жүзеге асыру үшін педагогикалық ұжымдағы адам ресурстарын дамытудың
қажеттігі, ол басқарушылардың белгілі бір құзыреттілігін талап ететіні
туралы жаңа көзқарастар қалыптасуда. Жаңа құзыреттілік сапаларын білім
беру құндылықтары өзгеруімен, өркениеттің дамуымен,
ғылымдағы
парадигмалық өзгерістермен байланыстыра қарастыратын зерттеулер пайда
болуда.
Білім берудегі «құзыреттіліктер», «түйінді құзыреттіліктер» деген
ұғымдар халықаралық деңгейде жаңа нәтижелер ретінде қарастырылып,
көптеген елдерде стандарттары мен білім беру бағдарламаларына енгізілуде.
Білім берудің сапасын дамыту туралы ЮНЕСКО құжаттарында
күтілетін нәтиже ретінде жалпы қарастырылатын құзыреттіліктер
белгіленген. XXI ғасырдағы білім беру туралы «Білім беру: әлі ашылмаған
қазына» атты Халықаралық комиссияда
жасалған Жак Делордың
баяндамасында қазіргі білім берудің сүйенетін төрт тұғыры бар, олар:
танып үйрену; жасап үйрену; бірлесіп өмір сүруді үйрену; өмір сүруді
үйрену» деп белгіленген.
Бұлар халықаралық білім беру құзыреттіліктері ретінде анықталып
отыр. Жак Делордың айтуынша, олардың бірі – «жасап үйрену деген тек
кәсіби біліктілік алу үшін емес, одан әлдеқайда кең мағынадағы, өмірдегі
түрлі жағдайлардан жол табатын, басқа адамдармен бірлесе жұмыс жасауға
мүмкіндік беретін құзыреттіліктерге ие болу».
Джон Равеннің зерттеулерінде 30 –дан астам құзіреттіліктер талданған,
олардың ішінде құзыреттіліктердің өзі де, оларды құрастыратын
компоненттер
де
қарастырылған.
Құзыреттіліктердің
төмендегідей
сипаттамалары бар:
–
өз құзыреттіліктерін көрсетуге даярлық (мотивациялық жағы);
–
құзыреттіліктердің мазмұнын меңгеру (когнитивтік жағы);
–
түрлі стандарттық және стандартқа сыймайтын жағдайларда
құзыреттіліктерді көрсету тәжірибесі (іс әрекеттік жағы);
–
құзыреттіліктердің мазмұнына және оны қолдану объектісіне
қатынасы (құндылықтық-мәндік жағы);
–
құзыреттіліктерді көрсету нәтижесі және үрдісті эмоциялық –
еріктік реттеу жағы.
Сонымен қатар, Джон Равеннің құзыреттіліктердің өзін және олардың
компоненттерін талдаған зерттеулерінде әрбір компоненттің ерекше жақтары
(аспектілері) көрсетілген. Олардың негізгілері ретінде
Достарыңызбен бөлісу: