Дәрістің тақырыбы: Қазіргі оқу-тәрбие үрдісіндегі тәрбие технологиялары


Оқыту технологияның ерекшеліктері



бет3/3
Дата06.02.2022
өлшемі23,98 Kb.
#77411
1   2   3
Оқыту технологияның ерекшеліктері:
• Түрлі құралдар арқылы балалардың білім, іскерліктерін жиі тексеру.
•Үлгермеушілерді анықтау және іріктеу.
• Олармен қосымша жұмыстар өткізу, материалдарды қайталау. Осы жұмыстардан кейін балалардың білім, іскерліктерін тағы тексеру.
• Балалардың жаңа материалды меңгермеу себептерін зерттеу және анықтау. Бала кез - келген оқу тапсырмаларын бұрынғы меңгерген ақпараттарына сүйеніп орындайды. Бала оқу іс - әрекетінің тиімділігі оның жеке тәжірибесіне байланысты. Баланың өз біліміне сүйеніп жасайтын іс - әрекетін репродуктивтік, өткен тәжірибеге сүйеніп жаңа өнімдер жасауын продуктивтік іс - әрекет дейді.Іс - әрекет үйрену репродуктивтік іс - әрекеттен басталады. Бала ереже, алгоритмдердің қолданып жаттығулар жаттығулар жазады, есептер шығарады, мәтіннен түсінгенін айтады, бір сөзбен айтқанда дайын білімдерге ештеңе қоспайды.
Өз бетімен ізденіп біліміне білім қосса, баланың репродуктивтік іс - әрекетті продуктивті (өнімді) іс - әрекетке айналады. Балалар білетіндерін бір - бірімен салыстырып өздері үшін жаңалық ашады. Осы аталған екі іс - әрекет түрлері оқушының материалды түсінуіне мүмкіндік жасайды. Түсініктің 4 деңгейін В. П. Беспалько зерттеген. Енді оларға тоқталайық.
1 – деңгей (оқушылық) – репродуктивтік іс - әрекеттің ең қарапайым түрі. Бала бұрынғы білімдеріне сүйеніп, түрлі тапсырмалар орындайды, бұрынғы тақырыптың мазмұнын өзгертпей пысықтайды. Бала үлгі бойынша есептер шығарып, жаттығулар жазады.
2 - деңгей (алгоритмдік)- репродуктивтік іс - әрекеттің күрделі түрі.
Балалар алгоритм бойынша түрлі тапсырмалар орындайды. Мысалы, тәрбиеші құбылыстарды балалардың қалай түсінгенін мынадай жоспармен анықтайды:
• Құбылыстың сыртқы белгілері.
• Ол өткен кездегі жағдай.
• Құбылыс мәні, оның өту механизмі (құбылысты ғылыми теорияларға сүйеніп талдау).
• Осы құбылыстың басқа құбылыспен байланысы.
• Құбылысқа сандық тұрғыдан сипаттама беру
• Құбылыстың зиянды ықпалдарының алдын алу тәсілдері.
3 - деңгей (эвристикалық)
Эвристика грек сөзі - іздеп табамын, ашамын деген мағынаны білдіреді. Эвристикалық оқыту мақсаты – балаға барлық оқу пәндері бойынша білімдік өнімдер жасату, проблемаларды жасату, проблемаларды өз бетімен шешуге үйрету.
4 - деңгей(шығармашылық)
Шығармашылық жұмыстардың түрлері. Оқу пәндеріне қорғалатын білімдік өнімдердің 3 түрі бар. Дәстүрлі оқу курстары бойынша жасалатын пәндік өнімдер: шығарма, ертегі, құрастырылған есеп, тұжырымдалған ұғым, ереже немесе заңдылық, бұйымдар, белгі, таңба, ойын, викторина, қойылым, сценарий, газеттің мазмұны. тәсілдерін ғылыми тұрғыдан суреттеу.
Технологияны педагогикада қолдану шекарасы бар, себебі технологияның нақты мақсаты болады. Білім беруде мақсат қою мүмкін бе? Білім оқыту мен тәрбие деген анықтамаға сүйенсек, онда болмайды. Оқыту мақсаты – баланы болашақтағы мамандығына керекті іс - әрекет тәсілдеріне үйрету. Балалардың оқу материалын қалай меңгергенін оңай тексеруге болады. Олай болса оқытуда технологияны қолдану әбден мүмкін.
Пән аралық және пәннен тыс өнімдер – бір пән шеңберінен шығатын іргелі білімдік объектілерді зерттеу нәтижелері.
Методологиялық өнімдер( талдау тәсілдері, құрастырылған есеп, тұжырымдалған жорамалдар; жауаптарды іздеу технологиясы, өздік жұмысының жоспары, жұмыстың мақсатын анықтау, жеке білімдік бағдарламалар, оқу іс - әрекеттерін талдау, өзіне - өзі баға беру, пікірлер, сын - пікірлер жазу).
Каталог: public -> files
files -> Поурочное планирование по программе А. В. Перышкина и Е. М. Гутник «Физика 7 9»
files -> Қазақстан халқының тілдер күні мерекесіне арналған 5-18 кыркүйек аралығында өткен онкүндік аясындағы іс-шаралар есебі
files -> Көрнекілігі: слайд Мұғалімнің кіріспе сөзі
files -> Жаңа оқу жылына арналған негізгі міндеттер
files -> Оқу жылында «Жылымды негізгі мектебі» кмм І жартыжылдыққа оқу-тәрбие үрдісі бойынша есебі 2018 жыл 2018 -2019 оқу жылында «Жылымды негізгі мектебі»
files -> «Ел тірегі-тіл» тілдері күніне арналған онкүндікті өткізу жөніндегі іс-шараның қорытынды есебі
files -> І тоқсан бойынша тәрбие жұмысының есебі Тәрбие жұмысының жазбаша есебі
files -> Киров негізгі мектебі бойынша Республикалық қайырымдылық "Қамқорлық"акциясы айлығына орай өткізілген іс-шаралардың есебі
files -> Тақырыбы: Әділет сұлтанның шешімі Білім беру саласы: «Коммуникация»


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет