Дәрістердің толық МӘтіні тақырыбы: КӘсіпкерлік түсінігі, оның негізгі түрлері және ұйымдастырушылық нысандары дәрісте қарастырылатын сұрақтар: Кәсіпкерліктің мәні. «Бизнес» және «кәсіпкерлік»


Кәсіпорынның банкротқа ұшырауының мынандай кезеңдері бар



бет33/34
Дата03.11.2022
өлшемі396,5 Kb.
#156314
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34
Байланысты:
ДӘРІСТЕР 6-15-1

Кәсіпорынның банкротқа ұшырауының мынандай кезеңдері бар.
Жасырын кезең. Бұл кезең кәсіпорынның, оның тапқан пайдасының капиталдандырылуымен анықталатын «бағасының» төмен түсіп кетуі;



P – салықтарды, сонымен қатар қарыздармен тьөлемдерді төлегенге дейінгі күтілген пайда;
К – кәсіпорынның барлық пассивтерінің (міндеттемелерінің ) құнының орташа өлшемі;
V – күтілген «кәсіпорын бағасы».
«Кәсіпорын бағасының» төмендеуі оның пайдалық деңгейінің төмендегені деген сөз. Бұл бірінші жағынан. Ал екінші жағынан, бұл жақын арада қабылдауға мәжбүр болатын міндеттемелердің орташа құнының артқаның көрсетеді. Олай болса, жақын және ұзақ мерзімді келешектегі «кәсіпорын бағасын» есептеп отыру қажет және тиімді.
Екінші кезеңі – қаржы тұрақсыздығы, қолда бармен есептесуде қиындықтардың пайда болуы, яғни банкроттың ертерек нысандарының сезіле бастауы.
Бұл кезде басшылықтар «косметикалық» шараларға жиі жүгіне бастайды, мәселен:

  • Салым иелері мен банктердің күдіктерін туғызбау қамында активтердің бір бөлігін сату арқылы қарыз капиталдарын арттырады;

  • Акционерлерге жоғарғы дивидендтер төлей бастайды.

Практикада кейде мынандай жәйттер де кездеседі:

  • Кәсіпорынның қаржы жағдайы нашарлаған кезде қайсібір басшылар ақша табуда «авантюрпалық» әдістерді де қолданады;

  • Тіпті кейде алаяқтық жолдан да тайынбайды.



Үшінші кезең – банкроттың айқын, заң жүзінде пайда болуы, яғни кәсіпорын дер кезінде қарыздарды төлей алмайды.
Банкротқа байланысты істі сотта қарауды мына жағдайларда бастауға болады:

  • Борышқор өзінің дер кезінде қарыздарды төлей алмайтынын ресми түрде мойындаса;

  • Несие берушінің төлемдерді орындау мерзімінің 3 айдан асып кеткені туралы арызы бойынша;

  • Прокурордың жалған банкрот туралы нақты күдіктері бойынша.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет