Дәрістік кешен пән: жкп 05 Анатомия және физиология Мамандығы



бет145/152
Дата13.12.2022
өлшемі434,65 Kb.
#162453
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   152
Байланысты:
дәрістік кешен ФАП-1

Үлестірмелі материалдар. кестелер, слайдтар, муляждар, планшеттер.
Бақылау сұрақтары (кері байланысы):
1. Қалқанша бездің топографиясын, оның массасын және өлшемдерін сипаттаңыз.
2.Қалқанша маңы бездерінің анатомиялық сипаттамасын беріңіз.
Негізгі әдебиеттер.
Қазақ тілінде: негізгі:
1. Рақышев, А. Р. Адам денесі. 3 томдық. Т.1. Сүйектер туралы ілім. – М.:ГЭОТАРМедиа,2014
2. Кузенбаева, Ә. О. Адам анатомиясы. 1 - кітап: оқу құралы /. - Алматы : Эверо, 2016. - 292 бет. с.
3. Кузенбаева, Ә. О. Адам анатомиясы. 2- кітап : оқу құралы . - Алматы : Эверо, 2016. - 248 бет. с.
4. Досаев Т.М. Адам анатомиясы.-Ақ-Нұр, 2013

70 Тақыры. Бүйрек үсті безі. Жыныс бездері. Орналасуы, құрылысы.


Мақсаты: Оқушыларды организмнің гуморалдықреттелуідің биологиялық процестерімен таныстыруды жалғастыру
Дәріс жоспары
1) Бүйрек үсті бездері.
2) Адреналин гормоны.
Дәріс тезистері
Бүйрекүсті безі (glandulasup-rarenalis, лат. glandula -- без, supra -- үсті және ren -- бүйрек) -- бүйректің ішкі және жоғарғы (адамда -- артқы) жағында орналасқан, пішіні бүйрекке ұқсас, бірақ мөлшері тіптен майда, жұп ішкі секреция (эндокринді) безі. Бүйрекүсті безі -- шығу тегі екі түрлі жеке құрылымнан (мезодермаспланхнотомынан және жүйке түтігі қыршаларынан) дамып қалыптасады. Ол сыртынан тығыз дәнекер ұлпалы қапшықпен (капсуламен) қапталған. Бүйрекүсті безінің сыртқы жағында орналасқан қыртысты заты -- қуыстық мезодермадан қалыптасқан интерренальды денеден, ал ішкі бозғылт заты -- симпатикалық түйіндермен бірге жүйке қыршаларынан жетілетін супраренальды мүшеден қүралған.
Бүйрек үсті без сырт жағынан фиброзды қабықпен қапталған жұп без. Ол сыртқы қыртыстық қабатқа және ішкі -- боз затқа бөлінеді. Қыртыстық қабат үш аймаққа бөлінеді сырткы -- шумақты, ортаңғы -- шоғырлы және ішкі -- торлы аймақтар. Әр аймақ өзіне тән гормондар түзеді. Бозғылт зат хром тұздарының әсерінен сарғыш түске боялған хромаффиндікторшалардан құралған. Бұл кабатта көптеген нерв талшықтары мен ганглиоздық (симпатикалық) нерв торшалары кездеседі.
Бездің қыртыстық қабатында түзілетін гормондар минералокортикоидтар (альдостерон, дезоксикортикостерон), глюкокортикоидтар (гидрокортизон, кортизон, кортикостерон), андренокортикоидтар (андростендион, андростерон, эстрон, прогестерон) болып 3 топқа бөлінеді
Минераакортикоидтар организмде минералды заттардың алмасуын -- натрий мен калий деңгейін, реттейді. Минералокортикоидтар жетіспесе организм натрийді, суды, хлоридтерді көп бөліп шығарады да, ішкі ортаның қасиеттері өзгеріп, тіршілік жағдайлары бұзылады.
Глюкокортикоидтаркөмірсулар, белоктар, майлар алмасуына әсер етеді, ұлпаларда белоктың ыдырауын күшейтіп, олардың синтезін бәсеңдетеді. Глюкокортикоидтар әсерімен қан құрамындағы амин қышқылдарының мөлшері өсіп, олар бауырда глюкоза мен гликогенге айнала қордағы май шығыны артып, қуат алмасуы күшейеді. Бұл гормондар антиденедердің түзілуін баяулатып, қабыну процесін өршітпеуде маңызды орын алып, булығу (стресс) тудыратын әр түрлі қолайсыз факторлардың әсеріне бейімделуде маңызды рөл атқарады.
Бүйрек үсті безінің қыртыстық бөлігінің қызметі нашарласа адам аддисон дертіне шалдығады тері қола түске боялып, адам арықтайды, тәбет нашарлап, қандағы қант мөлшері азаяды, қан қысымы төмендейді, астения (әлжуаздық) пайда болып, ішкі ортада натрий мөлшері азайып, калий мөлшері көбейеді.
Бездің боз затында адреналин және норадреналин гормондары түзіледі. Бұл гормондар катехол туындысы болғандықтан катехоламиндер деп аталады. Олардың әсері симпатикалық нерв әсеріне ұқсас, сондықтан оларды симпатикалық аминдер деп те атайды.
Адреналин тираминнің туындысы, ал норадреналинметилсізденген адреналин болып табылады, оның құрамында метил тобы болмайды.
Катехоламиндергликогенолиз және липолиз процестерін шапшаңдатады, көмірсулар мен майлар алмасуына әсер етіп, жылу реттеу, қан айналым процестеріне, бұлшық ет әрекетіне, ОНЖ-сі, тыныс алу және қан түзу мүшелерінің қызметіне ықпал жасайды. Адреналин жүрек етінің қозғыштығын күшейтіп, жиырылу күшін арттырды, жүрек жұмысын жиілетіп оның минуттық көлемін көбейтеді, қан қысымын жоғарылатады. Норадреналин жүрек етінің қозғыштығын өзгертпейді, жүрек жұмысын баяулатады. Бұл екі гормон да жүрек тамырлары арнасын кеңейтіп, тері тамырларын тарылтады, бауыр мен бұлшық еттерде гликогеннің ыдырауын күшейтіп, қандағы глгокозаның деңгейі жоғарылатады. Катехоламиндер организмді белсенді әрекеттерге дайындайды.
Бүйрек үсті бездері қос мүше. Олар оң және сол бүйректерінің жоғарғы жағында орналасқан, салмақтары 6-12 гр. әрқайсысы қыртьысты және милы қабаттан тұрады. Қыртысты қабатының салмағы 4,5 - 10 гр. милы қабаты 1,2-2, гр. шамасында болады. Бұл бездің салмағы аз болғанымен тіршілік маңызы зор. Егер жануарлардыңекі безінде сылып алып жатса ол бір аптаның ішінде өліп қалады: жануар тез әлсіреп тамақтан қалады, арықтап салмағы азаяды жүрек қан тамырлар жүйесінің жыныс үшелерінің ас қорыту мүшелерінің бүйректің зәр шығару қызметі нашарлайды.
Бездің милы қабатын қалдырып, қыртыс қабатын кесіп алып тастаса жануар тез өліп қалады. Милы қабатын алып тастап қыртыс қабатын қалдырсақ айтарлықтай өзгеріс ұзақ уақыт өмір сүре алады. Мұның себебі милы қабатты құрайтын хромофин клеткалар бүйрек үсті безінің басқа мүшелерде (кейбір ірі қан тамырларының бойында перифириялықганглеаларда) кездеседі.
Бүйрек үсті безінің қыртыс қабаты қырықтан астам кортикостеройдтар тобына жататын гормондар түзеді. Олардың бәрі холестериннің өніміне жатады. Ффизиологиялық қызметіне қарай кортикостеройдтар үш топқа бөлінеді.
1. Глюкокортикойдттар (ГКС)
2. Минералкорткойдтар (МКС)
3. Адренокортикойдтар (АКС)
Глкокортикойдтар бүйрек үсті безінің қыртысы қабатының шашақты зонасында түзіледі. Бұл топқа кортизаль (өте активті гармон), кортизон және кортикостерон (гармондық активтілігн төмендеу) жатады. Глюкокортикойдтар (ГКС) зат алмасуының барлық түріне ықпалын тигізеді. Тері, бауыр, ет, май, дәнекер және лимфа ткандерінде ГКС әсерінен бірқатар ферменттердің (трансаминоза, аксидоза, гиролоза т.б.) активтіліг күшейеді. ГКС-дың қабынуға алергияға қарсы тұруы қабілеттерін арттыру имунодепрессивтік әсерлерінің маңызы мүлде ерекше.
Минерал кортикойдтар бүйрек үсті безінің түйнекті зонасында пайда болады. МКС-тер бүйрек тканінде тер және сілекей бездерінде ас қорыту жолының тілегейлі қабатындағы клеткаларға әсер ету арқылы сумен тұздардың алмасуын ерттейді.
Адренокортикостеройдтар - андростерон, эстэрол және прогестеронретикулярлық зонаның клеткаларында түзіледі. Жыныс бездерінің гармондарына қарағанда әлсіздеу келеді олардың маңызы әсіресе балалық және қартайған шақта зор болады. Адам қартайып жыныс бездерінің қызметі тоқтаған кезде бүйрек үсті бездері негізгі жыныс гармондарын түзуші мүше болып қалады.
Бүйрек үсті бездерінің милы қабатының гармондары негізінен екеу: Адреналин және Корадреналин. Адреналин бүйрек үсті безінде ғана ал Корадреналин басқа мүшелерде де пайдаболады. Адреналин жүрек қан тамырлар жүйесіне күшті әсер етеді. Ол жүректің жұмысын күшейтіп соғу риттулін тездетеді.
Бүйрек үсті безінің қыртысты заты функционалды тұрғыдан екі бөлікке бөлінеді: АКТГ — тәуелсіз шумақты аймақ және АКТГ-ға тәкелді шоғырлы және торлы аймақ. Шумақты аймақта альдостерон синтезі ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесі, аденогипофиздің АКТГ әсерінен автономды реттеледі. АКТГ тек минералокортикоидтарбиосинтезінің алғашқы сатыларына ғана әсер етеді. АКТГ секрециясы түсіп қалғаннан кейін автономды қызмет атқаратын шумақты аймақ (торлы және шоғырлы аймаққа қарағанда) атрофияға ұшырамайды. Осыған байланысты бүйрек үсті безі қыртысты затының барлық аймағының бұзылуымен сипатталатын біріншілік бүйрек үсті безі жеткіліксіздігіне қарағанда, екіншілік бүйрек үсті безі жеткіліксіздігінің ағымы жеңілірек өтеді.
Гипоталамус-гипофизарлы-бүйрекүсті безі жүйесінің бөлігі болып табылатын шоғырлы және торлы аймақтың басты секреторлы және трофикалық ынталандырушысы аденокортикотропты гормон (АКТГ) болып табылады. АКТГ бөлінуі теріс кері байланыс қағидасына сай кортикотропинрилизинг-гормонымен (КРГ) реттеледі. Кортизолдың тәуліктік қан сарысулық концентрациясының динамикасы АКТГ-ның циркадтысекрециялау ырғағымен анықталады. Екі гормонның да максимальды мөлшері таңғы сағат 6-ға, ал минимальды мөлшері- 20–24 сағатқа сай келеді. АКТГ жолашары үлкен көлемдегі проопиомеланокортин (ПОМК) ақуызы болып табылады, ол ыдыраған кезде АКТГ, меланоцитстимулдеуші гормон (МСГ) және β-липотропты гормон (β-ЛПГ) түзіледі.
Бүйрек үсті безінің қыртысты заты өмірлік маңызды ағза болып табылады және оның екі басты қызметін ажыратуға болады:

• Ағзада натрийдің ұсталуы мен ішкі ортаның физиологиялық осмолярлығының тұрақтылығын альдостерон қамтамасыз етеді.


• Ағзаның сыртқы ортаның стресстік түрткілерге адаптациясын (ағзаға әсер ететін барлық түрткілер кешені: инфекциялық және жарақаттаушы агенттерден бастап, эмоционалды стресстерге дейін) глюкокортикоидтар қамтамасыз етеді, яғни адам ағзасында бұл қызметті кортизол (гидрокортизон) атқарады.


Ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесі су, электролиттер гомеостазын реттеп, жүйелік артериялық қысымның тұрақты түрде болуын қамтамасыз етеді. Ангиотензин II өте күшті физиологиялық вазоконстриктор болып табылады және альдостерон синтезін ынталандырады. Оның нысана ағзасы-бүйрек, ангиогензин ІІ бүйректің дисталді және жинақтаушы түтікшелерінде натрийдің кері сіңірілуін күшейтеді (4.4 сурет).
Глюкокортикоидтар зат алмасуға жан-жақты әсер көрсетеді. Бір жағынан бауырда глюконеогенезді белсендіреді, екінші жағынан ақуыз катаболизмінің күшеюінен шеткі тіндерде (бұлшықет, лимфоидты тінде) глюконеогенездіңаминқышқылды-субстраттарының бөлінуін ынталандырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   152




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет