Дәрістердің толық МӘтіні тақырыбы: КӘсіпкерлік түсінігі, оның негізгі түрлері және ұйымдастырушылық нысандары дәрісте қарастырылатын сұрақтар: Кәсіпкерліктің мәні. «Бизнес» және «кәсіпкерлік»


Банркрот жүйесінің мақсаттары мен принциптері



бет29/34
Дата03.11.2022
өлшемі396,5 Kb.
#156314
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34
Байланысты:
ДӘРІСТЕР 6-15-1

2. Банркрот жүйесінің мақсаттары мен принциптері




3. Банкроттық
Банкротқа ұшыраушылық әр алуан қоғамдық институттар, партия және басқа да түрлі қозғалыс мүшелері арасында әр түрлі пікір таласын туғызуда. Олардың бірқатары экономикалық реформа кезіндегі тоқырау жолдарында кездескен қиыншылықтарды желеу қылып, банкроттық процедураның пайдасын жоққа шығаруға тырысады. Алайда, банкротқа ұшыраудың жоғарыда көрсетілген мақсаттары мен принциптері банкроттық жүйені объективті позиция тұрғысынан бағалауға мүмкіндік береді. Бұлай демеуіміз мына төмендегі себептер дәлел бола алады:

  • Біріншіден, мемлекеттік кәсіпорындардың көп бөлігі, шын мәнінде, ұзақ жылдар бойы жасырын банкрот жағдайында өмір сүріп жатты, мәселен: жалақының аз мөлшері, қысқартылған жұмыс күні мен жұмыс аптасының орын алып жатқаны, Ауыл шаруашылығы болса, мұндағы шаруашылықтың басым нысаны – совхоздардың басым көпшілігі мемелкеттің қолдауында болады, дотациямен күй кешті.

  • Екіншіден, көптеген жеке кәсіпорындар банкроттық мәртебені қабылдамайды, демек, олар қызметтерін өз еркімен тоқтатады, оны қайта бастамайды.

Міне, осындай жағдайда банкрот жүйесін пайдалану тиімсіз де емес, өйткені банкротқа ұшырау жағдайда жақсарту жолдарын ойластыруға мүмкіндік туғызады. Демек, жағдайда жақсартуға бағытталған банкроттық процедура барлық қатысушылар үшін болмаса да, олардың көпшілігі үшін тиімді.
Шын мәнінде, кәсіпкер (оның ішінде мемлекет те) өз ісінің нығайуына мүмкіндік алады, алдына қойған мақсаты мен міндеттерін орындай алмағанына орай жетекшілікті өзгертеді, ал бұл өз кезегінде:

  • Онды техникалық;

  • Маркетингтік және кадр саясатын жүргізуге;

  • Өндірісті дамытуға қажетті инвестициялар тартуға тиісті жағдай туғызады.

Несие беруші болса, да өзінің ақшасын сақтап қалуға, ал қоғам – экономиканың нарыққа бейімделген құрылымын қалыптастыруға мүмкіндік алады. Бұл тұрғындарға да тиімді. Олар тұтынуға қажетті тауарлармен қамтамасыз етілсе, бизнес өкілдері тиімді және керекті істермен шұғылданады.
Әлеуметтік қорғау жүйесі:

  • Жұмыстан борсап қалған еңбекке жарамды адамдарға тиісті жасау қажеттілігін;

  • Жұмыссыздығы бойынша жәрдемақымен қамтамасыз етуге;

  • Олардың біліктілігін көтеру үшлін қайта оқыту жұмыстарын ұйымдастыруды алдын-ала ескерулері қажет.

Бангкрот жүйесінің құрамды бөлігі;

  • Кәсіпорынның қаржылық жағдайын болжамдау;

  • Дағдарыстың алдын алу және бақылау.

Дағдарыс жағдайын болжамдау бірнеше кезендерден тұрады:

  • Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау;

  • Нарықтық қатынастардың даму бағытын болжау;

  • Дағдарыстың себептер мен негізгі факторларын дер кезінде таба білу.

Кәсіпорын қызметінің табыстары мен сәтсіздіктері;

  • Сыртқы, бұларға кәсіпорын әсер ете алмайды;

  • Ішкі, бұлар кәсіпорын қызметкерлерінің ұйымдастыру жұмыстарын жүргізудегі қабілеттеріне байланысты факторларға тікелей байланысты.

Сыртқы (әлеуметтік) және ішкі (технологиялық) факторлардың өзгерулеріне қарай бейімделу, оларды шеберлікпен ұштастыра жүргізіп отыру кәсіпорынның тұрақты жұмыс істеуінің , өркендеп өсуінің бірден-бір кепілі (3-схема).
Кәсіпорын қызметіне әсер ететін сыртқы факторларға мыналар жатады;

  • Халық қажеттілігінің өлшемі мен құрылымы;

  • Халықтың табыстары мен жинақтарының деңгейі, яғни оның сатып алу қабілеттілігі (бұған баға деңгейі және тұтыну несиесін алу мүмкіндіктері де кіреді);

  • Саяси тұрақтылық және ішкі саясаттағы бағыттар;

  • Ғылым мен ттехниканың тауар өндіру процесі мен оның бәсекеге қабілеттілігін анықтайтын бағыттарын дамыту;

  • Мәдениет деңгейі, яғни тұтыну нормасы мен дағдылары;

  • Халықаралық бәсеке, мәселен, шетел фирмалары бір кездерде арзан еңбектің есебімен жеңіске жетке, ал басқалары – жетілген технология негізінде.

Кәсіпорын басшылары өз мекемелерінің қаржылық жағдайына;

  • Ел экономикасының даму барысы;

  • Инфляция

  • Кенеттен жаңа бәсекелесмтердің пайда болуы;

  • Мемлекеттік реттеу жұмыстарындағы келеңсіздіктер;

  • Мемлекеттік тап сырыстың күрт төмендеп кетуінің де әсер ететінін үнемі ескертіп отырулары қажет.

Кәсіпорынның дамуын анықтайтын және оның қызметінің нәтижесі болуының ішкі факторлары мынадай:

  • Кәсіпорынның негізгі мақсаты;

  • Оның қызметінің негізгі принциптері;

  • Ресурстар және оны пайдалану;

  • Маркетинг қызметін пайдаланудың деңгейі және оның сапасы.

Ішкі факторларпдың маңызы жөнінде мынаны айтуға болады. Мәселен, американдық кәсіпорындардың 90%-ке дейінгісінің жұмыстарын-дағы сәтсіздік, міне, осы:

  • Тәжірибесіз менеджерлерге;

  • Істі жете білмейтін басшылыққа;

  • Олардың кәсіпорын жұмысын өзгертіп отыруына сәйкес ұйымдастыра алмағандықтарына байланысты екенінде елде жүргізілген зерттеу жұмыстары көрсетеді.

Кәсіпорын дағдарысының бұлардан басқа да ішкі себептері бар.
Олар:

  • Жұмысты нарық талабына сай ұйымдастыра алмағандық, осыған байланысты кәсіпорынның көптеген орынсыз шығынға ұшырауы;

  • Өнідірлген тауардың бәсекеге қабілеттілігінің төмендеп кетуі;

  • Тауарлы өнім түр-түрінің дер кезінде жаңартылмауы;

  • Басқару құрылымдарының үйлесімсіздігінен өнім өндіру мен дайын таурды сатудағы шығындар деңгейінің тез көтеріліп кетуі;

  • Штаттың өсуі;

  • Қымбат бағалы технология, құрал және басқа да еңбек заттарын шектеп тыс пайдалану;

  • Өндірістің және кәсіпорынның жалпы мәдени деңгейінінің төмендеуі;

  • Кадрлардың біліктілігі;

  • Өндірістің техникалық деңгейі;

  • Ұжым қызметкерлерінің өзара қарым-қатынастары;

  • Олардың нәтижелі жұмысқа сеніммен және ынталы түрде ұмтылуы және т.б.

Батыс елдері мамандарының пікірінше, классикалық нарықтық экономикада, банкротқа ұшырау себептерінің барлық кәсіпорындардың сыртқы факторлары үштен бір бөлігін, ал ішкі факторлар үштен екі бөлігін құрайды екен.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет