Жобалау тетіктері тәрбиелеу сферасында да өнімді болды. XX ғ. 20–30 ж
Ресей педагогикасында дамыған ұжымдық тәрбиелеу феномені жобалау
идеясымен қатар түрде бұл идеялардың ұжым контекстінде тұлғаның
мақсатқа бағдарланған өзгерісінің бөлігі болды. Жақын орташа және алыс
перспективаларды жасаудағы перспективалық
сызық әдісі ұжым дамуын
субьект жиынтығы ретінде жобалаудың бір формасы деп бағалауға болады.
Оның біркелкі даму кезеңдері педагогикалық талаптар жүйесінің сапалы
динамикасы мен қызметтік-рөлдік тұлға аралық қатынастар мен сай келеді.
А.С.Макаренко қолданған «ертеңгі қуаныш» педагогикалық ұғым оның
тәрбиелеу жүйесінде қажетті келешек бейнесі қызметін атқарды.
А.С.Макаренко мен оның ізбасарларының тәжірибесінде сәтті орындалған
қатар әрекет педагогикасы бірыңғай қоғамдық мағыналы мақсат шеңберінде
әр түрлі деңгейдегі субьектілердің параллельді
дамуын қамтамасыз ететін
жауапкершілікті тәуелділік жүйесінде үлкен тәрбиелік потенциалын көрсетті.
Кейінгі кезеңдерде ұжымдық тәрбиелеу механизмі комунарлық әдістемені
алып жүруші В.А.Сухомлинский, И.П.Иванов тәжірибесінде қолданылып,
гуманизация саласында дамыды: жауапты тәуелділік жүйесінен қамқорлық
пен гумандылық қатынасқа дейін. Қазіргі
зерттеушілердің бір қатары
ұжымдық шығармашылық істер (ҰШІ) әдістемесін жобалық іс-әрекет
разрядына жатқызады. Шын мәнісінде, әрбір ҰШІ барлық қажетті
белгілермен: ұжымдық күшті
жұмсау ауданын іздеу; ұжымдық жоспарлау;
бірлескен шығармашылық; ерекше өнімді алу;
бірлескен іс-әрекетпен оның
нәтижесі бойынша рефлексия арқылы педагогикалық жобаға айналады.
Технология қатарын алынған тәжірибені бекіту мен ой бөлісу жүретін салдар
стадиясы аяқтайды.
Берілген жағдайдағы жобалық нәтиже есебінде ұжымдық шығармашылық
жұмыс қана емес, сонымен қатар, И.П.Иванов
қамқорлық деп атаған
шығармашылық тәжірибесі мен қарым – қатынастың ерекше түрі есептеледі.
Ұжымдық шығармашылық жұмыстар жүйесі ұжымның өмірлік іс-әрекеті
кеңістігінде жалпы қамқорлық тәжірибесінің жиналуына әкеледі.
Тұлғалық қалыптасуға бағытталған жобалық іс-әрекет разрядына
акмелогиялық жобалау немесе тұлғаның кәсіби жолын өзіндік жобалау (
биографиялық жобалау) жатады. Жобалаудың бұл тұрі білім беру
тәжрибесінде XX ғ. 2-ші жартысында адамның функционалды жүйесінің
жаңа түсінігі ретінде пайда болды.
Акмеологиялық
жобалаудың
негізінде
Достарыңызбен бөлісу: