Сөйтіп, ғұндар Қазақстаннан Шығыс және Орталық Еуропа жеріне жеткенше үш ғасырдан астам уақыт өтті. Еуропаға жеткен ғұндар Рим империясына үлкен кауіп туғызады. Vғасырдың 30-шы жылдары ғұндардың басшысы Аттила /410-453 жж./ Румыния және Венгрия елдеріндегі көшпелі тайпаларды өзінің қол астына жинап, Рим империясының аудандары Паннония мен Мезияны басып алған соң, Франция жеріне өтеді. Жаулап алған жерлердегі халықтарды қырып-жойып, қалаларды бүлдіріп, селоларды өртеп, бүкіл Еуропа елдерінің үрейін ұшырады. Н.А. Машкин «Ертедегі Римнің тарихы» деген кітабында, 375-376 жылдары вестготтардыңҚазақстан даласынан келген ғұндармен біріккен күрестеріежелгі Рим империясының кұлауына әкеп соқты деген қорытынды жасайды. Батысқа қарай ауған ғұндар Еділ мен Днепр өзендерінің аралығына барып, табан тіреп, біраз уақыт дәурен сүрген соң, олардың одағы V ғасырдың екінші жартысында ыдырап, әр жерге тарап кетті. Қорытып айтқанда, ежелгі замандағы ғұндар батысқа қоныс аударудан бұрын ертедегі қазақ тайпаларымен тығыз байланысты болған. Олар бір мезгіл үйсін және қаңлы тайпаларын билеген. Солтүстік ғұндар батысқа қоныс аударғанда үйсін, қаңлы, алан жерлеріне келіп, одан соң Шығыс Еуропаға қарай ауған. Осы кезде ғұндардың бір бөлігі осы өңірлерде қалып,үйсін, қаңлы, алан ұлыстарымен тоғысып, оларға сіңісіп кеткен. V ғасырдаЕділ мен Днепр аралығындағы ғұн одағы ыдырғаннан кейін, олардың тағы бір бөлігі қайта толқып, қазақ даласына келіп, оладың кейінгі ұрпақтары оғыз, қыпшақ, қарлұқ деп аталып кеткен. Бұл тайпалардың көпшілігі болашақ қазақ халқының құрамына қосылып, оны қалыптастыруға үлес қосқан. Кейбір зерттеушілер қазақтың арғын тайпасын да ежелгі ғұдармен байланыстырады. Арғын тайпасының этнонимі «арұғ» (таза, ақ) және «ғұн» (Һұн) деген екі сөзден құралып, «арұғ - ғұн» (арғын) болған, бұл «таза ғұн» (ақ ғұн) мағынасын білдіреді деген болжам бар. Сондай-ақ қыпшақ тайпасының ұраны «ойбас» сөзін ғалымдар ғұн батырының атымен байланыстырады. Ғылыми тұрғыдан ерекше көзге түсетін жай – арғын тайпасының елдік аты (этнонимі) ежелгі заманда жасаған ғұн елінің атын еске түсіреді. Бұл көптеген ғалымдардың арғындар мен қыпшақтардың ғұннан тараған деуіне дәлел бола алады. Ғұн тайпаларының патриархаттық-рулық құрылысы негізінде жаңа коғамдық қатынастар, теңсіздік, таптарға бөліну қалыптасты. Қабірлерден шыққан заттар ғұн қоғамындағы мүлік теңсіздігі жайын айқын сипаттайды, Обаларды қазған кезде табылған бұйымдар, қымбат маталар ғұн құрамы үстем топтарында жиналған байлықты дәлелдейді. Қытай саяхатшысы Сыма Цянь қалдырған жазбаларда ғұндарда малға әулеттік және жеке меншіктің болғаны айтылады. Ғұн тайпалары ұжым болып көшіп жүрген және әркайысының өзіне бөлініп берілген жер учаскелері болған. Елді шаньюй басқарды, оның қолында шексіз дерлік билік болды. Шаньюйдан кейін түмен басылар деп аталатын бекзадалар тұрды. Олар шаньюйдің ұлдары, інілері кемесе жақын туысқандары болатын. Барлығы 24 түмен басы және олардың әрқайсысының көшіп жүретін өз жерлері болған. Түмен басылар өз иеліктерінде мың басылар, жүз басыларды тағайындап отырған. Ғұн қоғамында лауазымдар мен жоғарғы шендер мұраға қалдырылған. Ғұн шаньюйі өлсе, оның орнына інісі не үлкен баласы билікті өз колдарына алатын болған. Ғұндардың өмірінде мал шаруашылығы басты рөл атқарды. Олар үй жануарларынан жылқы, ірі кара, қой-ешкі өсірді, кейбіреулері түйе, есек ұстаған. Негізінен көшпелі мал шаруашылығы үстемдік еткен. Шөптің калың, судың мол болуына қарай бір жерден екінші жерге көшіп жүрген. Үй малдарының етімен тамақтанып, терісінен киім, аяқ киім тіккен, жүн мен аң терісін жамылған. Ғұндар отырықшылық пен егіншілікті кәсіп еткен. Жазба деректер бойынша олар тары өсіруді жақсы меңгерген. Өйткені тары ерте пісетін дақылдардың бірі және ол суаруды кажет етпейді. Ғұндардың егіншілікпен айналысқанын олар қалдырып кеткен темір орақ, шойын түрендер, кол диірмендер, тас үккіштер т.б. құрал-саймандар айғақтайды. Сондай-ақ, ғұндардың үй-жайларынан астық сактайтын ұралар, еден, кабырғалар сылағынан, ішкі кірпіштердің арасынан сабанныңкалдықтары кездескен. Археологиялық зерттеулер көрсеткендей, ғұндарда қолөнері де жақсы дамыған. Олардың қорымдары мен қыстақтарынан қару-жарақтар, ыдыс-аяқтар, қола қазандары, әртүрлі пошымдағы керамикадан істелген кұмыралар табылған. Ғұндар өмірінде аң аулау маңызды рөл аткарды. Аңшылық ісіне бала кезден бастап тәрбиеленген. Қорытып айтқанда, сақтар мен үйсіндер, қаңлылар мен ғұндар және сарматтар тайпалары қоғамдық құрылымы мемлекеттік деңгейге өскен және өзіндік материалдық мәдениеті мен өнері бар, айрықша бір өркениетті жасау ісінде жоғары дәрежеге жетеді. Міне, тап сол кездері Қазақстан жерінде ежелгі түрік тілінде сөйлейтін халықтар пайда болады.