дамуындағы ортақ мүдделерді
айқындап, тиімді әрекеттерге жетелейтін
жағдайды қалыптастыру қажет болды.
Жобалау әр адамның ұжымдағы ролі мен жауапкершілігін арттыруды
көздейтін болғандықтан, иерархиялық – жоғарыдан төмен қарай басқару
жүйесінің орнына жобалық командаларға негізделген өзара желілік
байланыста болатын шағын топтар құрылды. Соған орай, бұрынғы
құрылымдағы басқарудың негізгі құралы –
қатаң бақылаудың орнына
педагогикалық қызметкерлердің өзіндік тәртіпке, тапсырылған істі
орындауға деген мотивациялық - стимулдық орта тудырылды. Қатаң
бақылау мен әкімшілік әрекеттер қолдау көрсету, бірлесе орындау, нәтижені
өзіндік бағалау әрекеттерімен ауыстырылады.
Жобалау технологиясы ұйымдастыру әрекеттерінің жаңа түрін
қалыптастырады, оларға тән ерекшеліктер:
–
жаңа қажеттіктерді қанағаттандырады;
–
проблемалардың шешімін табу жолдарында дәстүрлі тұрғыға
қарағанда елеулі айырмашылықтар болады;
–
дамытушылыққа бағытталады.
Инновациялық өзгерістер жағдайында білім беру ұйымында жүзеге
асырылатын жобалау технологиясына төмендегідей талаптар қойылады:
1)
Жобаның икемділігі;
2)
Жобаның күтілетін нәтижесі инновациялық өзгерістерге
әкелуі;
3)
Өзгерістің тиімділігі
мен оны орындауға кеткен
шығындардың сәйкестендірілуі;
4)
Жоба барысында болуы мүмкін қолайсыздықтарды есепке
алу;
5)
Жобалау барысында ұжымда құрылымдық өзгерістер
жасау мүмкіндігін қарастыру.
Бұдан
көрініп
тұрғандай,
басқарудағы
жобалау
әдістерінің
қалыптасқан ұйымдастыру мен басқарудан өзгешелігі аз емес. Атап
айтқанда, дәстүрден тыс әдістер:
–
желілік ойлау дағдыларын қалыптастыру;
–
шығармашылық белсенділікті көтермелеу;
–
жобаны жүзеге асырудығы топтық (командалық)
бірлестіктер
.
Олардың қажеттігі келесі факторлармен айқындалады: жобаның
матрицалық құрылымы; жұмыс барысының уақытшалық сипаты;
шешуін
қажет ететін проблемалардың негізінен пәнаралық және интегративтік
сипатта болуы; педагогтарды мен білім алушылардың шығармашылық
әлеуетін желілік сипатында нығайту қажеттігі тууы; шешілуі қажет
проблемалардың негізінен стандарттық қалыптан өзгеше болуы.
Басқарушыларды жоба жетекшілері ретінде арнайы дайындағаннан
кейін, олардың алдына өздері қызмет істейтін ұйымды дамытудағы өзекті
проблемаларды анықтау, оны шешуге
арналған мақсатты жобалар
құрастыру, жүзеге асыру, нәтижесін талдау және бағалау міндеті қойылдаы.
Ол үшін, ең алдымен, сан алуан инновациялардың ішінен
Достарыңызбен бөлісу: