Дәрістер мазмұны 1-дәріс. «Психологиялық-педагогикалық зерттеулердің әдістері»


Педагогикалық зерттеудің теориялық негіздері



бет5/127
Дата22.12.2023
өлшемі1,7 Mb.
#198510
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   127
Байланысты:
Лекции

2.2. Педагогикалық зерттеудің теориялық негіздері – педагогикалық факт, педагогикалық теория, педагогикалық заңдылықпен сипатталады. Теория – педагогикалық құбылыстардың, кез-келген әдістеменің негізі болады және сол әдістеменің көмегімен табылған фактілер арқылы кеңейеді. Теория – таным үдерісінің нәтижесі, ал әдіснама болса, осы танымға жету мен оны құру тәсілі болып табылады. Бұл – теориялық және практикалық ғылыми-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру мен құрастырудың негізі мен тәсілдер жүйесі. Таным теориясы тұтас танымдық іс-әрекет үдерісін және оның мазмұндық негізін зерттейді. Әдіснама шынайы және практикалық түрде тиімді білімге жетудің әдістеріне көп көңіл бөледі, осы білімді дамытудың тәсілдерін іздестіреді.
Білім түрлерін сипаттамалары. Білім түрлерін ажыратып, оларды сипаттаудың сызбаларын құруға көшеміз. Алдымен бірнеше жалпы ескертпені жасаймыз.
Ой-қимылдарының сызбасын құруда мына өлшемдерді сызбалар қанағаттандырғанын ескеру керек:
1) жүйе құрушы қызметті атқара алатын, оқушыларға әңгіме туралы толық түсінікті қалыптастыруға көмектесетін;
2) оқушылар әңгіменің мақсатына қарай оларды ажырата алатындай ыңғайлы болса;
3) оқушылар әңгіме құруда қиындықтың сипаты мен себебін оңай талқылауға көмектесетін.
Біздің көзқарасымыз бойынша, бұл сызбалар формасы бойынша сұрақтардың реттелген жиынтығын беру керек, яғни білім түрлерін түсіндіру жүйесінің элементтері рөлін атқаратын жиынтық. Мұндағы «жүйе элементі» деген термин білім бірлігін білдірмейді. Бұл нысан күрделі құрылымды беруі мүмкін. Сұрақтарға берілетін жауаптар білімнің қандай да бір түріне жеткілікті және ықшамды сипат беруі керек.
Құрылған сызбаны оқушылардың түсіндіру логикасын талдау үшін пайдаланамыз.
Енді сызбаларды құруға көшейік. Оны ғылыми теориядан бастаймыз. Оқушыларға теория түсіндірудің өзіндік нысаны ретінде көрініс береді. Оқушылар сызбаның барлық сұрақтарына жауап беруі керек немесе жауап бере алмайтын сұрақтарын уақытында ескеруі керек.
Ғылыми теория. Ғылыми теорияны сипаттаудың сызбасын құрғанда, оқушыларға осы нысан туралы толық жүйелі түсінік беретін сұрақтарды енгізуді ескердік. Осыған сәйкес, оқу мақсаты үшін теорияны сипаттауды сызба түрінде бердік. Ол келесі элементтерден тұрады:
1) теорияны зерттеудің нысаны (табиғат нысаны және теория нысаны);
2) теорияны зерттеу пәні;
3) теория негіздемесі (теорияның шығу көзі, басты ұғымдар тобы; негізгі тұжырымдар, эмпирикалық база – ғылыми дерктер);
4) теорияның құрал-сайманы (математикалық аппарат, логиканың ережесі мен тәсілдері);
5) теорияның салдары, оларды тексеру;
6) теорияны қолдану шекарасы.
Ғылыми теорияны сипаттаудың келтірілген сызбасы дедуктивті және сипаттама теорияларды (мысалы, Ч.Дарвин теориясы) көрсету үшін жарамды. Айта кететін айырмашылық – кейбір сұрақтың өзіндік ерекшелігі бар.
Оқу бағдарламасы мен оқулықтарда дедуктивті теорияның мазмұны әлі толық берілмеген. Тек оның бір бөлімі – негіздемесі берілген. Бірақ бұл бөлімнің өзі оқушыларға ықшам түсіндірілген. Сондықтан теорияның негіздемесі мәртебесі бойынша элементтерге мүшелеу әлсіз сипатта болады. Ал теорияның салдарын оқушылар постулаттармен реттес білім ретінде меңгереді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   127




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет