Көбейту ережесі. Егер қандай да бір А объектіні m әдіспен таңдап алуға болса және осындай таңдаудан кейін ғана В объектісін n әдіспен таңдап алуға болса, онда (А, В) қосын көрсетілген ретте mn әдіспен таңдауға болады.
1 есеп. А қаласынан Б қаласына 2 жол бар, А қаласынан Г қаласына 4 жол бар, Б қаласынан В қаласына 3 жол бар, Г қаласынан В қаласына 5 жол бар.
А) А қаласынан Б қаласы арқылы В қаласына баратын қанша жол бар?
Б) А қаласынан В қаласына баратын қанша әртүрлі жол бар?
Ш ешуі:
а) Көбейту ережесі бойынша 2*3=6
б) 1 жағдай: Б арқылы: 6 жол
2 жағдай : Г арқылы: 4*5=20 жол
Қосынды ережесі бойынша 20+6=26 жол екенін аламыз.
2 есеп. 28 сүйектен тұратын доминодан қанша әдіспен екі сүйекті бір-біріне жалғап қоюға болатындай етіп, яғни екі сүйектегі ұпайлар саны бірдей етіп таңдауға болады.
Шешуі: алдымен бір сүйекті таңдап аламыз. Оны 28 әдіспен жүргізуге болады. 7 жағдайда сүйектердегі ұпайлар 00,11,22,33,44,55,66 болады. Ал 21 сүйектегі ұпайлар саны әртүрлі.
1 жағдай: екінші сүйекті 6 тәсілмен таңдауға болады, көбейту ережесі бойынша: 7*6=42 әдіс
2 жағдай: 2 сүйекті 12 әдіспен таңдауға болады және көбейту ережесі бойынша: 21*12=252 әдіс.
Қосу ережесі бойынша : 42+252=294 әдіс болады.
Достарыңызбен бөлісу: |