Осыған сай, білім беру ұйымдарындағы білім беру процесін, оқыту
жүйесін, барлық деңгейлердегі басқару жүйесінің мақсаттары бір арнаға
тоғысып, субъектінің өзіндік дамуын қамтамасыз етуге бағытталуы тиіс.
Оны жоғарыдағы 4 -суретте берілген мақсаттар жүйесі ретінде көрсетуге
болады.
Қоғам дамуының қазіргі ақпараттық кезеңдегі жағдайлар,
адам
проблемасын
тарихи, әлеуметтік, шығармашылық субъектісі ретінде
алдыңғы орынға шығарып, осы өзгерістерге сай білім берудің ролін
тиісінше бағалау қажеттігі педагогиканы басты ғылымдар қатарын қойып
отыр. Бүгінгі таңда педагогиканың нысанасы ретінде әртүрлі
оқу
-
тәрбие
жүйелері
алынып, ал оның пәніне әлеуметтік белсенді, шығармашылық
тұлғаның өздігінен өмір бойы білім алуы белгіленіп» жүргені белгілі.
Адамның өзіндік дамуын қамтамасыз ететін тұтас жүйе жасауға деген
қажеттіктің бүгінгі таңда ерекше көкейтестілігі қоғамның әлеуметтік -
экономикалық
даму
талаптарынан
туындап
отыр.
Сондықтан,
педагогикалық жобалау жүйенің жалпы мақсатына бағытталып, орндағы
мақсат иелері өздігінен білім алушы субъектілер болуы қажет.
Достарыңызбен бөлісу: