Дәрістік кешен Дәріс. Кіріспе дәріс


Шығыс мектептерінің қалыптасу тарихы



бет11/39
Дата10.02.2022
өлшемі229,5 Kb.
#131351
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   39
Байланысты:
Дәріс

Шығыс мектептерінің қалыптасу тарихы.
Шығыс ойшылдарына Әл-Фараби, Махмұд Қашқари, Жүсіп Баласағұн, Ибн Сина, Әбу-Райхан әл Берунид, Мұаммед Насыреддин Әт-Туси, Фирдауси Әбілқасым, Низами гәнжәуи, Қожа Ахмет Иассауи, Мұхаммед Хайдар Дулати, Қадірғали Жалайри, Әлішер Науаий, Өтебойдақ Тілеуқабылұлы сияқты ұлы ғұламаларды атауға болады.
Әбу Насыр Мұхаммед ибн Узлағ Тархан Әл-Фараби (870-950) ойшыл, философ, әлеуметтанушы, математик, физик, астроном, ботаник, лингвист, логик, музыка зерттеушісі. Қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысының жерінде көке Фараби (қазіргі замандағы Отырар) қаласында туған. Әл-Фараби есімі дүние жүзі мәдениеті мен ғылымның тарихынан берік орын алады. Оны Шығыстың Аристотелі деп атаған. Екі жүз қырыққа жуық трактат жазған. Соның ішінде ең негізгі еңбектеріне «Философиялық трактаттар», «Әлеуметтік-этикалық трактаттар», «Риторика», «Поэзия өнерінің каноны туралы трактат», «Қайырымды қала тұрғындары», «Бақытқа жету жолында», «Музыка туралы үлкен кітап».
Әл-Фараби тағылымның тәрбиелік мәні мынадай болды: адамға ең алдымен тәрбие беру қажет, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауын даярлап шығарады. Тәрбиеге халықтардың бойына білімге негізделген этникалық ізгіліктер мен өнерлерді дарыту деп өзіндік тұрғыдан анықтама берген. Ол имандылық, адамгершілік, әдептілік жоғары ізгі қасиеттер деп тұжырымдаған.
Махмұд Қашқари 1030-1090 жылдары өмір сүген. Махмұд абы Хусейн ибн Мұхаммед Қашқари Баласағұн қаласында (Қырғызстанның қазіргі Тоқмақ қаласы) туған. Негізгі еңбектері: «Диуани лұғат- ат-түрік», «Түрік тілінің синтаксистік жүйесінің негіздері» және т.б. «Түрік тілдері сөздері жинағының» лексиграфиялық мәні тілдің сөздік құрамындағы актив сөздер мен пассив сөздерді айыра қарап, екеуін екі құбылыс деп есептейді. Онда антоним мен синоним сөздер, омоним сөздер мен метафоралар, диалект сөздер бас-басына ажыратылып, түсіндіріліп отырады. Махмұд Қашқари тілді зерттей отырып, білімді кеңейту: адам бойындағы ізгі қасиеттер тәрбие арқылы қалыптасады деп ой түйіндеген.
Көне дәуірдегі түркі халықтары мәдениетінің тербеліп өскен бесігі Шу мен Іле өзені аралығында ұлан байтақ өлкеден ХІ ғасырда аты әлемге әйгілі ақын, философ, қоғам қайраткері Жүсіп Хасхаджиб Баласағұн (1011-1075) музыкант отбасында дүниеге келген. «Құтты білік» дастанының авторы. «Құтты білік» 1069 жылы жазылған. Бұл – саясат, өнеге, тәрбие жөнінде толғаныс тапқан, үлкен тәрбиелік мәні мен мағынасы бар, тағылымы – терең, философиялық трактат.
Баласағұн адамның дамуы, жеке адам баласының жетілуі, өсуі тікелей тәрбиенің жетістігі, ол адам табиғатына байланысты бола отырып, оның тарихи дамуының үстінде үнемі өзгеріске ұшырайтынын анықтаған. Ол өз ана тілінде білім алу, терең меңгеру, ана тілінің көркемдік қуатын әлемге таныту – адам дамуы, жеке адамның жетілуі, дамуы тәрбие жемісі деп санаған. Тарихи тұрғыдан даму өзгерістерге әкеледі деген пікір білдірген.
Ибн Сина ойшыл ғұлама 980-1037 жылдары өмір сүрген. Ибн Сина – ұлы гуманист. Ол еңбек тәрбиесіне гуманистік, қоғамдық тұрғыда қарайды. Ибн Синаның мемлекетке «жалпы» адамзатқа «арналған» және адамдар санасын, білімін, оқып үйрену, тәрбие алу үшін арнаулы қаржы бөлуге тиіс деген тұжырым жасаған.
Қожа Ахмет Иассауи (ХІІғ) – мұсылман әлеміндегі ғұлама ойшылдардың бірі, ақын, ағартушы, философ. Иассауидың басты еңбегі «Диуани хикмет» («Ақыл кітабы») рухани және гуманисттік бағытта жазылған. Иассауи хикметтерінің жеке өз басының түркілерге кеңінен танымал болу себебі – ол ұстамдылыққа және өзін-өзі жетілдіруге шақыратын құнды этикалық идеяны көтерді.
Мұхаммед Қайдар Дулати 149-1551 жылдыры өмір сүрген. Дулати «Тарихи Рашиди», «Джаханнама» және т.б еңбектерінің авторы. Ол тәрбие адамды ақылшылдықққа, адамгершілікке үйретеді деп санайды. Адамгершілік пен ақыл-ой тәрбиесі ұғымдарын алғашқылардың бірі болып енгізді.
ХІІ ғасырдың ортасынан Орта Азияға ислам тарады. Ғалымдар араб жазбаларына дейін ежелгі түріктерде жазудың болғандығын анықтаған. Vғасырда Орта Азияның алфабиттік негізі Орхон жазба ескерткіштері болған. Арабтардың ұлттық сана сезімінің дамыған, мәдениетінің кең өркен жайған кезі – VІІ ғасыр.
Арабстанда ислам дінінің пайда болуына байланысты VІІ ғасырдың ІІ жартысында Үлкен Араб халифаты ашылды. Араб тілінің негізінде ежелгі Шығыс мәдениеті мен антикалық мәдениет ұштастырыла дамыды. Араб халифаты мектептерінде ұлдарға жазу, сызу, оқудан басқа құдайға сенуді оқытты. Мектептерде міндетті түрде Құран қасиетті кітабы оқытылды.
Мұсылман мектептері ХІV ғ. екінші жартысынан Қазақстан бойынша зерттеле бастаған, бірақ олар туралы мәліметтер жоқтың қасы.
ХХ ғасырға дейінгі Қазақстандағы мектеп пен педагогиканың қалыптасу тарихы.
1892 жылы Торғай облысы Илецк уезінде 7 мұсылман мектебі болған, облыс бойынша 1890 жылы 11 мұсылман медресесі болған, кейбір құжаттар бойынша, 1885 жылы тек Түркістан уезінде 107 мектеп, 2 медресе болғаны көрсетілген.
Т.Тәжібаев өз зерттеулерінде мұсылман мектептерінде болыстарда 2863 бала оқығаны, олардың 2067 ұл, 796 қыз бала оқығаны туралы мәлімет береді. Архивтік деректерге сүйеніп, Жетісу облысы бойынша (1903жыл) мұсылман мектептері туралы мынадай мәлімет берген: «Қазақ даласындағы мұсылманның дәстүрлі конфессисналдық діни мектептердің тарихы тым әріден басталатыны жұртқа мәлім. Еліміздің оңтүстік аймақтарындағы қалаларда VІІІ-ІХ ғасырлардан бастап, көптеген діни мектептер, медреселер, мешіттер, кітапханалар болған. Ол оқу орындарында мыңдаған қазақ балалары оқып білім алған».(архив құжаттары 1тізілі,10бума)
Қазақстан медреселерінің ең ескісі және ең үлкені – Түркістан қаласының күншығысында Қаратау бөктерінде орналасқан айтулы қарнақ (қазіргі аты-Атабай) медресесі. (Медресе араб сөзі мадрас-мектеп, училище) оны бітіргендердің білім дәрежесі кезінде Бұхара, Самархан, Ташкент қаласындағы медреселердің шәркірттерінін кем болмаған. Сол сияқты Түркістан, Шымкент, Сайрам, Әулие-Ата, Ақмешіт, Мерке, Семей, Амола, Қарқаралы қалаларындағы мешіт-медреселермен қабат ХІХғ.екінші жартысынан бастап, ауылды жерлерде көрнекті мешіт-медреселер ашыла бастады. Мешіт-медресе деп қосарлап атап отырған себебіміз, мешіттер тек қана намаз оқитын орын емес,оларды міндетті түрде балалар оқитын мектеп үйі ретінде де пайдаланған. Үлкен әйгілі мешіттердің жанында медреселер де болған.
ХІХ ғ. аяғында Ресей империясының кейбір отарларының экономикалық жағдайы бірсыпыра дұрысталып, ұлттық буржуазияның саны көбейіп, қоғамдық санасы оянды. Оларға орыстың 1905-1907 жылдардағы буржуазия демократиялық төңкерісі де зор ықпал жасады. Ресейдің шеткі аймақтарындағы бұратана халықтар қазіргі заман мәдениеті мен ғылыми-техникалық өркениетке ұмтылды, жас ұрпақтың білімі мен тәрбиесін өмір талабына сәйкес қайта құру мәселелерін қолға алды.
Еуропада білім, тәрбие алған буржуазия зиялылары зор белсенділік танытты. Олар дін мектептерін Еуропа педагогикасының ғылыми әдістемелік жетістіктері негізінде қайта құру, мектептерде дін мектептерін тежеп, оның орнына жас ұрпаққа өмірге қажетті дүниелік ғылымдардың негізін оқыту, үздіксіз дамып отырған ғылыми-техникалық жаңалықтарды, сауда-саттықтың, экономиканың негіздерін меңгеруге баулу заман талабынан туып отырған басты міндет, маңызды мәселе деп түсінді. 1906 жылы тамыз айында Нижний Новгород қаласында мұсылман халықтарының Бүкілресейлік ІІІ съезі шақырылып, онда қабылданған талаптардың негізінде жадиттердің ұсынысы алынды. Съезде мұсылман елдері мектептерінде сабақты оқушылардың өз ана тілінде жүргізуді, барлық мұсылман мектептерінде орта тұрақты оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларын жасауды және мұсылмандар үшін жалпыға бірдей міндетті бастауыш білім жүзеге асыруды талап еткен қаулы қабылданды.
Қазақстанда алғаш жадид мектептерінің ішіндегі ең алғашқыларының бірі Жетісу уезі, Қапал уезіне қарасты Қарағаш деген жерде (қазіргі Талдықорған облысы, Ақсу ауданы, Жаңа қоған ауылы) 1899 жылы ашылған ағайынды Маман Тұрысбек қажы Қыдырәлі ұлдарының медресесі деп аталған. Маманияда оқу мерзімі 5жыл. 1913 жылы онда 102 шәкірт оқыды. Сол кезде маман бас бастамасын Қырғызстанда (ол да Жетісу облысына жатады) қолдаған адам белгілі Манап Шабдан Жантаев болды. Ол 1908 жылы Шар-су деген жерде жадид медресесін ашты. Оны қырғыз бауырлары Шабдания деп атаған. Маман бас медресесінің жылына 4 мың сомға дейін қаржы жұсалды. Сондықтан, маманияда оқу-тәрбие жұмыстарына қажетті кітаптар, оқулықтар, көрнекі құралдар жеткілікті болды.

Мамания медресесінде оқытылған пәндер:



  1. Қазақ тілі (оқу, жазу) 1-кл.

  2. Есеп (арифметика) 1-кл.

  3. Иман-шарт – 2-кл.

  4. Құран – 2кл.

  5. Орыс тілі – 3кл.

  6. Пайғамбарлар тарихы – 3кл.

  7. Жағрафия – 3кл.

  8. Зоология – 4кл.

  9. Ислам діні тарихы – 4кл.

  10. Татар тарихы – 5кл

  11. Хадис (пайғамбарлық өсиет) – 5кл.

1889 жылы Құсайыновтың қаржысымен ашылған Хұсайния медресесінде ХХғасырдың басында қазақтың белгілі ғалымы Құдайберген Жұбанов (1899-1938), т.б. зиялы азаматтар жоғары білім алып, ағарту мәдениет саласында жемісті еңбек етті.
Бұл кезеңде ағартушылықпен айналысқан қазақ зиялылары педагогика тарихы мен мектептердің дамуына зор үлес қосқан ағартушы-педагогтар деп Ш. Уалиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев, Ш. Құдайбердиев, М. Жұмабаев т.б. Ш. Уалиханов (1835-1865) «Қазақ шежіресі», «Манас», «Жоңғар очерктері», «Қырғыздар туралы жазбалар» және т.б. Қазақ халқының білімінің сипаты гумандық, халықтық сипат алады деп санаған. Әділетке білім мен ғылым ғана жеткізеді. Көшпенділер прогресті оқу-ағарту барысында еркін дамыды.
Ыбырай Алтынсарин (1841-1889) ең басты мәселе оқу білімге, ғылымға қол созу деп санаған. Дүниенің кілті ғылымда деп түсінді, халықты толықтай білімдендіру керектігіне аса мән берген. Ол үшін мектеп ашу керек, сондай-ақ кәсіпке бейімдеу керек дей отырып, ана тілінде білім алуға және оқулықтар қажеттігіне баса көңіл аударған. 1864 жылы Торғайда қазақ мектебін ашқан.
Абай Құнанбаев (1845-1904ж) «Қара сөздері», «Ғылым таппай мақтанба», «Интернатта оқып жүр», «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» т.б. Гуманистік тәрбие беру, барлық адамдарды оқыту, тәрбиелеу; имандылыққа тәрбиелеу, ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұстау.
Ш.Құдайбердиев (1858-1930) «Үш анық», «Қалқаман-Мамыр», «Еңлік-Кебек», «Мұсылмандық шарт». Тәрбие гуманистік, демократиялық, имандылық тұрғыдан берілу керек, ұлттық білімді жетілдіру, рухани жан дүниені байыту.
Ахмет Байтұрсынов (1873-1937) «Жаңа емле ережесі», «Маса», «Қырық мысал», «Малшы мен мысал». Қазақ алфабитінің негізін қалаған, қазақ тілі әдістемесінің негізін салған, халықты оқуға, білімге, өнерге, бостандыққа, теңдікке, шақырған, қазақтардың надандық шырмауынан шығарудың бірден-бір жолы ғылым-білімге ұмтылу, оқу-ағарту ісімен айналысу деп санаған.
Жүсіпбек Аймауытов (1889-1931) «Психология», «Тәрбиеге жетекші», «Жан жүйесі және өнер таңдау», «Сабақтың комплекстік жүйесінің әдістері» және т.б. «Білімнің адамзат игілігіне жұмсалуы, жұсалмауы тәрбиеге байланысты деп тұжырым жасаған. Тәрбиесіз білімді адам сол білімін адамзаттың игілігіне де, сорына да жұмсайды... Тәрбие, оқу, білімді жағымсыз қылықтардан құтылудың құралы» деп санаған.
Мағжан Жұмабаев (1893-1938). «Педагогика», «Мен жастарға сенемін» т.б.
М. Жұмабаев балаға тумай жатып тәрбие керек деп тұжырымдаған. Сондай-ақ, бала дүниеге келгеннен бастап, жас ерекшелігін ескере отырып, тәрбие берілуі тиіс деген ойды да нақтылаған. «Білім де, тәрбие де өз ана тілінде берілуі керек деп санаған. Ұлттың ұлт болуындағы бірінші шарт – тілдің болуы дейді. «Тіл – адамның жанының тілмашы» (М.Жұмабаев).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет