Дәрістердің толық МӘтіні тақырыбы: КӘсіпкерлік түсінігі, оның негізгі түрлері және ұйымдастырушылық нысандары дәрісте қарастырылатын сұрақтар: Кәсіпкерліктің мәні. «Бизнес» және «кәсіпкерлік»



бет27/34
Дата03.11.2022
өлшемі396,5 Kb.
#156314
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   34
Байланысты:
ДӘРІСТЕР 6-15-1

14-15 дәріс
КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТТІ ТОҚТАТУ


Дәрісте қарастырылатын сұрақтар:
1. Кәсіпкерлік қызметті тоқтатуға әсер ететін себептер, жағдайлар мен факторлар.
2. Кәсіпкерлік ұйымдардың қайта құрылуы
3. Кәсіпкерлік ұйымдардың жойылуы
4. Кәсіпкерлік ұйымдардың банкроттығы


Кәсіпорын қызметінің тоқтауы (банкротқа ұшырау)

Банкроттық – борышқордың сот таныған төлем қабілетсіздігі. Борышқордың мүлкін басқару сот қаулысы бойынша несие берушінің мүддесін көздей отырып жүзеге асырылады. Ерікті банкроттық несие берушілердің сотқа арыздануына байланысты пайда болады. Банкроттық туралы заңда несие берушілердің жағдайын жеңілдететін баптар бар. Қолданылу мерзімі біткен облигацияларды сатып алуға қабілетсіз қорпорациялардың бұрыңғы басқарушылар басшылығымен немесе қамқоршылар бақылауымен қайтадан ұйымдастыру жұмыстарын жүргізуіне, қарыз мөлшерін азайтуына немесе нысанын өзгертуіне рұқсат етіледі. Борышқорларға өзіне несие берушілер заң негізінде келісім жасау және қарызды төлеу уақытын ұзату мүмкіндігі беріледі. Шығынды (пайда келтірмейтін) кәсіпорындардың өнімі мемелекеттік жоспарға енгізіледі, сөйтіп ондай кәсіпорын жоспарлы-шығынды кәсіпорын деп аталынады. Оның шығынының орны мемелекеттік доталция (жәрдемақы) есебінен толтырылады. Кәсіпорынның шығынға ұшырауын, әрдайым бірдей нашар жұмыс істеудің немесе төмен сапалы өнім шығарудың нәтижесі деуге болмайды. Әдетте, ол енгізілетін өндіріс жоспарына жоғарыдан тауарлардың мемелекеттік бағасының төмен деңгейде болуынан туындайды.


Алайда нарықты экономикаға көшуге байланысты экономикалық жағдай күрт өзгеруде:

  • Банкроттық – шаруашылық өмірінің объективтік немесе субъективтік себептерінен туындайтын белгілі бір табиғи құбылысқа айналып келеді;

  • Мемлекеттік дотациялар елеулі түрде тарылуда, баға неғұрлым икемді бола түсіп, сұраным мен ұсынымды айқынырақ көрсетуде.

Сондықтан тиімсіз жұмыс істейтін кәсіпорынның банкротқа ұшырауын мүмкін, оны тиісті өкілеттік орган куәландырады. Ондай кәсіпорындардың мүлкі қосымша қаражат табу үшін басқа кәсіпорынға (ұйымға) сатытуы, жалға берілуі немесе акционерлік меншікке өткізілуі мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет