Психологиялық жағдай (комфорт) көрсеткіші (критерийі):
ертеңгі күнге деген сенімділіктің, оптимизмнің, қауіпсіздіктің деңгейі, мектепке, қоршаған ортаға, білім беруге деген жағымды/жағымсыз қарым-қатынас, эмоционалдық күйі;
үрейлену деңгейі;
тұлғааралық қарым-қатынас, әлеуметтік қамтамасыз етілуі.
Дәріс 10. Теориялық зерттеу әдістері.
Теориялық зерттеу әдістерінің мәні.
Талдаудың негізгі көздері.
Әдебиет кездерін зерттеу әдісі.
Теориялық зерттеу әдістерінің мәні.
Теориялық зерттеу – бұл педагогикалық құбылыстардың ерекшеліктерін, белгілерін, қасиеттерін, бөлек жақтарын бөліп қарастыру. Жеке фактілерді талдау, топтау, жүйелеу арқылы принциптері мен ережелерін анықтаймыз. Талдау және жинақтау салыстыра жүргізіледі, олар зерттелетін педагогикалық құбылыстардың мәнін ашуға мүмкіндік береді.
Индуктивті және дедуктивті әдістер – бұл эмпирикалық жолмен алынған мәліметтерді логикалық әдістер арқылы қорыту. Индуктивті әдіс ой қозғалысының жекеден жалпы қорытындыға қарай, дедуктивті әдіс жалпыдан жекеге қарай жүретін ой қорытындысын білдіреді.
Теориялық әдістер мәселені анықтау, болжамды құрастыру және жинақталған фактілерді бағалау үшін қажет. Теориялық әдістер төмендегідей әдебиеттерді зерттеумен байланысты: педагогика және адам туралы білімдер; педагогика бойынша жалпы және арнайы жұмыстар; тарихи-педагогикалық жұмыстар; мерзімдік педагогикалық басылымдар; мектеп, мұғалім, тәрбие туралы көркем әдебиеттер; педагогика және оымен байланысты ғылымдар бойынша оқулықтар мен әдістемелік құралдар, анықтамалық педагогикалық әдебиеттер.
Әдебиеттерді талдау, зерттеу қандай мәселелер жақсы зерттелген, қандай мәселелер бойынша пікірталас жүруде, қандай сұрақтардың шешімі табылмағандығын анықтауға көмектеседі. әдебиеттермен жұмыс библиография құрастыру, яғни, зерттелетін мәселе бойынша әдебиеттер тізімі; рефераттар бірнеше жұмыстың негізгі мазмұнын қысқаша мазмұны; конспектілеу, яғни, жұмыстың негізгі идеяларын құрайтын қысқаша жазбалар; аннотациялау – кітаптың немесе мақаланың қысқаша жазбалары; цитаталау - әдебиет көздеріндегі сөздерді, фактілер мен сандық мәліметтерді дәл, сол қалпында сөзбе-сөз жазба жасау дегенді білдіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |