Коммерциялық кәсіпкерліктің мазмұны тауар-ақша қатынастары мен сауда-айырбас операцияларынан тұрады. Шын мәнінде, бұл тауар мен қызмет көрсетуді қайта сататын орын, Оның өндірістік кәсіпкерлік қызметтен айырмашылығы - мұнда өнім өндіруді өндірістік қорлармен қамтамасыз ету қажет болмайды.
Мұндағы ең басты мәселер:
«нені сатып алу керек»;
«нені сату керек»;
«қайда сату керек»
деген сұрақтарға жауап іздеу.
Кәсіпкер тауар жөне қызмет көрсету қозғалысына болжам жасап, алдын-ала бағалау үшін өзінің нақты іс-әрекет жоспарын (бизнес-жоспар) жасайды.
Міне, осылардың қорытындысында:
сатып алу-сату мәмілесін жүргізу;
тауарларды көтере сатып алу және сату бағалары бойынша есеп айырысулар;
шығын мен ақырғы нәтижелер;
жұмысшылардың саны;
көлік жұмысымың ауқымы;
жарнама;
коммерциялық құжаттарды дайындау жұмыстары нақтылы анықталады.
Бизнес-жоспарда бұлардан басқа мыналар қарастырылады:
тауарларды алдағы уақытта сату үшін көтере сатып алу;
ұйымдардан қызмет көрсету туралы міндеттемелерді жинау және оларға төлем жасау;
тауарларды сақтайтын қоймалар сен тұрғын үйлер жалдау, өнімдерді өткізетін сауда орындары;
тауарларды өткізу нысандары;
несие және басқа қарыз қаражаттарын алудың негіздері;
мемлекеттік және қаржы мекемелеріне салық және басқа да міндетті төлемдерді өтеу.
Қаржылық кәсіпкерлікке сату-сатып алудың ерекше тауарлары: ақшаны, валютаны, құнды қағазды (ақция, вексель, облигация, ваучер), яғни ақшаны тікелей және қосымша нысанда сату жатады, Нарықтық қатынастарға өтуге байланысты ақша нарығы, валюта және құнды қағаз нарықтары бой көтерді, оларға қатысушылар:
коммерциялық банктер;
қор биржалары;
кейбір кәсіпорыңдар мен ұйымдар;,
кәсіпкерлер және жеке тұлғалар.
Кәсіпкер немесе бизнестің осы саласына қатыстылар өздерінің іс-әрекеттерін құнды қағаз нарығы мен маркетингтік қызметті ұйымдастырудан
бастайды. Сөйтіп бір уақытта олар ақшаның, валюта мен құнды қағаздардың көздерін табады. Кәсіпкерлік қызметтің тағы бір нысаны - меншіктік
акцияға, облигацияға, несие билеттеріне және коммерциялық құнды қағаздарға (ақша міндеттері, вексель) қатысты құнды қағаз эмиссиясын жүзеге асырады.
Құнды қағаздар айналымының аса тараған нысаны:
құнды қағазды кәсіпкердің өзіңің; сатып алуында);
оны басқа сатып алушыға жоғары сомада сатуы;
Дв мен Да арасындағы айырма оған табыс әкеледі.
Егер кәсіпкердің құнды қағаздарды сатып алатын ақшасы жоқ болса, онда ол несие алады ңемесе несие жөнінде банктермен келісім жасады (Дк).
Қаржылық кәсіпкерлік жүйесі нақты мәліметтермен толықтырылуды және жоғары дәрежеде ұйымдастыру ісі техникаларымен қамтамасыз етуді қажет етеді. Қаржы-несие жұмыстарын жүргізу кезінде кәсіпкер тұтынушыға ақшаны, валюта мен қүнды қағаздарды қарызға береді, ал белгілі бір уақыттан кейін берілген соманы қарыз процентімен қоса, яғни жоғары көлемде қайтарып алады. Мұндай мәміле кезінде кәсіпкер сатып алушылардың қаржылық мүмкіндіктері жөнінде хабардар болуы немесе алдын-ала кепілдік мәселесін шешіп алуы қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |