5-схема. Банкрот жүйесіне қатысушылар
Төрелік сот
Меншік иесі (құрылтайшы)
Конкурстық басқарма
Төрелік басқарма
Барышқор-кәсіпорын
Несие берушілер
Тұтынушылар
Жалдамалы жұмысшылар мен қызметкерлер
Инвесторлар
Жеткізіп берушілер
5. Банкрот белгілерін бақылап отыру.
Банкроттың ертерек байқалатын нышандарына жататындар:
а) кәсіпорынның қаржылық қызметінің нашар екендігоін сипаттайтын есеатерді кідіртіп беру;
б) қаржылық нәтиже туралы есепте және баланс құрылымындағы кенеттен пайда болған өзгерістер, әсіресе;
Есеп шоттардағы ақшаның кенеттен азайтып кетуі (ол екінші жағынан, есеп шоттағы ақшаның көбеюі келешекте күрделі қаржының мүмкіндіктеріне теріс әсерін тигізудің айғағы);
Дебиторлық қарыздардың көбеюі (бұлардың күрт азайып кетуі де тиімсіз, өйткені қоймадағы дайын өнімдердің тым көбеюі оларды сату процесін қиындатып жібереді);
Дебиторлық шоттардың ескіре бастауы;
Дебиторлық және кредиторлық қарыздар балансының бұзылуы;
Кредиторлық қарыздардың өсуі (сонымен қатар есеп шоттарда қолма-қол ақша тұрғанда кредиторлық тқарыздардың күрт азайғаны өндіріс көлемінің тарыла бастағанының айғағы);
Сатылатын та уар көлемінің азаюы;
в) кәсіпорындағы жанжалдар, әлдекімді басшылық қызметтен босату, қабылданған шешімдердің сан жағынан бірден артуы және т.б.
Мұнымен қатар сатылатын тауар көлемінің шектен тыс көбейіп кетуі де пайдалы болмауы мүмкін. Өйткені жан-жақты, терең ойластырылмай сатып алынған шикізаттардың және күрделі қаржы шағындарының көбейіп кетуі келешекте кәсіпорын балансының бұзылуына әкеледі, ал бұл банкротқа ерте ұшырауы деген сөз. Бұдан басқа сатылатын өнімдердің ретсіз көбейіп кетуі өнім өндіру мөлшерінде кәсіпорынның банкротқа ұшырау алдындағы құлдырауын көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |