Талдаудың негізгі көздері.
Әдебиет кездерін зерттеу әдісі.
Зерттеу жұмысын дұрыс, білікті және нәтижелі жүргізу үшін осы кезге дейін жарияланған мақалалар мен ғылыми еңбектерді зерттеу керек. Бұл жұмыс „зерттейтін мәселенің жағдайын зерттеу” деп аталады. Зерттеуші ең алдымен кітапхана, ақпарат орталықтарында, зерттеу институттарындағы ақпараттарды жинақтайды.
Педагогика және басқа да ғылымдардағы зерттеу нәтижелері кітаптар, мақалалар, ғылыми жұмыстар жинағы, диссертация, баяндама, есептерде көрініс табады.
Ғылыми жұмыстардың авторы ғылымның негізгі мәліметтерін жүйелі түрде көрсеткен кітаптарды монография деп атайды. Монография көлемі кем дегенде 100 бет болуы мүмкін. Монографияда ғылыми зерттеулердің нәтижелері жүйелі, нақты түрде көрініс табады.
Монографияда қарастырылған мәселе бойынша әдебиеттер тізімі беріледі. Бұл әдебиеттер авторға өз пікір, қорытындыларынаргументтеуге мүмкіндік береді, ал екінші жағынан оқырманның ғылыми зерттеуіне көп мәліметтер береді.
Мақала – бұл нақты сұрақтар немесе зерттеу нәтижелері бойынша автордың көзқарасы көрсетілген шағын көлемдегі арнайы публикациялар. Мақалалар журналдарда жарияланады.
Журналдағы мақалалар – ғалымдардың өзекті мәселелерді шешуі қимылдары туралы оперативті ақпараттар. Сондықтан оларды уақтылы оқып, зерттеп тұру зерттеушінің ғылыми шындық көшінен қалып қоймауына мүмкіндік береді.
Студент-зерттеушілер үшін тағы бір ғылыми ақпарат көзі - түрлі ғылыми жинақтардағы жарияланған материалдар. Ғылыми жинақтар мақалалар сияқты уақыты шығып тұрмайды.
Диссертация, қолжазба, есептер орталық кітапхана мен ғылыми мекемелердің ақпаратты сақтау бөлімдерінде болатындықтан оларды зерттеуге студенттердің қолдары жете бермейді.
Диссертация – бұл монографиялық еңбекке ұқсас ғылыми еңбек. Диссертацияның 2 түрі болады: кандидаттық және докторлық. әрбір диссертацияның мазмұны қысқаша түрде авторефератта көрініс табады. Диссертациямен танысуды авторефератты оқудан бастаған дұрыс. Өйткені бұл зерттеушіге өз мәселесі бойынша бұл диссертация қаншалықты көмегін тигізе алатындығын анықтайды.
Әдебиет көздерін зерттеу – зерттеушіге көп мәлімет бере алады. Бірақ бірде бір адамбұл ақпараттарды ұзақ уақыт бойы сол қалпында есінде сақтап тұра алмайды. Сондықтан әрбір зерттеуші ғылыми ақпаратты жазып алу мен сақтау әдістерін меңгеруі тиіс. Бұл ақпараттар керек уақытта тез қолданылатын, табылатындай, өз білімдерін дәлелдеу үшін керек.
Әдебиет көздерін зерттеудің ең оңай тәсілі – бұл ақпараттарды бөлек категорияларға түсіріп алу және аннотациялау.
Танысқан ғылыми публикациялардың атын жазып алу қажет, дегенмен ол жеткіліксіз. Сондықтан болашақта ұмытылған нәрсені қайта өздеп, әдебиет көздерін шатастырып әуре болмас үшін оқыған нәрсені қысқаша түрде жазып алған дұрыс.
Оқылған мақала немесе кітаптардың қысқаша мазмұнын жазып алудың бірнеше тәсілдері бар. Олардың негізгілері: аннотация, тезистеу, рефераттау, конспектілеу, цитаталау, логикалық құрылымдау.
Аннотация дегенде жұмыстың жалпы қысқаша мағынасын түсінеміз. Аннотация әдетте 1 беттен (баспа) аспайды. Аннотацияны сіздер мұқаба бетінің ішкі жағына көре аласыздар. Аннотацияны алғаш кітаппен танысу үшін, өзіне қажеттілігін анықтау үшін оқиды. Әдебиет көздерін аннотациялауда оның мазмұнының бөлімдері, тарауларын жазып алады.
Әдебиет көздеріндегі негізгі идея, қортыныдылар туралы кейбір ескеретін жерлерін жазып алу көп ақпарат береді.
Мұндай жазбалар жасау – тезистеу, ал жеке бөлек жазбалар – тезис деп аталады. Әрбір тезистің көлемі – бірнеше жол, ал жалпы барлық көлемі тезистелетін әдебиет көзінің көлеміне байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: |