Дәрістік кешен пән: жкп 05 Анатомия және физиология Мамандығы



бет147/152
Дата13.12.2022
өлшемі434,65 Kb.
#162453
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   152
Байланысты:
дәрістік кешен ФАП-1

Үлестірмелі материалдар. кестелер, слайдтар, муляждар, планшеттер.
Бақылау сұрақтары (кері байланысы):

  1. Декомпенсирленген қантты диабет кезіндегі терінің өзгерістерін сипаттаңыз

  2. Гипогликемиялық команың дамуының жиі себебі

  3. Науқас стационарға мынадай шағымдармен келіп түсті. Ауыздың құрғауына, шөлдеуіне, кіші дәретке жиі шығуына . Сіз қант диабетіне күдіктендіңіз. Алдымен қанда қай көрсеткіштің деңгейін анықтау қажет

Негізгі әдебиеттер.
Қазақ тілінде: негізгі:
1. Рақышев, А. Р. Адам денесі. 3 томдық. Т.1. Сүйектер туралы ілім. – М.:ГЭОТАРМедиа,2014
2. Кузенбаева, Ә. О. Адам анатомиясы. 1 - кітап: оқу құралы /. - Алматы : Эверо, 2016. - 292 бет. с.
3. Кузенбаева, Ә. О. Адам анатомиясы. 2- кітап : оқу құралы . - Алматы : Эверо, 2016. - 248 бет. с.
4. Досаев Т.М. Адам анатомиясы.-Ақ-Нұр, 2013


Модуль 9.Сезім мүшелері

71 Тақыры.Көру мүшесі, құрылысы, қызметі. Көздің қосалқы мүшелері.Көру анализаторының өткізгіш жолдары мен орталықтары.
Мақсаты: Көз алмасының құрылысын, көздің қабықтары мен ядросы неден құралғанын және қызметін, көздің көмекші аппаратын, көру анализаторының өткізгіш жолын, иіс сезу ағзаларын студенттерге үйрету.


Дәріс жоспары
1)Көз алмасының құрылысы
2) Көздің қабықтары
3)Көздің көмекші аппараты
Дәріс тезистері
Көз алмасы – бұл жұп мүше, бас сүйектегі көз шарасында орналасады. Көз
алмасы сыртқы немесе фиброзды, ортаңғы немесе тамырлы, ішкі немесе торлы
деп аталатын үш қабықтан тұрады. Бұл қабықтар көздің ішкі мөлдір
құрылыстарын қоршап тұрады.
Көздің сыртқы қабығы фиброздық қабық деп аталады. Екіге бөлінеді:
қасаң және ақ қабық.
Қасаң қабық – мөлдір, тегіс, жылтыр, сфералы, тамырсыз, аса сезгіштік,
оптикалық гомогенділігіменерекшелінеді. Қасаң қабық жарық сәулелерін
сындыруға қатысады, көздегі өте күшті оптикалық орта болып саналады. 5
қабатты ажыратамыз:
1-алдыңғы эпителий; 2-алдыңғы шекаралық пластинка; 3-меншікті зат; 4-артқы
шекаралық пластинка; 5-артқы эпителий. Қасаң қабықта қантамырлары мүлдем
жоқ, тек қана лимбтің беткейлік қабаттары қасаң қабық маңылық қантамырлар
өрімінен және лимфалық тамырлармен жабдықталған. Қасаң қабықтың сезгіштігін
үшкіл нерв жүзеге асырады. Үшкіл нерв пен беттік нервтер құрамында
қоректендіру талшықтары да бар. Зат алмасу құбылыстарын реттеп тұруға
симпатикалық нерв жүйесі де қатысады. Қасаң қабықта 80-ге жуық түрлі нерв
талшықтары бар.
Ақ қабық (sclera) – көз алмасының коллагендік және созылғыш талшықтарынан
тұрады. Ақ қабық өзінің басты массасын құрайтын меншікті заттан, оның
үстіңгі беткейлік жұқа пластинкасы мен ішкі қоңыр түсті пластинкаларынан
тұрады. Талшықтар ретсіз, батысып, шырмалып жатқандықтан ақ қабық мөлдір
болмайды. Жаңа туған балаларда ересектерге қарағанда ақ қабық созылғыштау
және жұқарақ болғандықтан ішкі пигментті қабықтың түсі оны көгілдірлеу етіп
көрсетеді. Шынында ақ қабықтың өзінің қан тамырлары аз, бірақ та тамырлы
қабық қантамырлары осы склера арқылы өтеді. Ақ қабықтың алдыңғы бөлігін
тесіп өтетін қантамырлар тамырлы қабықтың алдыңғы бөлігіне бағыт алады. Ақ
қабықтың артқы бөлігі қантамырларға байырақ. Ақ қабықтың барлық үш
қабатында да оның қантамырлары өзара жалғасып байланысқан. Үшкіл нервтің
көздік тармағының кірпіктік талшықтары ақ қабықтың сезгіштігін қамтамасыз
етеді. Симпатикалық талшықтарды ол мойынның жоғарғы симпатикалық түйінінен
алады. Көз алмасының жан-жаққа қозғалуын қамтамасыз ететін сыртқы 4 тік
және 2 қисық бұлшықеттердің тарамыстары ақ қабыққа жабысып бірігеді.
Көздің ортаңғы қабығы тамырлы қабық деп аталады. Ол шатыраш қабық,
цилиарлы дене, меншікті тамырлар қабығы – хориоидея болып үш бөлімге
бөлінеді.
Нұрлы (шатыраш) қабық – мөлдір қасаң қабық пен бұршақ аралығында орналасқан
түсті дөңгелек перде тәрізді. Шатыраш қабық пен қасаң қабық аралығында
сұйықтыққа толы кеңістік қалады, ол кеңістікті алдыңғы камера (camera
anterior) деп атайды. Шатыраш қабықтың алдыңғы бөлігінде көп өсінді
пигментті хроматофор клеткалары мен алтын тәріздес пигментті ксантофорлар
және күміс тәріздес пигментті гуанофорлар бар. Шатыраш қабықтың артқы
бөлігі фусцинге бай пигментті клеткалары бар болғандықтан қара түсті
болады. 10-12 жастағы балаларда шатыраш қабық тұрақты түске ие болады.
Негізінен нұрлы қабықта екі бұлшықет бар деп айтылады. Нұрлы қабық
қантамырлар жүйесі артқы ұзын кірпіктік және алдыңғы кірпіктік
артериялардан құралады. Ал веналары санымен де тармақталу түрімен де
артерияларына сәйкес емес. Нұрлы қабықта лимфатикалық тамырлар жоқ, ал
бірақта артериялар мен веналар жанында қуыстар бар. Нұрлы қабық сезгіш, көз
қимыл және симпатикалық нерв тармақтарымен қамтамасыз етілген. Қарашықтың
кеңеюі мен тарылуын негізінен парасимпатикалық және симпатикалық нервтер
жүзеге асырады. Симпатикалық жолдар сақталып, парасимпатикалық жолдар
зақымдалса, қарашықтың жарық сәулеге, конвергенциялық және аккомодациялық
жауаптары мүлдем болмайды. Жаңа туған балаларда қарашық тар және жарыққа
нашар жауап береді, жеткіліксіз кеңейеді, ал жас өспірімдерде кеңірек (4
мм) болады. Қартайған шақта нұрлы қабықтың созылғыштық қасиеті күрт
төмендейді де қарашықтар кішірееді, олардың жарыққа берер жауаптары
нашарлайды. Нұрлы қабық көздің ішкі сұйықтығының пайда болуы мен оның
көзден шығып кетуіне қатысады және де қантамырларының кендігі өзгеріп
тұрады.

Кірпікті немесе цилиарлы дене – нұрлы қабық пен меншікті тамырлы қабық


аралығындағы тұйық шеңбер. Кірпікті дененің артқы шегі ирек сызықта бітеді
де осы арадан меншікті тамырлы қабық басталады. Кірпікті дененің алдыңғы
ішкі кедір-бұдырлы бетінде өте кең жайылған тамырлар торына ие дәнекер
тканді тірегі – стромасы бар. Бұл бөлімде көптеген өсінділер болғандықтан
оның беті кедір-бұдыр болады. Артқы жағына қарай өсінділердің саны азайып,
олар кішкене бүктесін қатпарларға айналады. Өсіндер негізгі мен аралық
болып екіге бөлінеді. Негізгі өсіндердің екі жақ бүйірлеріне бұршақты өз
орнында ұстап тұратын жалғамалардың немесе кірпікті белдіктің талшықтары
бірігеді. Бірақта бұл өсіндерге талшықтардың бірігуі тек аралық қана
бірігу. Кірпікті дене бұлшықет пен дәнекер тіндерден тұратын тамырларға бай
хориоидеяныңмезодермалық және тор қабықтың екі қатар эпителиінің жалғасы
нейроэктодермалық бөліктерінен тұрады. Оның мезодермалық бөлігіне төрт
қабат кіреді: 1-супрахориоидея, 2-бұлшықетті қабат, 3-өз өсіндерімен
тамырлы қабық, 4-негізгі пластинка. Тор қабықтық бөлігіне түсті пигментті
және түссіз пигментсіз екі қатар эпителий кіреді. Кірпікті дене ақ қабықтың
топшысына біріккен. Кірпікті дене құрылысында кірпіктік немесе
аккомодациялық бұлшықет бар. Кірпіктік бұлшықеттің барлық талшықтарының
бірлесіп жиырылуы көздің әртүрлі қашықтықтағы заттарды көруге бейімделу
қызметін қамтамасыз етеді. Кірпіктік ұзын артериялардың тармақтары тамырлы
қабық үстіндегі қуысынан кірпікті денеге енеді. Кірпікті дененің алдыңғы
бетінде нұрлы қабық түбінде осы тамырлар алдыңғы кірпіктік артериялармен
жалғасып нұрлы қабықтың үлкен артериялық шеңберін құрайды. Кірпікті дененің
жұмысы екі түрлі: оның бұлшықеттері аккомодацияны қамтамасыз ететін болса,
ал эпителилері көздің ішкі сұйықтығын сүзіп шығарады. Көздің ішкі сұйықтығы
көз алмасының қан тамырсыз құрылымдарын қоректендіруді қамтамасыз етеді.
Сонымен қатар кірпікті дене сұйықтықтың көзден сыртқа ағып шығуына да
қатысады. Тамырлы қабаттың ішкі бетінде жұқа құрылыссыз негізгі пластинка
болады. Кірпіктік нервтер кірпікті денеде бір-бірімен тұтасып қалың өрім
жасайды. Сезгіш нервтері үшкіл нервтің 1-ші тармағы көздік нервтен,
тамырларды қозғайтын нервтері симпатикалық нервтік бірігуден, кірпікті
бұлшықетті қозғайтын нервтері көз қимыл нервісінен пайда болады. Жаңа туған
нәрестелерде кірпікті дене қанағаттанарлы түрде жетілмеген. Кірпіктік
бұлшықеті өте жұқа. Екі жасқа дейін едәуір өседі және көздің барлық
бұлшықеттерінің бірлесіп жиырылуының нәтижесінде көз аккомодациялық
қабілетке ие. Баланың жеті жасында толық жетіліп дамиды.
Меншікті тамырлы қабық (сhorioidea) – бұл ирек сызықтан көру нервісіне
дейінгі тамырлы қабақтың артқы ең көлемді бөлігі. Ол тамырлы қабықтың үштен
екі бөлігін құрайды. Хориоидея көп қабатты құрылысқа ие. Қоңыр пластинкадан
кейін оның сыртқы қабаты ірі тамырлар ( Галлер) қабаты келеді. Түсті
пигмент арқасында тамырлы қабық өзіндік қараңғы обскура камерасын жасайды.
Осы ірі тамырлы қабатта 4-6 иірімді веналар (v. vorticosae) жайғасқан. Ол
арқылы көз алмасының артқы бөлігінен веналық қан ағады. Одан кейін орта
тамырлар (Заттлер) қабаты келеді. Осы қабаттың астынде ұсақ тамырлар қабаты
орналасқан. Бұл қабатта дәнекер тін мен хроматофорлар аз және артерияларға
қарағанда веналар көп. Тамырлы қабықтың ең ішкі қабаты шыны тәрізді
пластинка (Брух мембранасы), тор қабықтың пигментті эпителиімен шекара
болып есептеледі. Артқы қысқа кірпіктік артериялар көру нервісінің маңында
ақ қабықтан өтіп тамырлы қабықтың үстіндегі қуысына енеді де көптеген
тармақтарға бөлініп меншікті тамырлы қабықты құрайды. Тамырлы қабық
қантамырлары өзінің алдыңғы жағында нұрлы қабықтың үлкен артериялық шеңбер
тамырларымен, артқы бөлігінде көру нервісінің айналасында хориокапилляр
қабатының тамырларымен және тор қабықтың негізгі артериясынан шығатын көру
нервісінің артериялық капиллярларымен жалғасады. Тамырлы қабықта бірдей
мөлшерде қан болады. Қан мөлшері бір ғана тамшыға көбейсе көздің ішкі
қысымын сынап бағанасы бойынша 30 мм-ден артық дәрежеге дейін көтеруі
мүмкін. Меншікті тамырлы қабықтағы көптеген қан тамырлары толассыз
фотохимиялық құбылыстар жүріп жататын тор қабықтың пигментті эпителиінің
үздіксіз қоректенуін қамтамасыз етеді. Бұдан басқа меншікті тамырлы қабық
көздің ішкі сұйықтығын жасауға және оның сыртқа ағып шығуына да қатысады;
тамырлар қабырғаларындағы хемо- және барорецепторлар арқылы көздің қысымын
(офтальмотонусты) реттеуге де қатысады. Меншікті тамырлы қабық негізінен
трофикалық нервтермен нервтенеді. Осы меншікті тамырлы қабықта сезімтал
нерв талшықтары болмағандықтан оның қабынулары, жарақаттары мен қатерлі
ісіктері ауру сезімінсіз өтеді.
Тор қабық. Көру анализаторының шеткі қабылдау бөлік ролін атқарады да
ол өзіндік ми терезесі болып есептеледі. Ол көздің түбіне, тамырлы
қабықтың ішкі бетіне төселген ең ішкі қабық болып саналады. Құрылысы мен
қызметіне сәйкес тор қабықты екі бөлімге ажыратады. Артқы үштен екі бөлігі
жооғары дифференциалы ми ткані – тор қабықтың көретін бір бөлігі. Тор
қабықтың көретін бөлігі ирелең сызық пен көру нервісі маңында астындағы
тамырлы қабықпен бірігеді де қалған жерлерінде шыны тәрізді дене қысымымен
өз орнында ұсталып тұрады және де таяқшалар мен сауытшалардың пигментті
қабат клеткаларының өсінділермен іштей байланыста болу нәтижесінде өз
орнында тұрады. Бұл байланыс патологиялық жағдайда оңай үзіледі және
ажырайды. Тор қабықтан көру нервісінің шығатын жері, көру нервісінің
басталатын жері оның дискісі атанады. Көру нерв дискісінен 4 мм-дей
сыртқары тор қабықтың ойықтау жері сары дақ деп аталады. Тор қабық
микроскопиялық үш нейронды тізбектен тұрады: сыртқы-фоторецепторлық,
ортаңғы-ассоциативтік және ішкі-ганглиялық . Бұлардың бәрі қосылып тор
қабықтың 10 қабатын құрайды:
- пигментті эпителий қабаты - ішкі түйіршікті
ядролық қабат
- таяқшалар мен сауытшалар қабаты - ішкі торлы қабат
- сыртқы глиальды шекаралық мебрана - ганглиялы қабат
- сыртқы түйіршікті ядролық қабат - нервтік талшықтар
қабаты
- сыртқы торлы қабат - ішкі
глиальды шекаралық мебрана
Бірінші 4 қабат тор қабықтың жарық сезгіш аппаратына жатады да
қалғандары ми бөлігін құрайды. Жаңа туған балаларда тор қабық барлық
жерінде бірдей 10 қабаттан тұрады. Бір жасқа жақын көздің өсуімен қатар
оның сыртқы және ішкі қабықтары созылады және жұқарады. Тор қабық дақ
маңында, әсіресе оның ортасында көптеген өзгерістерге ұшырайды. Жарық
сәулелері алдымен көз алмасының мөлдір құрылымдары: қасаң қабық, бұршақ,
шыны тәрізді денелер мен тор қабықтан өтіп барып оның жарық сезгіш қабатына
түседі. Таяқшалар мен сауытшаларфоторецепторлары тор қабықтың өте тереңде
жайғасқан бөлігі. Тор қабықтың ең сыртқы қабаты түсті пигментті қабат
болады. Пигментті эпителиге іш жағынан нейроэпителий клеткалары жанасып
тұрады. Сауытшаларда басқа фотореагент – йодопсин табылған.
Таяқшалар мен сауытшалар көру клеткаларының ядролары сыртқы түйіршікті
қабатты құрайды. Сыртқы торлы қабатын таяқшалар мен сауытшалар
өсінділерінің проксимальды ұштары және биполярлық клеткалардың өсінділері
мен мюллер тіректік талшықтары құрайды. Дақ маңында бұл қабат жоқ. Ішкі
түйіршікті ядролық қабат көлденең амакриндік және биполярлық клеткалар мен
мюллер тіректік талшықтарының ядроларынан құралады. Ішкі торлы қабат ішкі
түйіршікті қабат клеткалары мен талшықтардан құралған. Ал ганглиялық қабаты
бір-бірінен мюллер талшықтарымен бөлінген ірі ганглиялық клеткалардан
құрылған. Осы клеткалардың ішкі торлы қабатқа енетін көптеген өсінділері
бар. Бірнеше биполярлы клеткалар өз кезегінде бір ганглиялық клеткамен
жалғасады. Мультиполярлық клетка тор қабықтың үшінші нейроны болып
саналады. Нервтік талшықтар қабаты ганглиялық клеткалардан шыққан миелинсіз
нерв талшықтарынан тұрады. Осы қабатта тіректік мюллер талшықтары,
нейроглий элементтері, тамырлар бар. Ішкі шекаралық мембрана тор қабықты
шыны тәрізді денеден бөліп тұрады. Ол мюллер талшықтарының қосылуынан пайда
болады және жұқа мөлдір пластинка түрінде көз түбі мен тамырлы қабықтың
алдыңғы бөлігін жауып тұрады, ол тек көру нерв дискісі маңында жоғалады.
Тор қабықтың клеткалары мен талшықтар құрылыстарының арасында ұсақ
дисперсті коллоидтық аралық заты бар. Осы аралық зат жарақат кезінде,
инфекциялық, гипертониялық ауруларда жылдам мөлдірлігін жоғалтады. Тор
қабық архитектоникасы бас миымен ұқсас болады. Тор қабық сары дақ маңында
өзгеріске ұшырайды. Сауытша орталық шұқыршада болады, ол орталық көруді
атқарады. Нейрондар бір-бірімен жалғасып - түйілісіп синапстар құрайды.
Клеткалардағы зат алмасу құбылыстары тор қабық қозғалысын, физикалық,
физико-химиялық және химиялық реакцияларды қамтиды.
Зат алмасудан пайда болған заттар ионның құрамын өзгертеді, тор қабықтың
ішкі және сыртқы қабаттарының арасында үлкен потенциалдар айырмасы пайда
болады, соның нәтижесінде көру информациясын орталық нерв жүйесіне
жеткізетін қозу пайда болады. Көру анализаторындағы кері байланыс арқасында
ол организм қажетіне сәйкес фоторетиналдық құбылыстардың нервтік реттелуі
үнемі қамтамасыз етіледі.

Көз ұясы (орбита).


1-жоғарғы көз саңылауы; 2-негізгі сүйектің кіші қанаты; 3-көру тесігі; 4-
артқы торлы тесік; 5-торлы сүйектің көздік пластинкасы; 6-алдыңғы жас
қырқасы; 7-артқы жас қырқасы мен көзжас сүйегі; 8-жас қабының шұңқыры; 9-
мұрын сүйегі; 10-жоғарғы жақ сүйегінің маңдай өсіндісі; 11-көз ұясының
төменгі қыры; 12-жоғарғы жақ сүйектің орбиталды беті; 13-суборбиталды
жүлге; 14-көзасты тесік; 15-төменгі көз саңылауы; 16-иек сүйегінің көздік
беті; 17-дөңгелек тесік; 18-негізгі сүйектің үлкен қанаты; 19-маңдай
сүйегінің көздік беті; 20-көз ұясының жоғарғы қыры.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   152




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет