Үлестірмелі материалдар. кестелер, слайдтар, муляждар, планшеттер.
Бақылау сұрақтары (кері байланысы):
1. Нейрон дегеніміз не?
2. Синапстың түрлері?
3. Мионевральды синапстың жұмысы?
Негізгі әдебиеттер.
Қазақ тілінде: негізгі:
1. Рақышев, А. Р. Адам денесі. 3 томдық. Т.1. Сүйектер туралы ілім. – М.:ГЭОТАРМедиа,2014
2. Кузенбаева, Ә. О. Адам анатомиясы. 1 - кітап: оқу құралы /. - Алматы : Эверо, 2016. - 292 бет. с.
3. Кузенбаева, Ә. О. Адам анатомиясы. 2- кітап : оқу құралы . - Алматы : Эверо, 2016. - 248 бет. с.
4. Досаев Т.М. Адам анатомиясы.-Ақ-Нұр, 2013
5. Адам анатомиясы : оқулық - Алматы : ЖК "Ақнұр", 2013.
Қосымша әдебиеттер.
1. Жұмабаев У., Әубәкіров Ә.Б., Досаев Т.М. ж.т.б. Адам анатомиясы, атлас. І,ІІ том. Астана: «Фолиант», 2005.
№57 Тақырып. ОЖЖ-дегі қозудың таралу еркшелігі.Жүйкеорталықтары,зерттеу әдістері
Мақсаты: студенттерге жүйке жүйесінің физиологиясы туралы түсініктеме беру
Дәріс жоспары
ОЖЖ-нің жеке физиологиясы
Торлы құрылым физиологиясы
Ортаңғы ми
Дәріс тезистері
Орталық жүйке жүйесі - адам мен жануарлардың жүйке клеткалары (нейрондар) мен оның өсінділерінен тұратын жүйке жүйесінің ең негізгі бөлігі. Орталық жүйке жүйесі омыртқасыз жануарларда бір-бірімен тізбектеле орналасқан жүйке түйіндерінен (ганглийлерден), ал омыртқалы жануарларда жұлын мен мидан тұрады. Тірі организмді құрайтын түрлі органдар жүйелерінің қызметтерін үйлестіріп, реттеп отырады. Осы қызметтерді Орталық жүйке жүйесі жұлын жүйкелері (31 жұп) мен ми жүйкелері (12 жұп) арқылы атқарады. Бұл жүйкелер омыртқааралық және вегетативтік жүйке түйіндерімен бірге шеткі жүйке жүйесін құрады. Әр түрлі рецепторлардан тітіркену процесінде пайда болатын жүйке импульстары орталыққа тепкіш (афферентік) жүйке талшықтары арқылы Орталық жүйке жүйесіне келеді. Бұл жерде импульс мәліметтері өңделіп, Орталық жүйке жүйесінің орындаушы бөлімдері - орталықтан тепкіш (эфференттік) жүйке талшықтары арқылы "бұйрықты" тиісті орнына жеткізеді. Нәтижесінде Орталық жүйке жүйесінің ең негізгі қызметі - рефлекстің жүзеге асуын қамтамасыз етеді.
ОЖЖ-нің жеке физиологиясы
Нейрон немесе жүйкелік жасуша - мидың құрылымдық-қызметтік бірлігі. Нейрон мынадай бөліктерден тұрады: дендрит, нейрон денесі немесе сомадан, жалғыз өсінді аксоннан; аксон төмпешігі мен кішігірім құрылымдардан.
Дендриттің қызметі келген қозуды қабылдау, ал аксонның қызметі қозуды келесі нейронға өткізу.
Нейронның түрлері: Өсінділеріне байланысты: униполярлы (жалғыз өсінділі жасуша), биполярлы (екі өсінділі жасуша), мультиполярлы (көп өсінділі жасуша).
Әсеріне байланысты: қоздырушы (бөлінген медиатор қоздырушы болса, мыс: ацетилхолин, катехоламин) және тежеуші (бөлінген медиатор тежеуші болса, мыс: ГАМҚ, глицин).
Түрлі тітіркендіргішке сезімталдығына қарай нейрондар моно-, би- және полисенсорлы деп бөледі.
Нейроглияның қызметі. Глия (желім) - бұл мидың көлемінің 10%-тін құрай отырып, нейрон арасындағы кеңістікті толтыратын, арнайы әр түрлі пішінді жасушалардан түзілген жүйке жүйесінің құрылымы.
Глиальды жасушалардың өлшемі жүйке жасушаларынан 3-4-есе кіші болып келеді, сүтқоректілердің ОЖЖ-де олардың саны 140 млрд-қа дейін жетеді. Жас ұлғайған сайын мида нейрондардың саны азайып, ал глиальды жасушалардың саны өседі.
Глияның мынадай түрлерін ажыратады: астроглия, олигодендроглия, микроглия.
Астроглия - көп өсінділі жасуша. Астроглия нейронға тірек болу қызметін атқарады, жүйке талшықтарын оқшаулап, нейронның метаболизміне қатысады.
Олигодендрологлия - бұл бір өсінділі. Ол аксонның миелинуінде, нейрондардың метаболизміне қатысады.
Микроглия - глияның өте кіші жасушалары. Оның фагоцитозға қабілеті жоғары.
Рефлекс доғасы, жүйке доғасы -- рефлекс процесіне қатысатын жүйкелік құрылымдар жиынтығы. Бұл терминді 1850 жылы ағылшын ғалымы М.Холл ұсынған. Рефлекс доғасы жүйке жүйесінің функциялық негізі болып табылады; қарапайым (екі нейронды, жалғыз синапсты) және күрделі (көп нейронды, бірнеше синапсты) болып бөлінеді. Рефлекс доғасының күрделілігі оның құрамына енетін аралық нейрондар санына байланысты.
Ең қарапайым доға бес буыннан: рецепторлар, орталыққа тепкіш жүйке, жүйке орталығы, орталықтан тепкіш жүйке және атқарушы орган -- эффектордан тұрады. Орталық жүйке жүйесінің негізгі қызметі рецепторлар мен эффекторлар арасын шапшаң және тиімді түрде байланыстыру, яғни сыртқы орта мен организмнің жауап реакциясының арасындағы үйлесімдікті қалыптастыру. Кез келген рефлекс дұрыс өту үшін Рефлекс доғасының тұтастығы қажет. Егер бұл тұтастық бұзылса, рефлекс туындамайды. Кез келген рефлекс атқарушы органның тітіркеніске қайтарған жауабымен ғана шектелмейді. Тітіркенуге жауап берілгеннен соң эффектордан орталық жүйке жүйесіне афференттік сигналдар, қайтарымды импульстар жіберіледі. Осы импульстар арқылы орт. жүйке жүйесі эффектор қызметінің тітіркеніс сипатына сәйкестігін анықтап, оның әрекетін бақылап, қажет болса қосымша импульстер жіберіп, түзетулер енгізіп отырады. Осыған байланысты соңғы кезде Рефлекс доғасы деген ұғым рефлекс сақинасы деген ұғыммен алмастырылып жүр. Рефлекс сақинасы Рефлекс доғасынан қосымша буындардың болуымен ерекшеленеді. Сақина қосымша афференттік жолмен аралық нейрон арқылы тұйықталады. Бұл құрылымдар арқылы тітіркеніс мүшенің өзіндегі рецепторлардан қозғағыш нейрон орталығына қайта оралуын қамтамасыз етеді.
Рефлекторлық доға. Әрбір рефлекстің жүзеге ауысуына, рецептордан орындаушы ағзаға жүйкелік импульс тарайтын жол рефлекторлық доға (РД) деп аталады. РД келесі 5 бөлімнен тұрады:
1. Рецептор, ол тітіркендіргіш әсерін қабылдайтын құрылым.
2. Афферентік жол, ақпаратты рецептордан ОЖЖ немесе жүйке орталығына жеткізетін жол.
3. ОЖЖ немесе жүйке орталығы -ақпаратты афференттік жолдан қабылдап, оны түзеді және талдау қызметін атқарады.
4. Эфференттік жол- талданылған ақпаратты ОЖЖ - шеткі мүшеге немесе орындаушы мүшеге жеткізетін жол.
5. Орындаушы мүше- жеткізілген ақпарат бойынша өз әрекетін өзгертеді, яғни белсенділікке өтеді.
Жұлын. Жұлын - ағзаның барлық қимыл-қозғалыс реакцияларының жүзеге асуына қатысады. Ол бастың бұлшықеттерінен басқа, барлық қаңқа бұлшықеттерін жүйкелендіреді.
Жұлын - мойын, көкірек, бел, сегізкөз, бөлімдерден тұрады.
Кескенде;а) сұр затында алдыңғы; артқы; бүйірлі (көкірек және бел) мүйіздер болады. б) Ақ затында- жұлынның өткізгіш жолдары бар .
Жұлынның артқы түбірі сезімталдылықты, ал алдыңғы түбірі қозғалысты қамтамасыз етеді. Бұл Белла-Мажанди заңдылығы деп аталады.
Жұлынның алдыңғы түбірін кескенде (R) қозғалысы(-); сезімталдығы(+); ал оның артқы түбірін кескенде (R) қозғалыс(+); сезімталдығы(-) болады.
Торлы құрылым физиологиясы
Торлы құрылым (ретикулярная формация) (formatioreticularis, лат. formatio -- құрылым, reticulum -- тор) -- сопақша ми сұрзаты ядроларының арасында орналасқан, жүйке жасушалары мен жүйке талшықтарының торланған өрімдерінен құралған мидың үйлестіргіш аппараты. Торлы құрылым ми діңгегі құрылымдарын (сопақша ми, ортаңғы ми, аралық ми) байланыстырып, күрделі рефлекторлық доғаның іс жүзіне асуын қамтамасыз етеді. Ол ортаңғы жөне ромбы төрізді ми орталықтарын біріктіріп, үйлестіру қызметін де атқарады. Торлы құрылым сопақша мидағы тыныс алу және жүрек-тамырлар жүйесінің орталықтарын түзеді.
Орталық жүйке жүйесінде сүр және ақ заттармен қатар торлы құрылым (ретикулярлы формация) деген атпен белгілі болған түзіліс кездеседі. Ол пішіні мен мөлшері әртүрлі торшалардың шоғырлануы нәтижесінде пайда болады. Осы торшалардың шашыраңқы орналасқан өсінділері бір-бірімен айқасып, қиылысып, тор тәрізді зат құрайды. Торлы зат орталық жүйке жүйесінің көптеген бөлімдерінде орын тебеді. Жұлында ол астыңғы және үстіңгі мүйіздер аралығында -- бүйір бағанда орналасады. Торлы құрылым жұлынның мойын бөлігінде анық байқалады, дегенмен, ол ми сабағында жақсы шоғырланған. Торлы құрылым ми сабағының медиальдық бөлігі мен өзегін ала жатады да, көру төмпектеріне дейін созылады. Тіпті, көру төмпешіктері мен гипоталамусте де бүл күрылымның элементтерін кездестіруге болады. Торлы құрылымды алғаш XIX ғасырдың аяғында Дейтерс ашқан. XX ғасырда оның морфологиясы терең зерттеліп, көптеген ерекшеліктері анықталған. Торлы құрылымды қщрайтын нейрондар өсінділері қысқа келеді де, өте көп тарамданады және олар топтасып, көптеген ядролар құрайды. Тек қана сопақша мида торлы құрылымның 90 ядросы орналасады. Мидың ешбір бөлімдерінде торлы құрылымдағыдай мөлшерде ядролар кездеспейді. Бұл торлы құрылым қызметінің күрделілігінің, жан-жақтылығының белгісі.
Торлы құрылым нейрондары дененің белгілі бір бөліктерімен нақтылы байланыс түзбейді. Олар әртүрлі рецепторлардың ... жалғасы
Достарыңызбен бөлісу: |