Дәрістік кешен 1 ДӘріс


Психологиялық-педагогикалық білім беру формалары



бет45/46
Дата13.11.2022
өлшемі212,07 Kb.
#157893
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   46
Байланысты:
Д рістік кешен 1 Д ріс мектепке дейінгі йымда ы т рбиеші ж мысы

Психологиялық-педагогикалық білім беру формалары 


Педагогикалық білім беру-бұл бала тәрбиесінің көкейкесті мәселелерімен ата-аналарды таныстырады және оларды негізгі педагогикалық мәдениетін қалыптастыруға көмектеседі.
Дәрістер-бұл бала тәрбиесінің мәні мен маңызына жан жақты терең талдау жасау. Дәрістегі ең басты көңіл бөлетін мәселе-ол белгіленген жағдайға немесе құбылысқа талдау жасау болып табылады.

Конференция-бұл бала тәрбиесі туралы терең жан-жақты қарастыру және оны бекіту.Ата-аналарға арналған конференциялар-балабақшаның тәрбиелеу мен білім беру жүйесніде ерекше маңызды орын алады. Ата-аналарға арналған конференцияларда орын алады. Ата-аналарға арналған конференцияларда болашақ қоғамның азаматтарын тәрбиелеуді өзекті мәселелері қозғалып, оны тәжірибеде жүзеге асырудың жолдары нақты қарастырылады. Ата-ананың рөлі, бала тәрбиесіндегі қиындықтар, отбасы тәрбиесінің маңызы, т.б. тақырыптар болуы мүмкін.
Ата-аналар конференцияларына өте мұқият дайындық қажет. Мұнда белгілі ғалымдар , психологтар мен педагогтар, әлеуметтік педагог, дәрігер, т.б. міндетті түрде қатысады. Мұндай конференцияларға ата-аналар белсенді түрде қатысулар қажет. Олар өз іс-тәжірибелері тұрғысынан мәселеге талдау жасайды. Конференцияның ерешелігі –белгілі бір мәселенің жай-жапсарын шешудің нақты жолдары қарастырылуда.
Практикумдар –ата-аналардың бала тәрбиесі жайында, педагогикалық жағдаяттардан шығуда олрды педагогикалық ойлауларын жаттықтыру.
Ашық сабақтар- ата-аналарды бағдарлама бойынша қол жеткен жетістіктермен таныстыру, тәрбиешінің талаптарына ден қоюға бағыт беру. Мұндай сабақтарға ата-аналардың қатысуға балбақшадағы оқу-тәрбие жұмыстары жайында ата-аналардың педагогикалық сауаттылығын арттырады, баламен қарым-қатынас жасадың жолдарын үйренеді.
Жеке тақырыптық кеңестер-бұл ата-аналарменөзінің баласы жайында, балабақша тыныс-тіршілігі туралы ақпараттармен қамтамасыз етуде, пікір алысуда маңызды. Жеке кеңестердің тәрбиешінің отбасыментығыз байланыс орнықтыруында маңызы зор. Әсіресе, топты жаңадан жинақтағанда, мерекелік іс-шаралар қарсаңында жиі өткізіледі. Оған тәрбиеші алдын ала дайындалғаны абзал, ол үшін ата-анаға алдымен қандай сұрақтар қою керектігін ойланып, жоспарлап алғаны дұрыс. Жеке кеңестер таныстыру сипатында және ата-ана мен тәрбиешінің арасында тығыз байланыс орнықтыратындай бағытта болуы шарт. Тәрбиеші ата-аналарды өзінің кәсіби жұмысындағы төмендегідей маңызыды мәліметтермен таныстру мүмкін:
Баланың денсаулығының ерекшеліктері ;
Оның қызығушылығы мен іс-әрекетіндегі жетістіктері;
Отбасындағы қарым-қатынас мәдениеті;
Мінез-құлқындағы эмоционалдық әсерленуі;
Мінез сипатынын ерекшелігі;
Ойын іс-әрекетіндегі белсенділігі;
Құбылыстармен қарым-қатынас ерешеліктері, т.б.
Үйге бару – мұнда тәрбиешінің ата-аналармен жеке жұмысы және баланың отбасындағы жағдаймен танысу.
Ата –аналар жиналысы- тәрбиелеу мен білім беру жұмыстарына талдау жасау және тәжірибені педагогика ғылыми негізінде ой елегінен өткізу.
Жалпы ата-аналар жиналыс-жылына екі рет өткізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   46




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет