғылыми зерттеу институтын басқарды. Оқушы жастардың эстетикалық тәрбиесі туралы ұжымдық монографиялар жариялады Академик Б.Т.Лихачев қоғамдық құбылыстарды зерттеудің негізгі әдіснамалық ұстанымдары барлық қоғамдық ғылымдар үшін, оның ішінде педагогика үшін де бірдей екендігі туралы тезиске сүйеніп, әдіснамалық ұстанымдардың төмендегі жиынтығын негіздейді: қоғамдық құбылыстарды оның барлық байланыстары, тәуелділіктері бойынша нақты тарихи зерттеу; өзара ұқсас, обьектісі мен пәні сәйкес келе тұрса да, бір ғылымның заңдылықтарының екінші ғылым заңдылықтарына сәйкес келмеуі; педагогикалық құбылыстардағы жалпы, ерекше және жеке даралықтың диалектикалық бірлігі ұстанымы; педагогикалық теория мен практиканың өзара байланыстылық және өзара тәуелділік ұстанымы.
Б.Т. Лихачев педагогикалық үдерістегі ересектің орнын ұйымдастырушы ретінде жоғары бағалай отырып, бала ықпал ету обьектісі ғана емес, даму үстіндегі белсенді әрекеттенуші, ол әрқилы әлеуметтік себепші іс-әрекеттердің нәтижесінде өзгеріп, дамып отыратын және осыған сай өзін - өзі тәрбиелеудің субьектісі бола алатынын көрсетеді. Бұған қоса Б.Т. Лихачев педагогикалық үдерістің тағы басқа бір ерекшелігін – оқыту мен тәрбиелеу әдістерінің бірлігін көрсетеді.
Негізгі ғылыми еңбектері: «Эстетическое воспитание в школе. Вопросы системного подхода» (1980 ж.), «Эстетическое воспитание школьной молодожи» (1981 ж.), «Система эстетического воспитания школьников» (1983 ж.)
Н иколай Дмитриевич Никандров 1936 жылы, Ленинград қаласында дүниеге келген. Ресей білім Академиясының президенті (1997-2013 жж), педагогика ғылымдарының докторы, профессор.
Академик Н.Д.Никандровтың ғылыми зерттеулерінің негізгі бағыттары: салыстырмалы педагогика, педагогика әдіснамасы, жоғары педагогикалық мектеп дидактикасы. Ол ХХ ғасырдың 70-жылдары бірқатар батыстық елдердің жоғары білім беру жүйелерінің салыстырмалы талдауын жасады. Салыстырмалы педагогиканың сипаттаушы, түсіндірмелі және құрастырушылық қызметтерін қамтитын анықтамасын ұсынды. Педагогиканың әдіснамалық мәселелерінің типтерін анықтады. Жоғары педагогикалық білім мазмұнын құрастыру және студенттердің танымдық іс-әрекетін белсендіру мәселелерін зерделеді. Ол салыстырмалы педагогика, педагогика әдіснамасы, жоғары педагогикалық мектеп дидактикасы мәселелері бойынша, «Жоғары мектеп педагогикасы», «Педагогикалық институтта оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру», «Мамандыққа кіріспе» атты оқу құралдарының авторы.
Ғалымдардың қажырлы еңбегі, ойларының анықтығы, зерттеулер, әдіснамалық семинарлар, «Педагогика» журналы редакциясындағы пікірталастарда, монграфияларда, конференция материалдарында, педагогика әдіснамасы ұстанымдық деңгейде шешу барысында көрініс тапты. Нәтижесінде педагогиканың өз құрылымында оның әдіснамаы жеке ғылыми пән ретінде қарастырыла бастады. Теоретиктер мен практиктер арасында педагогиканың әдіснамасының маңыздылығы артты. Педагогика, сондай-ақ педагогика әдіснамасы саласында ғылыми мектептер қалыптаса бастады.
Достарыңызбен бөлісу: |