24,25 ДӘРС Тәрбиеші жұмысын ұйымдастыру кезіндегі ата-аналармен жұмыс формалары және заманауи модельдері. Отбасының маңызы мектепке дейінгі жастағы балалар үшін ерекше. Бала үшін отбасы – бұл қоғамдық тәжірибенің көзі. Тәрбие отбасынан басталады, оны қоғамдық тәрбиенің қандай саласы болса да алмастыра алмайды. Ата-ана балаларына жақсы тәрбие беруде қоғам алдында жауапты. Отбасы – бұл адамдардың әлеуметтік-педагогикалық тәрбие тобы, әрбір мүшенің өзін-өзі сақтау, ұрпақты жалғастыру және өзін-өзі сыйлау қажеттігінен туындайды. Бала тәрбиелеу деген - ерекше күш, яғни рухани күш жұмсау. Отбасында адамның жеке басының қасиеті қалыптасады. Отбасы барлығының басы, жан-жақты дамуының негізі болатын тәрбие институты. Отбасындағы ата-ана мен баланың қарым - қатынас нәтижесінде адамгершілік, эстетикалық, дене тәрбиесінің алғашқы үлгілері қалыптасады. Ал әке мен шеше баланың алғашқы тәрбиешілері. Ата-аналар бала бақытының шынайы бағбаны болуы тиіс. Бала әкеден ақыл,анадан мейірім алып өседі. Жас ұрпақты қоғамымыздың саналы азаматы етіп тәрбиелеу - тәрбиеші және отбасының негізгі міндеті. Бала тәрбиесі – әр сағат, әр күн сайын тынымсыз жүргізіле беретін аса жауапты, күрделі процесс. Ата - ана жауапкершілігі бәрінен биік болмақ. Ата-ана басты талапты өздеріне қойғандары жөн. Баланың тәрбие алуына қоғамнан өз орнын табуынжағдай жасауына әрбір ата – ана педагогикалық әдіс тәсілдерге сүйенгені дұрыс. Егер біз адамгершілігі зор, дені сау ұрпақ тәрбиелегіміз келсе, онда бұл мәселені «бүкіл әлеммен»: балабақша, отбасы, қоғам – шешуіміз қажет. Мектепке дейінгі ұйымдардың басты мақсаты – отбасында баланы тәрбиелеуге кәсіптік көмек беру, оны ауыстырмай, тәрбиелік функцияларын жүзеге асыруды толықтыру және қамтамасыз ету арқылы жүргізу. Қоғамымыздың іргетасын нығайту үшін бүгінгі жас ұрпаққа үлгілі, өнегелі тәрбие беру – қазіргі білім беру және тәрбиелеудегі басты міндеттердің бірі. Қазіргі заманда жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беру әлеуметтік құрылымның ең маңызды міндеттерінің біріне айналды. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білімді дамыту тұжырымдамасында «Мектепке дейінгі тәрбие үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы. Ол баланың жеке бас ерекшелігін ескере отырып дамытатын орталық» делінген. Баланы тәрбиелеу, дамыту және білім беру мәселелерінде отбасы мен балабақша ұжымының бірлескен өзара тығыз байланыста болуы. Қоғам үшін әр кезеңде, әр отбасында өсіп келе жатқан өрімдей ұл –қыздардың дені сау, рухани бай, еңбекке, білімге құштар болып өсуі-ең жоғарғы тілек, ең биік мақсат. Оның қуат алатын қайнар бастауы отбасы. Отбасының аса құнды ықпалы мен әсерін өмірдегі ешнәрсенің күшімен салыстыруға болмайды. Балаға ата-ана тәрбиесінің орнын ешнәрсе алмастыра алмайды. Отбасы-өмірге сәби әкеліп, оны тәрбиелеп, қалыптастыруда және ұрпақ жалғастыруда теңдесі жоқ орын. Тәрбие отбасы мен балабақша қатынастарына тікелей байланысты. Отбасы айтқанына көндіріп тәрбиелейді, ал балабақша оңтайлы қылық, дұрыс көзқарас қалыптастыруға ұмтылады. Отбасының балаға тәрбие берушілік қызметтінің мақсаты- балаланың жасын, жеке ерекшелігін, психологиялық процестерін ескере отырып, жарасымды жетілген ұрпақты тәрбиелеу. Бала бақыты - білімде. «Білім бір құрал. Білімі көп адам құралы сай ұста секілді, не жасаса да келістіріп жасайды », - дейді А.Байтұрсынов. Бүгінгі таңда болып жатқан өміріміздегі өзгерістерге байланысты ұстаздар мен ата – аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігі арта түсуде. Балаларды оқыту мен тәрбиелеуде отбасының басым ролін мойындай отырып бірлесе жұмыс жасау керек. Әрбір ұстаз ата –аналармен қарым-қатынас жасауда түрлі тәсілдерді, қазіргі жаңа технологияларды пайдалана отырып, ата-ананың қызығушылығын арттыру мақсатында жұмыс жасаса, ата - ананың балабақшаға, тәрбиешіге деген көзқарасы өзгерер еді. Мектепке дейінгі мекемелердегі оқу – тәрбие жұмысы ең алдымен, ата-аналармен жұмысты сауатты және дұрыс ұйымдастырудан басталады. Мектепке дейінгі ұйымның ата-аналармен өткізетін жұмысының тиімділігі: - мектепке дейінгі ұйымда, нақты топта балалармен білім беру үрдісінің мазмұнына ата-аналардың қызығушылығы; - ата-аналардың өздерінің бастамасымен туындаған пікірталастар; - ата-аналардың сұрақтарына өздерінің жауаптары; - ата-аналардың тәжірибелерінен мысалдар келтіру, педагогқа баланың ішкі әлеміне қатысты сұрақтар санын көбейту; - ал педагогикалық жағдайларды сараптау кезінде олардың белсенділігін көтеру, пікірталас сұрақтарын талқылау және міндеттерді шешу. « Ұстаз - бағбан, бала- гүл» деген қағида әр тәрбиешінің ұстаздық ұстанымы. Осы қағиданы ата – ана мен тәрбиеші бірігіп пайдалансақ балабақша бала үшін ең сүйікті мекенге айналар еді. Бағбанға гүлдің әйтеуір өскенінен, әдемі болып өскені қажет екендігі сияқты, ата – ана мен ұстазға да баланың әйтеуір ержеткенінен, әдепті болып есейгені қажеттірек. Бағбан өзінің өсірген гүлінің санымен емес, сапасымен мақтанатыны сияқты, ата – ана да баласының әдептілігімен мақтануы тиіс. Отбасындағы тәрбие төмендегі міндеттерді шешеді. Отбасында баланың өсуіне, денсаулығына қамқорлық жасау, тазалықты қалыптастыру. еңбексүйгіштікке баулу, тұрмыстағы, үй шаруасындағы еңбекке құлшынысын арттыру, өзіне - өзі қызмет етуге үйрету. - Отбасы мүшелерімен тіл табысып, дұрыс қарым - қатынас жасауға, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге үйрету . - Әдебиетке, мәдениетке, өнерге тәрбиелеу. Тәрбиешілер ата - аналарға ақыл - кеңес беріп, ұсынылатын тапсырмаларды тыңдау барысында төмендегідей қарым - қатынас ережелерін есте сақтауы керек; -Бір-біріне көңіл бөлу -Тыңдау -Сыйлау -Тиімді орынды таңдау - Әзілді сезіну -ұрыс-керістен сақтану сияқты Сонымен қатар ата -аналарға тәрбиеші сөзі әсерлі, отбасы қажеттіліктеріне байланысты екендігін түсіндіріп толық тыңдату үшін; · Сиқырлы сөздер айту; · Баласының жетістігін айту · Сенімді болу · Көңіл - күйіне қарау · Намысына тимеу · Материал арқылы сөйлесу ( анкета, тест, т.б) · Қарапайымдылық · Пікірін сыйлау Ата-аналар мен дәстүрлі түрде емес, қарым-қатынас жасау, қазіргі кезде педагогтардың да, ата-аналардың да арасында айрықша кеңінен таралғаның атап өткен маңызды. Олар телевезиялық көңіл көтеретін бағдарламалар және ойын түрінде әзірленеді және ата-аналармен формалды емес қарым-қатынас орнатуға олардың назарын балабақшаға бағытталады.Ата – аналармен жүргізілетін жұмыс түрлерін қалай ұйымдастыруға болады?Ол үшін біз ата - аналармен жақынырақ танысып, отбасының әлеуметтік жағдайын, отбасы мүшелерінің бала тәрбиелеудегі ролін анықтау үшін, ата –аналардың ұсыныс - пікірлерін, ойын бөлісу мақсатында сауалнамалар, анкеталық сұрақтар алуымызға болады. Сонымен бірге жыл бойғы жүргізілетін жұмыс түрлерін ата - аналармен бірлесе отырып жасаған тиімді. Себебі, ата -аналар заман талабына сай өзекті мәселелерді, отбасы тәрбиесіне байланысты тақырыптарды өздері ұсына алады. Сонымен қатар ата – аналардың ұсыныс –пікірлермен санаса отырып ата –аналарға арналған әңгімелер мен лекциялар, консультациялар, сұрақ – жауап кештері, тәрбие жұмысын алмасу жөніндегі конференциялар, ата – аналарды педагогикалық әдебиеттермен таныстыру әдіс- тәсілдері қарастырылады. Әлеуметтік дамытушы орта қалыптастыруға көмек көрсету. Мектеп жасына дейінгі балалардың жеке даралығын дамытуға отбасы мен мектеп жасына дейінгі мекеменің дәстүрлі емес өзара іс-әрекеті бірлігінің педагогикалық принципінің негізінде жүзеге асуынан байқауға болады. Тәрбиешілердің, қоғамдық ұйымдардың және отбасының ұрпақты тәрбиелеуде бірлесіп қоян-қолтық жұмыс істеуін талап етеді. Егер де тәрбиелеу күштері қалыптаспаса және бір-біріне қарама-қайшы келсе, онда бала психикалық жүктемелерге тап болады.
Қазіргі кездегі жасөспірімдердің арасындағы қылмыстың көбеюі, жастардың нашақорлығы, адамзаттың басынан төніп тұрған әр түрлі дерттің қанат жаюы, бүкіл әлемді алаңдатып отыр. Баланың негізгі тәрбиешісі-өзінің туып өскен ортасы, ата-анасы. Баланың дұрыс азамат болып өсуі немесе қате жолға түсуі көбінесе үлкендерге байланысты. «Баланы-жастан…» деген сөздің мазмұны өте терең. Себебі, есейіп кеткен соң баласының теріс мінезін, қалыптасқан қате көзқарасын өзгерту өте қиын. Жасөспірімдердің білім алуында, тәрбиесінің дұрыс қалыптасуында мектеп пен отбасының тығыз қарым-қатынаста болуы қажетті жағдай болып отыр. Педагогикалық ұжымның міндеттері: - ата-аналардың белсенді педагогикалық көзқарасын қалыптастыру; - ата-аналарды педагогикалық білім-білікпен қаруландыру; - ата-аналарды бала тәрбиесіне белсенді қатыстыру; ҚР Гуманитарлық академиясының академигі, педагогикалық ғылымының докторы, Қалыбекова Асма Ахметқызы былай деп жазған: «Бізде ұзақ уақыт бойы баланың тәрбиешісі-мектеп, ал отбасы оның көмекшісі, одақтасы деп келдік. Алайда, өмір тәжірибесінің көрсетуінше, тұлғаның ең басты тәрбиешісі отбасының өзі екен. Бұдан шығатын маңызды қорытынды: ата-аналар мектеп педагогтерінен кем емес деңгейде педагогикалық білім-біліктермен қарулануы тиіс» Шыныменен қай маман болмасын өнімнің сапалы болып шығуы үшін өз білімдерін толықтырып отырады. Ал ата-ана педагогикалық білімді қайдан және қалай алмақшы? Осы орайда ата-анамен жүргізілетін жұмыс формасын дұрыс ұйымдастыру қажеттігі туындайды.
Отбасын зерттеуде педагог төмендегідей мәліметтерге басты көңіл бөлуі керек Отбасы мүшелері және отбасының әлеуметтік материалдық жағдайлары мен мектеп ісіне деген қызығушылықтары туралы толық мәлімет Отбасындағы балалардың тәрбиелілік деңгейі Отбасының тәрбиелік мүмкіндіктері Отбасын зерттеуде сынып жетекшісі мына ережелерді сақтағаны дұрыс ата-аналар мен балалар өздерін зерттеу нысаны ретінде сезінбеуі тиіс; зерттеу мақсатты, жоспарланған, жүйелі болуы қажет; зерттеу әдістері мен тәрбие әдістері өзара байланысты болуы керек; психологиялық-педагогикалық әдістер түрленген және кешенді түрде қолданылуы керек; Отбасын зерттеу педагогқа не береді? Оқушы отбасын зерттеу педагогке отбасының тәрбиелік мүмкіндігімен оның күш-қуатының деңгейін анықтауға, соның негізінде бірлескен әрекеттің оңтайлы әдісін, формасын таңдауға, нәтижесінде тәрбие мәселесін табысты шешуге мол мүмкіндік туғызады. Ол үшін мұғалім дәстүрлі педагогикалық-психологиялық диагностика әдістерінің кешенін пайдаланады. Отбасын зерттеу-сынып жетекшіден кәсіби шеберлікті талап ететін өте күрделі мәселе. Жасалған әрекеттерден алынған нәтижелерге сараптау, талдау жұмыстарын жүргізе отырып, төмендегідей қорытындыға келу: -Төрт одақ жұмысын жандандыру;(отбасы, бала, мұғалім, қоғам) Ынтымақтастықты нығайтуда, мұғалімнің оқу-тәрбие жұмысындағы міндеттердің жүзеге асуына, ата-аналарды педагогикалық біліммен қаруландыруда, олардың белсенділіктерін көтеруде - ата-аналар жиналысының маңызы ерекше. Ата-аналар жиналысының тақырыптары мектептің жылдық жоспарындағы тәрбие жұмысының іс-шараларына, сыныптың жас ерекшелігіне, ағымдағы міндеттерге байланысты іріктеліп алынып, бір апта бұрын жиналыстардың өткізілу кестесі бекітіледі. Ата-аналар жиналысын дайындау ережесі Бірінші ереже -Ата-аналар жиналысының тақырыбы өзекті болуы керек. Екінші ереже -Ата-аналар жиналысы оларға ыңғайлы уақытта болуы тиіс. Үшінші ереже -Ата-аналарға жиналыстың өту жоспары белгілі болуы қажет. Төртінші ереже Жиналыс ата-аналармен сыйластық қарым-қатынаста өтуі керек. Бесінші ереже -Жиналыс жоғары дайындықпен өтуі тиіс. Ата-анамен жүргізілетін жұмыс формасынан күтілетін нәтиже -Отбасының әлеуметтік жағдайы туралы ақпарат құрылады -Мектеп өміріне қатысуға ата-ана өз қажеттігін сезінетіндей жағдай жасалады -Ата-аналар тақырыптық кеңестер алуына мүмкіндіктер туады -Шығармашылық кештер бағдарламасы жүзеге асады -қызығушылықтарына орай отбасылық клубтар құрылады -Әр түрлі типтегі жанұя мен мектеп арасындағы кері байланыстар ұйымдастырылады Ата-анамен бірлескен іс-әрекет арқасында тәрбиеленген тұлға диагностикасы шығады: Қарым-қатынас мәдениетін меңгерген; Алған тәрбие мен білімін өз өміріне пайдалана алатын; Отбасылық құндылықтар мен этномәдени құндылықтарға сүйіспеншілігі бар; Ата-ана мен Отан алдындағы перзенттік парыз бен борышты сезінетін тұлға тәрбиелеу.