тұрғысынан жұмыс берушілер, жұмысқа орналасқан әріптестеріне нақты
талаптарды қойып, олардан белгілі бір білімділік деңгейін күтеді. Жобалау
іс-әрекетімен айналысқанда, ең қажеттісі жобалау іс-әрекетіне қатысушылар
бір – бірінің көзқарастары мен әрекеттеріне қолдау көрсетуі жәнеәртүрлі
ғылым салаларының білім берудегі қажеттіліктері мен қызығушылықтарын
ескеру болып табылады. Бұлжағдай болмаса, жобалау іс-әрекетінің
құрылымы бір-бірімен байланыспаған әрекеттер тізімі ретінде «ыдырайды».
Жобаның авторлары мүмкіндігінше әртүрлі адамдар және қоғамның әр
қабатының, тұтас білім берудің дамуына немесе оның белгілі бір бағыттың
дамуына ұсынатын көптүрлі кейде қарама-қарсы талаптарын ескеру керек.
Мысалы: білім алудың ақылы болуы туралы, ата-аналар мен білім беру
ұйымдарының оқытушыларының ойлары қарама-қарсы; мектеп саласындағы
жобалар нәтижелі болмайды, егер жобаны жасау барысында ата-аналардың
ойлары ескерілмесе. Ал кәсіби білім берудегі жоба мазмұнында, көбіне
жұмысшылардың талабы ескеріледі.
Жобаға қатысушылардың белсенділігіне қойылытын талап. Белсенділіктің
бір көрінісі- жобада өзінің қатысуына эмоционалды уайымдауы және жобаға
ерікті қатысуы. Жобаны жасау барысында тек жобаға қатысушылардың
белсенділігі жеткіліксіз, оларға қоса жобаның мәселелеріні талқылауға дайын
жобаға қатысты адамдардың да белсенділігі маңызды. Жобалау іс-әрекетінің
ерекшелігі қабылданған шешімдер және ғылыми негізделген барлық ойлар
мен ұсыныстардың ескерілу міндеттілігінде. Педагогикалық жобаның
мәселесін талқылауға кәсіби мамандар, ғалымдар, қоғамдық ұйымдар
белсене қатысатын болса, педагогикалық жобаның сапасы едәуір көтеріледі.
Шынайылық талабы жобаның мақсатына жетудегі кепілділікті қамтамасыз
етумен байланысты. Бұл үшін жобаға қатысушыларда, өздері ойластырған
мақсаттарына жету үшін белгілі деңгейде білім, біліктиері болуы керек.
Бұдан бөлек, жоба ресурстармен қамтамасыз етілуі керек.
Басқарудағы талап. Жобалау іс-әрекетіндегі басқару тиімділігі көбіне жүзеге
асырылатын
процедуралардың
мазмұндық
және
технологиялық
айқындылығы, кез-келген әрекеттің уақыттық регламентінің қажеттілігі мен
байланысты тәртіптің болуымен сипатталады. Басқарудың сәтті болуына,
диагностикалық, эксперименттік және т. б. ақпараттарды қажет ететін,
әрқайсы жобалау процедураларын ақпараттармен қамтамасыз етуде үлкен
үлес қосады.
Жобалау іс-әрекетінің технологиялылығы бірлескен және реттелген кезеңдік
әрекеттерді жүзеге асыру тиімділігіне негізделген. Жүзеге асырылған эффект
бірлескен әрекеттің нәтижесі ретінде де, жобаға қатысушылардың жеке
көрсеткіші ретінде де көрінеді.
Достарыңызбен бөлісу: