Дәрістік кешен 1 ДӘріс


Мектепке дейінгі ұйымдағы педагогикалық диагностика. Тәрбиешінің ұйымдастырылған оқу қызметін бағалау әдісі



бет36/46
Дата13.11.2022
өлшемі212,07 Kb.
#157893
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   46
Байланысты:
Д рістік кешен 1 Д ріс мектепке дейінгі йымда ы т рбиеші ж мысы

Мектепке дейінгі ұйымдағы педагогикалық диагностика. Тәрбиешінің ұйымдастырылған оқу қызметін бағалау әдісі.


Заманауи мектепке дейінгі ұйымдағы педагогикалық процесс әр баланың бірегейлігі мен ерекшелігін сақтауға, қабілеттілігін ашу мүмкіндіктерін құруға, олардың дамуын қамтамасыз етуге бағытталған. Сондықтан әр баланың қызығушылығы, мүмкіндіктері мен проблемалары туралы ақпараттың педагогте болуы педагогикалық үдерістің тиімді кепілі болып табылады. Балалардың интеллектуалдық, физикалық, тұлғалық дамуы мен білімдік жетістіктерінің динамикасының педагогке қадағалауға мүмкіндік беретін педагогикалық үдерістің сапасын бақылау жүйесінің қажеттілігі туындайды.
Білім беру практикасының қажеттілігімен қатар педагогикалық процестің сапасын бағалаудың тиімді жүйесін құру қажеттілігі Қазақстан Республикасындағы мектепке дейінгі ұйымдардың жұмысын реттейтін нормативтік құжаттардада көрсетілген. Мысалы, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың мемлекеттік жалпыға мінтетті стандартында (ҚР Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығымен бекітілген) «Тәрбиеленушілердің дайындық деңгейіне қойылатын талаптар тәрбиеленушінің жасына сәйкес оның жетістіктерін мониторингілеу негізінде
үлгілік оқу бағдарламасында күтілетін нәтижелер түрінде анықталған» делінген. Сондықтан үлгілік оқу бағдарламасының мазмұнын жүзеге асыру барысында жас ерекшеліктеріне сәйкес балалардың дамуын бағалау, яғни мониторинг өткізіледі.
Мектепке дейінгі білім беру жүйесінде «мониторинг» – біршама жаңа түсінік, сондықтан оның тұрақтанған «педагогикалық диагностика» және «бақылаумен» байланысын нақтылау керек.
Басқару іс-әрекетінің түрі ретінде бақылау аясында бақыланатын объекттің жоспарланған және шынайы жағдайы салыстырылады, мысалы, білім беру саласын игеру аясында балалардың жетістіктері. Ақпараттың едәуір санын жинау мектепке дейінгі ұйымның (МДҰ) іс-әрекетін бақылауды ұйымдастыру барысында жиі кездесетін проблема болып табылады.
Білім сапасына білім беру жүйесінің талаптарының ұдайы артуы МДҰ-ғы мониторинг жүйесін қалыптастыру туралы шешімді қабылдаудың басқа негізі болып табылады. Білім берудің мақсаттары мен міндеттерін түсінудің жалпы тәсілдеріне сүйеніп және мектепке дейінгі буынның ерекшелігін ескере отырып мектепке дейінгі білім берудің сапасын балабақшадағы балаларды тәрбиелеу мен оқыту процесінің нәтижелігі мен жағдайын анықтайтын әлеуметтік категория ретінде қарастыру керек. Сонымен бірге мектепке дейінгі білім берудің сапасы, МДҰ-да ұсынылатын білімдік қызметтерден педагогтер мен ата-аналардың күтулерін қанағаттандыру деңгейі мен МДББ ғылыми негізделген мақсаттар мен міндеттерге жету деңгейі ретінде түсіндіріледі.
Мониторингтің өлшеуіш құралдарын әзірлеудің қарастырылуы келесі қадамдағы бағыттылығын анықтау болып табылады, ол мониторинг аясындағы диагностикалық шараларды өткізудің критерийлері мен әдістері.
Критерий (грек тілінен kriterion – пайымдау құралы) – бағалаудың негізінде жасалатын, бір нәрсенің класификациясы немесе анықтамасының қасиеті деп түсіндіріледі, бұл пайымдаудың, бағалаудың өлшеуіші. Критерий – объект, құбылыс немесе үдерісте қандайда болсын қасиеттің барын көрсетеді. Мысалы, мектепке дейінгі ересек балалардың денсаулық сақтау құзыреттіліктерінің критерийлері келесідей анықталады:
денсаулық, салауатты өмір сүру салтымен байланысты әңгімелер, ойындық міндеттер мен проблемалық жағдаяттардың мазмұнына баланың қызығушылығы;
негізгі қимылдарды орындау кезінде шығармашылық таныту;
топтағы балалармен бірге қимыл-қозғалыс ойын іс-әрекеттерін ұйымдастыру;
қауіпсіздік ережелерін саналы түрде орындау, шынықтыру рәсімдерінің маңыздылығы мен қажеттілігін түсіну. Мониторингте критерийлерге бір өте маңызды талап қойылады – критерий өлшемді жасауға мүмкіндік беру керек


Мектепке дейінгі білім беру жүйесінде мониторингтің келесі қырларын бөлуге болады:
мектепке дейінгі білім беру жүйесін дамыту мақсатында ұлттық, аймақтық, жергілікті деңгейлерде МДҰ білім беру қызметінің сапасының бағалауын талдау, жүйелі және тұрақты жинау;
кері байланысты құру үшін шаралар, жасалған іс-әрекеттердің бағалануы мен анықталуын қамтамасыз ететін басқару циклында дербес буын, яғни педагогикалық жүйесінің-әрекетінің нақты нәтижелерінің сәйкестігі туралы


Мониторинг жүйесін ұйымдастырудың оңтайлы тәртібі бастапқы (оқу жылының басында), аралық және қорытынды (оқу жылының аяғында) диагностикалық өлшемдерді енгізуден тұрады.
Сондықтан балабақшаның педагогикалық процесінде мониторингті қолдану, анықталған проблемаларды шешуге мүмкіндік береді өйткені мониторинг келесіні болжайды:
өзгеру динамикасын анықтау мақсатында бірдей критерийлер бойынша объекттерді зерттеуді;
өлшемдік шаралардың минималдығы, ықшамдылығы және олардың педагогикалық процске енгізілуді.
Мониторинг жүргізудің нәтижесінде мектепке дейінгі ұйымдағы проблемаларды талдау, сараптау негізінде балалар мен педагог кадрларымен жұмыс жасау сапасын арттыруға болады.
Болашақта мониторингтік зерттеу жүргізілуіне байланысты тәжірибені ескере отырып, жұмыста тек сандық деректер ғана қолданылады. Сонымен қатар дұрыс бағытта жүргізілген педагогикалық талдау мен жоспарлы жүйе мектеп жасына дейінгі балалар мен педагогтердің жетістіктерге жетуін ынталандырып, мектепке дейінгі ұйымның рейтингілік бағасының артуына себепкер болады.
Балалардың дамуына мониторинг жүргізуде педагог: - Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стнадарты талаптарын; - Үлгілік оқу бағдарламасының мазмұнын; - Бақылу парға мен Баланың жеке даму картасын толтыру тәртіптерін білуі; - мектепке дейінгі педагогика мен психология негіздерін; - баланың біліктері мен дағдыларының даму деңгейін өлшеу әдістері: бақылау, ойын жағдаяттарын құру, ойын, әңгімелесу, сұрақтар мен жауаптар, өнімді әрекет түрлерін; - мектепке дейінгі жастағы баланың біліктері мен дағдыларының даму деңгейін есептеу әдістерін; - ақпараттық-коммуникациялық технологияларды игеруі қажет. Мониторингтің субъектісі мектеп жасына дейінгі 1 жастан 6 жасқа дейінгі балалар. Мониторингтің объектісі балалардың жасы мен «Денсаулық», «Коммуникация», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеумет» білім беру салалары бойынша күтілетін нәтижелерге сәйкес олардың физикалық, зияткерлік және жеке қасиеттері. Стандарт талаптары бала дамының 3 деңгейі болуын қарастырады және бала жетістіктерінің мониторингі негізінде жасына сәйкес іске асырылады: 1) 1-деңгей – бала белгілі бір қимыл мен біліктерді қайталай алады; 2) 2-деңгей – бала не істеп жатқанын түсінеді, белгілі білім қорына ие; 3) 3-деңгей – бала өзінің білетінін жасай алады, білімін өз бетінше шығармашылықпен қолданады. Мониторинг нәтижелерін алу әдістері: - балаларды бақылау; - әңгілелесу; - бала әрекетінің өнімдерін талдау; - диагностикалық жағдаяттар. Жетекші әдіс – бақылау, ол балаға табиғи жағдаятта, күнделікті өмірде жүргізіледі. Диагностиканы жүргізу кезеңдері: жылына 3 рет – оқу жылының басында, ортасында және соңында: - бастапқы – қыркүйек; - аралық – қаңтар; - қорытынды – мамыр. 5 Мониторинг жүргізу ерте жас тобынан басталады. Бастапқы бақылау индикаторлары Бақылау парақтарында берілген (1 қосымша). Аралық (2 қосымша) және қорытынды (3 қосымша) диагностиканың индикаторлары аталған топ үшін Үлгілік бағдарламада анықталған жартыжылдық бойынша күтілетін нәтижелер болып табылады. Басқа топтар (сыныптар) үшін Бастапқы бақылаудың индикаторлары алдыңғы жас топтарының күтілетін нәтижелері (II жартыжылдық) болып табылады. Педагог баланың біліктері мен дағдыларының даму деңгейі бойынша диагностика нәтижелерін Бақылау парағына енгізеді. Аралық бақылау І жартыжылдық қорытындысы бойынша жүргізіледі, ол әр баланың біліктері мен дағдыларының даму деңгейінің динамикасын анықтайды. Қорытынды бақылау ІІ жартыжылдық соңында өткізіледі, ол Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында анықталған балалардың біліктері мен дағдыларының даму деңгейіне сәйкестілігін айқындауға мүмкіндік береді. Әр диагностика нәтижелерін педагог Бақылау парағында білім беру саласы бойынша толтырады. Содан соң топ (сынып) бойынша Жиынтық есеп жасалады (4 қосымша), ол білім беру ұйымы бойынша Жиынтық есеп жасау үшін әдіскерге (оқу-тәрбие ісінің меңгерушісіне) беріледі ( 5 қосымша). Бақылау парағында алынған мәліметтер негізінде Баланың жеке даму картасы толтырылады ( 6 қосымша). Баланың жеке даму картасы баланың мектепке дейінгі ұйымда және мектепалды даярлық сыныбында болатын барлық уақытына жүргізіледі. Баланың жеке даму картасының «Түзету іс-шаралары» бөлімін диагностиканың қорытындысы бойынша балалармен жұмыс істейтін педагогтер мен мамандар толтырады. Баланың жеке даму картасының «Қорытынды» бөлімінде диагностиканың әр кезеңінен кейін баламен жеке түзету жұмысын жүргізу үшін педагогикалық процесстің міндеттері мен мазмұнын айқындайды. Мониторинг нәтижелері келесі білім беру міндеттерін шешу үшін ғана қолданыла алады: - баланы қолдау, оның білім траекториясын құру немесе оның даму ерекшелігін кәсіби түзету үшін білім беруді даралау (жеке тұлғалық бағыт қағидасын іске асыру); - балалар тобымен жұмысты белсендендіру.
Мектепке дейінгі жаста бала дамуының алдағы өмірлік негізі қаланады. Л.Н.Толстой: «Бес жасар баладан маған дейін – бір-ақ қадам. Жаңа туғаннан бес жасар балаға дейін ғаламат аралық». Дей тұрғанмен бұл баланың басына неғұрлым молырақ білім құюға тырысу қажет дегенді білдірмейді. Мұнан гөрі мектеп жасына дейінгі баланы ойлауға, дербестігін дамытуға, ой-пікірі мен бағалау тәуелсіздігіне, көре білуге үйрету айтарлықтай маңыздырақ.
Осыған байланысты қазіргі кезеңде мектеп жасына дейінгі балаларға білім беру жаңа – біліктілік парадигмасына сәйкес құрылады, яғни білім берудің негізгі мақсаты мектепке дейінгі балалар бойында білім энциклопедиясы болуды емес, негізгі біліктіліктерді қалыптастыру болып отыр. Бұл мақсат білімнің жылдам ескіруіне, жаңа жағдайларда білімді қолдануға қатысты әмбебеп қабілеттердің жоқтығына байланысты. Біліктіліктердің білім, іскерлік және дағдыдан принциптік айырмашылығы, адам оларды игеріп, білім берудің бұл нәтижесін, яғни қалыптасқан біліктілікті қызметтің басқа түрлерінде пайдалана алатындығы болып табылады.
Сондықтан тәрбиеленушілердің бойында шешуші біліктіліктерді қалыптастыру қазіргі кезеңде мектепке дейінгі білім берудің әлеуетті міндеттердің білі болып табылады:
- Танымдық – қоршаған орта туралы белгілі бір түсініктердің, жетілген психикалық үрдістердің болуы, жаңа ақпарат тауып, қолдана білуге қабілеттілік;
- Коммуникативтік-тілдік – өз қатарластарымен және ересектермен өзара қарым-қатынас орната білуді дамыту, негізгі тіл нормаларын меңгеру;
- Денсаулық сақтаушы – салауатты өмір салтына әдеттену, сенсорлық-қозғалыстық-кіші және үлкен моториканы дамыту;
- Әлеуметтік – бұл әлеуметпен бірге (отбасы, қатарластары, елдегі және әлемдегі ересек адамдар) қалыптасу және әрекет ете білу;
- Шығармашылық – нысана мен шынайы құбылыстардың қасиеттерін ажырата отырып, қабылдау, бақылай білу; музыка, бейнелеу өнері мен суретшілер, халық өнері туралы өнертану ұғымдарының кейбір негіздері.
Бұл ретте әрбір жас кезеңі біліктіліктерді меңгерудің белгілі бір дәрежесімен сипатталады (мектепке дейінгі кіші жастағы барынша қарапайым нәтижелерден бастап – мектепке дейінгі жоғары жастағы барынша күрделісіне дейін). Баланың білім беру салаларының бірінде табысты болуы оның басқа білім беру саласындағы табыстылығы мен даму деңгейіне байланысты. Осы тұрғыдан шыға отырып, стандартта педагогикалық үрдісті ұйымдастырудың 3 маңызды қағидасы берілген: ойында, қатынасуда, еңбекте жүзеге асатын ықпалдастық, жіктеу, жекелеу. Және де басты екпін педагогикалық үрдісті ұйымдастыруға түсіріледі, оның барысында бала оқытылады, тәрбиеленеді және дами түседі.
Жаңа мемлекеттік стандарт қабылданғанға дейін педагогтер балалардың даму мониторингін жүргізу кезінде технологиялық төселмеген, сыналмаған, ғылыми және тәжірибелік тұрғыдан құндылығы күмәнді болжамдау әдістерін пайдаланып келгендері құпия емес. Педагогтер зерттелетін сапаның бағалау критерийлерін түсіндіруге қиналатын, ал болжамдау нәтижелерін мектепке дейінгі балалардың тіршілік әрекетін жоспарлау мен ұйымдастыру кезінде педагогтер мен мамандар пайдаланбады. Педагогтер мектепке дейінгі балалар жетілуін болжамдау үшін негізінен бағдарлама бөлімдерін таңдады (тіл дамыту, қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру, сауат ашуға даярлау және т.б.). мұндай болжамдаудың нәтижелері бала жетілуінің шынайы көрінісін бере алмай, осыдан келіп педагогикалық үрдіс тиімділігін арттыру мүмкін болмады.
Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған бағдарламалардың мектеп бағдарламаларынан айырмашылығы, оған әдетте, оқытуға байланысты мазмұн ғана кірмейді, баланың балабақшадағы бүкіл өмірі айтарлықтай жан-жақты суреттеледі. Міне, сондықтан мектепке дейінгі жастағы болжамдау білімді, іскерлік пен дағдыны
айқындауды толық мөлшерде тіреу ете алмай. Бұл жастағы бала үшін белгілі бір білім саласындағы пәннен алған білім көлемі емес, одан гөрі осы білім саласындағы пәннен алған білім көлемі емес, одан гөрі осы білімді игеріп алудың тәсілдері маңызды.
Балалардың даму индикаторларына негізделген мониторингтің жаңа жүйесі бала дамуын бақылап отырудың басқа жолдарын топшалап отыр. Баланы кешенді сүйемелдеуді басқару үрдісінің негізін біліктіліктің даму мониторингімен жеке білім беру траекториясы бойынша оның қозғалысын жобалау құрайды. Бұл ретте мониторингтің мақсатты бағдары баланың бес білім саласы бойынша біліктілікті даму көрсеткіштері, ал бағалау формасы – индикаторлар жүйесі болып табылады.
Индикаторлар жүйесінің құрылымы мынадай:
- Көрсеткіш – осы жас кезеңінде бала дамуынан күтілетін нәтиже, бұл педагогтерді, ата-аналарды баланың жете даму параметрлері туралы басты ақпаратпен қамтамасыз етеді, балаға бір жас кезеңінен басқасына өтуге көмектесетін негіз болады;
- Білім беру саласы – білім беру мазмұнын айқындайтын санат.
Индикаторлар жүйесі біліктілікті дамытудың 3 деңгейі бар деп жобалайды:
- Бала қандай да бір әрекетті ересекпен бірге немесе оның көрсетуімен жаңғыртады;
- Бала өзінің не істеп отырғанын түсінеді, яғни бірі білім қоры болады;
- Бала өзі білетін және істей алатындарын ересектің көмегінсіз пайдаланады.
Мектепке дейінгі балалардың біліктілікті даму көрсеткіштерімен қалай жұмыс істеу керек?
1 кезеңде
Педагогке балалардың біліктілікті даму көрсеткіштерін зерделеу қажет. Барлық деректер бүкіл бес білім беру саласы бойынша әр балаға ашылған жеке карталарға кіргізіледі. 2-3 жасар баланың жетілу деңгейін сипаттайтын біліктілікті даму көрсеткіштері 3-4 жастағы бала үшін қайталанбайды, өйткені ол жасы айырмашылығы шегіне қарай оларды қолдану деңгейінде игеруі тиіс. Бұлай болмаған жағдайда, осы бағыттағы жұмыс келесі жас кезеңінде жалғасады, үйретудің жаңа амалдары мен әдістері таңдалады. Индикатор көрсеткіштерді игеру дәрежесін үш деңгейде тіркейді – «жаңғыртады (қайта көрсетеді)», «түсінеді», «қолданады». Жеке байқау картасында, бірінші «Жылдың басы» графасында біліктілікті даму көрсеткішін игеру деңгейі тіркеледі: жаңғыртады (ж), түсінеді (т), қолданады (қ). «Барлығы» графасында индикаторлардың жалпы саны есептеліп, пайызы шығарылады.
«Педагогтің міндеттері» делінген төртінші графада білікті даму көрсеткіштерін баланың неліктен меңгермеуінің себептері мен ерекшеліктері көрсетіліп, баламен жеке жұмыс жүргізу міндеттері қойылады.
2 кезеңде
Алынған деректер негізінде бала дамуы білім беру траекториясының жеке картасы толтырылады. Жеке білім беру бағытының картасы «баланың таяудағы даму аймағын» ескере отырып толтырылады. «Таяудағы даму аймағы» дегенде баланың ендігі өздігінен қолдана білетін меңгеріп алған әрекеттері тәсілі мен тек ересектермен бірге ғана жақсы көрсете алатын тәсілі арасындағы айырмашылықты ұғыну керек. Ұстаздар педагогикалық үрдісті ұйымдастыру барысында әр аптаға циклограмма құрады, сондықтан оларға жеке білім беру бағытында көзделген ойындар мен жаттығулар қажет.
3 кезеңде
Педагогикалық үрдіс тиімділігінің тұтас көрінісін жасау үшін балалардың барлық топтары үшін әр біліктілік бойынша жинақталған кесте толтырылады. «Жыл басында», «Жыл соңында» графаларына баланың жеке бақылау картасынан алынған
көрсеткіштер саны, яғни баланың жаңғыртқаны (ж), түсінетіні (т), қолданатыны (қ) көсетіледі. «Барлығы» жолында осы көрсеткішті меңгеру деңгейімен балалардың жалпы саны, балалардың жалпы санынан алғандағы осы көрсеткіштің орындалу пайызы беріледі.
Осылайша, индикаторлар негізінде бала дамуының қарқынын айқындау педагогтерге әрбір баланың өзінің даму деңгейінде ұстап тұруға, жеке мүмкіндіктері мен қажеттіліктері есебі негізінде оның алға басуы үшін жағдай жасауға жол ашады. Сүйемелдеуге жүйелі (үздіксіз), кешенді және саралау сипатын беруде педагогтерге бала портфолиосы (төлқұжаты) жәрдемдеседі. Сүйемелдеудің үздіксіздігі оның барлық жас кезеңдерінде іске асырылатындығында. Портфолиода бала туралы оның балабақшаға келген сәтінен бастап, бітіргенге дейінгі мәліметтері бар. Сүйемелдеудің кешендігі мектепке дейінгі ұйым мамандары: психологтың, логопедтің, дене тәрбиесі нұсқаушысының, музыка жетекшісінің және т.б. үйлескен жұмысынан көрініс табады. Сүйемелдеудің дифференциялануы тәрбиеленуші үшін проблеманың барынша пайдалы шешілуін, әдістер мен тәсілдер жеке таңдалуын ниет етеді.
Сонымен, мониторингтің жаңа жүйесі педагогтер қолында баланың даму деңгейі туралы сенімді және шын ақпараттың болуына мүмкіндік береді, бұл оны сапалы түрде жеке сүйемелдеуге ықпал етеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   46




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет