Дәрістік кешен 1 ДӘріс



бет34/46
Дата13.11.2022
өлшемі212,07 Kb.
#157893
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   46
Байланысты:
Д рістік кешен 1 Д ріс мектепке дейінгі йымда ы т рбиеші ж мысы

Ауызша насихат – бұл балабақшалардың педагогикалық кеңестерінде, аудандық әдістемелік кабинеттерінде, педагогтардың білімін жетілдіру институттарында өткізілетін арнайы маслихаттарды, семинарларды озық тәжірбие туралы лекциялар және баяндамалар жасалынып, оларды озық мұғалімдердің жұмыстарының мәні мен негізгі идеяларының мазмұны анықталады. Қатысушылар өзара пікір алмасып, оқу-тәрбие процесін жетілдірудің кейбір бағыттарын белгілейді.
Баспасөз насихаты – бұл педагогикалық теория мен практиканың саласында әр түрлі формаларда жүргізіледі. Оларға психологиялық-педагогикалық еңбектер, ғылыми-әдістемелік ұсынбалар, жинақтар т.б. жатады. Педагогикалық озық тәжірбиені таратуда, оны тұтас педагогикалық процеске енгізуде, әсіресе, «Педагогикалық оқулардың» маңызы өте зор. «Педагогикалық оқуларды» өткізу нәтижесінде ұжымдық түрде талқыланған және мақұлданған жақсы тәжірбие оқу мен тәрбие процесіне енгізу үшін жинақталады және таратылады. Практикаға жаңа бір нәрсені енгізу үшін оқу-тәрбие жұмысының озық әдістерін біліп қоймай, оларды практикада да тыңғылықты игеру қажет
Сонымен, педагогикалық озық тәжірибе жұмысын ұйымдастыру арқылы – ұстаз шеберлігінің жоғары деңгейі, тұрақты педагогикалық нәтиже беретін оқыту және тәрбие тәжірибесі және шығармашылық ізденіс, жаңалығы бар тәжірибе, жаңашылдардың тәжірибесі анықталады. Педагогтың тәжірибесіндегі жаңалық арқылы басқа педагогтарға үлгі болып, озық тәжірибесі таратылады, ендеше ол жұмысты ұйымдастыру, жүргізу білім беру мекемесінің жаңашыл бағытының көрінісі.


18,19 ДӘРІС
Мектепке дейінгі ұйымдардағы оқу қызметін ұйымдастыруда ойын түрлерін қолданудың маңызы.


Қазіргі уақытта мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың ұйымдастырылған оқу қызметін арттыру үшін ойын элементтерін тиімді пайдалану ұсынылады. Ойын арқылы бала қоғамдық тәжірибені меңгереді, сондықтан әр ұйымдастырылған оқу қызмет барысында қандай ойын түрлерін қолдануға болатынын ұйымдастырылған оқу қызметтің мазмұнына, мақсатына, жас ерекшелігіне сәйкес таңдалуы керек екендігі назарға алынғаны дұрыс. Яғни, бала тілін дамыту барысында ойын элементтерін қолдана отырып, құзіреттілік тапсырмалар арқылы балалардың өздігінен дамуға, жетілуге қабілетті тұлғаны қалыптастыруға арналған бірден - бір таптырмас технология.
Ойын дегеніміз - жас ерекшелікке қарамайтын, адамның көңіл - күйін көтеретін, ойландыратын үрдіс. Ойын - төзімділікті, алғырттықты, тапқырлықты, ұқыптылықты, ізденімпаздықты, іскерлікті, дүниетаным өрісінің көлемділігінің, көп білуді, сондай - ақ, басқа да толып жатқан сапалылық қасиеттердің қалыптастыруға үлкен мүмкіндігі бар педагогикалық, тиімді әдістерінің бipi.
Ұлы педагог А. С. Макаренко ойынға үлкен мән бере отырып, өзі басқарған мекемелерінде ойынды тәрбиеленушілер өміріне міндетті түрде енгізіп отырады. Ойын баланың өмірін қызыққа, қуанышқа бөлеуін қамтамасыз ету үшін ол балалардың ойынға деген сүйіспеншілігі мен қызығушылығын тәрбиелейді – деп қарастырады.
Ойынның технологиялық негізгі ерекшелігі – балалар үн - түнсіз ойнамайды. Тіпті жалғыз болғанның өзінде де сөйлесіп жүреді. Ойын барысында сөйлесу қарым - қатынасы үлкен рөл атқарады. Сөйлесе жүріп, балалар пікірлесіп, әсер алысып, ойынның түпкі ниеті мен мазмұнын анықтайды.

В. А. Сухомолинскийдің сөзімен айтар болсақ, «Ойынсыз ақыл ойдың қалыпты дамуы жоқ» және болуы да мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспетті, ол арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірімен ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады. Ойын дегеніміз – ұшқын, білімге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты.
Психологиялық тұрғыдан алып қарағанда мектепке дейінгі балалар белсенді және өте қозғалмалы болып келеді. Бұл жастағы балалар өздерін еркін ұстап, ойынға аса қызығумен қатысады, өзінің айналасындағы нәрселерді көріп, соны бейнелеуді ұнатады.

Ойын мынадай түрлерге бөлінеді:
1.Дидактикалық ойыны
2.Құрылыс ойыны
3.Сюжеттік рөлдік ойыны
4.Қимылды ойындар
5.Ұлттық ойындар

1.Дидактикалық ойын – оның аты айтып тұрғандай, баланың ақыл - ойын дамытып, таным түсініктерді ажыратудағы әдістердің бірі. Ойын арқылы оқыту – мектеп жасына дейінгі кезеңнің, негізгі ерекшелігі. Білімді меңгеру және оны бекіту үшін, дағды мен әдет қалыптастыруда балаға қайталау және жаттығу қажет. Егер баланың ойлауы образды, эмоциялық әсерде болса, ол соғұрлым жақсы нәтиже береді, сондай - ақ білім қызғылықты әрекетпен байланысты болса, баланың іс - әрекетімен іштей қабысып жатса, ондай білімді бала дұрыс меңгереді. Бала әрбір затты ұстап, дәмін татып, сан рет байқап көреді. Балабақшада бала психикасының дамуына ойын әрекеті шешуші рөл атқаратындығы туралы белгілі ғалымдар (Ж. Аймауытұлы, М. Жұмабаев,
Ш. Құдайбердіұлы, С. Торайғыров, Т. Тәжібаев т. б) өз еңбектерінде айтып кеткен. Педагогикалық үрдісті жетілдіруде ойынның алар орны жөнінде қазақстандық ғалым Н. Құлжанова да зерттеген. Ойын бала үшін еліктеу, инстинкт күнделікті негізгі іс - әрекет деп дәлелдеген. Н. Құлжанованың айтуы бойынша ойынды әдептілік, тәрбиелік мақсатқа пайдалану – болашақ өміріне түзу жол салу, үлкендерге еліктеу және өмірдің талаптарына сай бейімдеу деп түсіндірген.

Дидактикалық ойын баланың қоршаған дүние туралы түсінігін кеңейтіп және оны бекітіп нақтылай түседі.
Бала бақылау, оқыған кітап, естіген ертегі арқылы айналасын таниды. Олардың түсінігі алғашқы кезде айқын болмайды. Тәрбиеші баланың түсінігін дидактикалық ойындар арқылы нақтылап, дамытып саналы түрде түсінуін өрістетеді. Мысалы, бір заттың түсін атаңдар? Бояудың қандай түрін білесіңдер? Үй жануарларының үшеуін атаңдар. Бала дидактикалық ойын арқылы әр затқа байланысты жаңа білімді меңгеріп, түсінігін тиянақтайды.

Әрбір дидактикалық ойын ойлай білуге баулып, сөздік қорын өсіреді, ақыл - ой қызметін қалыптастырады.
Дидактикалық ойын адамгершілікке тәрбиелеудің құралы болып табылады. Дидактикалық ойынмен ұйымдастырылған сабақ балаларға көңілді жеңіл келеді. Сондықтан дидактикалық ойынды іріктеп алуға нақтылы сабақтың мақсаты, мүмкіндіктері мен жағдайларын ескертуге ерекше назар аударған жөн.

2. Құрылыс ойыны – балалар әрекетінің біртүрі. Оның негізгі мазмұны қоршаған өмірді алуан түрлі құрлыстарды және соларға байланысты іс-әрекеттерді бейнелеу болып табылады. Құрлыс ойыны бір жағынан сюжетті - рөлді ойынға ұқсас келеді және соның бір түрі деп қаралады. Олардың қайнар көзі біреу – қоршаған өмір. Балалар ойын үстінде көпірлер, стадиондар, темір жолдар, театрлар, цирктер, т.б. ірі құрлыстар салады. Құрлыс ойындарында олар қоршаған заттардың, құрлыстардың көшірмесін жасап, құр бейнелеп қана қоймайды, сонымен бірге өздерінің шығармашылық ойын, жобалық міндеттердің өзіндік шешімін енгізеді.
3. Сюжеттік-рөлдік ойындардың ерекшелігі сол, оны балалардың өздері жасайды. Ойынның дербес әрекеті айқын өнерпаздық және шығармашылық сипатта болады. Бұл ойындар ұзақ та, қысқа да болуы мүмкін. Сюжетті –рөлдік ойында бейнелеу құрлыс рөл мен ойын әрекеттері болып табылады. Өзінің сипаты жағынан бұлар көбінесе еліктеу, шындықты көрсету болып табылады. Мысалы, «Дүкен» ойынын ойнағанда сатушымен сатып алушының әрекеттерін, ал «Аурухана» болып ойнағанда дәрігер мен науқастың әрекеттерін еліктейді. Тәрбиеші өткізілген ойынға талдау жасап, оның балаларға тигізген тәрбиелік ықпалын бағалауға, өз тобындағы сюжеттік-рөлдік ойындарына одан әрі басшылық ету тәсілдерін ойластыруға тиіс. Сюжеттік-рөлдік ойындарды балалар өз беттерімен үш-төртеуі бірігіп ойнай береді. Бірақ олардың сюжетті өрбіте алмай, қарапайым ғана ойнап, әрі қарай не істерлерін білмей дағдаратын кездерін жиі байқауға болады. Соған орай тәрбиешінің міндеті - бастапқы кездері басшылық жасай отырып, ойынды өз мәнінде ойнай білуге үйрету. Ол үшін сюжетті-рольдік ойындарды талдап, ойнау жолдарын қалай кеңейтуге болатынын жан-жақты ойластырған жөн.
Ойынның түпкі ниеті – бұл балалардың нені және қалай ойнайтынының жалпы анықтамасы. Көбінесе ойындар күннің 2 жартысында ойнатылады.
4. Қимылды ойындар. Бұл ойындарда баланың дене күші артады, қолы қатайып, денесі шыңдала түседі, көзі қырағыланады, зеректігі, тапқырлығы, ынтасы артып, жетіле түседі. Сонымен қатар ойын - балалардың оқуға, еңбекке деген белсенділігін арттырудағы басты құрал. Балалар ойын ережелерін бұлжытпай орындауға үйренеді, олардың санасында достық, жолдастық сезімдердің алғашқы элементтері қалыптаса бастайды, ұжымдық қарым-қатынасқа түсу мәдениетін меңгереді.
Қимылды ойындар негізінде балаларды тапқырлыққа, ептілік пен төзімділікке, күштілікке, жақсы мінез-құлыққа, көпшілікпен санаса білу сияқты жақсы қасиеттер қалыптасады. Ойын үстінде баланың қиялы, ойлауы, қабылдауы, зейіні, ес сияқты психикалық үрдістері белгілі деңгейде дамиды. Сөйтіп, бала құрбы-құрдастарымен қарым-қатынас жасауда мінез-құлық ережелерін сақтауға, орындауға үйренеді.
5. Қазақ халқының тарихында ұлттық ойындардың көптеген түрлері балалық, жеткіншектік, жасөспірімдік шақтағы балалар тәрбиесіне пайдаланылады. Ал қазіргі кезде ұлттық ойындардың көпшілігі тәлім - тәрбие саласында зор педагогикалық құралға айналады. Ойын тек қана көңіл көтеру, көңілін шаттандыру ғана емес, ол өзінше ерекше қазақ халқының әлеуметтік өміріне байланысты тәрбиелік мағынасы зор жеке адамның дамып жетілуіне, қалыптасуына әсер етуші факторлардың бірі болған. Ұлттық ойын түрлері өскелең ұрпақтың көңіл көтеруі, ойын – сауық пен шұғылдануымен ғана шектелмейді, олар сол халықтың салт - санасын, дәстүрін, тұрмысын жағдайын білдіретін әрекетті көрсетеді. Кез келген ойынның түр сипаты - халықтың тіршілік тынысын бейнелейтін құбылыс. Мысалы, қазақтың «Көкпар» ойыны бір жағынан, халықтың әдет- ғұрыпын, салтын білдіретін болса, ал екінші жағынан адамның дене шынықтырып, ой–әрекетін дамытатын дәстүр болған. Ал «Ақсүйек» ойыны түнгі мезгілде балалардың байқампаздық қабілетін дамытуға әсерін тигізеді. Міне осындай түрлі ойындар арқылы халқымыз өз ұрпағын ойшылдыққа, тапқырлыққа, шеберлікке, дәлдік пен мергендікке тәрбиелеп отырған. Сондай - ақ ойын барысында бала қатар отырған құрбыларымен қарым - қатынас жасау нәтижесінде жеке басының қасиеттерін дамыту мүмкіндіктеріне ие болады.
Тәрбиеші балалармен ойынды үш түрлі етіп өткізуіне болады.
Заттармен ойын

Үстел үсті ойыны
Сөздік ойын
1.Заттармен ойын ол аты айтып тұрғандай белгілі бір ойын құралдарымен мысалы түрлі конструктарлармен немесе доп секілді көптеген заттарды пайдаланып ойнату.
2. Үстел үсті ойыны яғни ол үстел үстінде отырып ойналатын ойындарды айтамыз. Мысалы, «Қайсысы көп, қайсысы аз» «Суретті құрастыр» «Қандай затқа ұқсайды?» деген сияқты ойындарды ойнау арқылы жүзеге асады.
3. Сөздік ойын бұл балаларды сөйлету арқылы, сөз құрау арқылы жүзеге асады. Мысалы, «Жұмбақ ойла» «Жалғастыр» «Үш сөз ата» және т.б.


Қорытындылай келе, ойындар балалардың таным белсендігін жандандыратын, өздігінен ойлауын дамытатын тәсілдердің бірі. Олар кез - келген оқу материалын қызықты да тартымды қылып, балалардың көңіл - күйін көтеруге, өздерінің жұмыстарына қанағаттануға және өтілген тақырыпты жеңіл меңгеруге көмектеседі. Тақырыпты ашу барысында ойын арқылы дамытуға арналған тапсырмалар жүйелі қолданылып, ұйымдастырылып отырса сонда ғана тәрбиешінің тақырып мақсатын ашуына мүмкіндік береді.
Үйге тапсырма: бүгінгі өткен ойын түрлеріне байланысты балабақшада ойналатын ойындардың аттарын жазып келіңіздер. Мысалы дидактикалық ойындарға қандай ойындар жатады, қимылды ойындарға қандай ойындар жатады т.б


20,21 ДӘРІС


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   46




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет