Үлестірмелі материалдар. кестелер, слайдтар, муляждар, планшеттер.
Бақылау сұрақтары (кері байланысы):
1. Лимфа жүйесіне түсінік беру?
2. Лимфа тамырларына түсінік беру?
3. Лимфа түйіндеріне түсінік беру?
Негізгі әдебиеттер.
Қазақ тілінде: негізгі:
1. Рақышев, А. Р. Адам денесі. 3 томдық. Т.1. Сүйектер туралы ілім. – М.:ГЭОТАРМедиа,2014
2. Кузенбаева, Ә. О. Адам анатомиясы. 1 - кітап: оқу құралы /. - Алматы : Эверо, 2016. - 292 бет. с.
3. Кузенбаева, Ә. О. Адам анатомиясы. 2- кітап : оқу құралы . - Алматы : Эверо, 2016. - 248 бет. с.
4. Досаев Т.М. Адам анатомиясы.-Ақ-Нұр, 2013
5. Адам анатомиясы : оқулық - Алматы : ЖК "Ақнұр", 2013.
Қосымша әдебиеттер.
1. Жұмабаев У., Әубәкіров Ә.Б., Досаев Т.М. ж.т.б. Адам анатомиясы, атлас. І,ІІ том. Астана: «Фолиант», 2005.
№36 Тақырып. Иммуногенездің орталық және шеткі ағзалары
Мақсаты: Көкбауырдың, оның веналары мен лимфаларының құрылысын және олардың топографиясын зерттеу
Дәріс жоспары:
1. Иммунды жүйе
2. Иммундық жүйенің шеткі мушелері
3. Иммунитет
Дәріс тезистері.
Иммунды жүйе — барлық лимфоидты организмдер мен организмдегі торшалар жинағы. Ерекше иммундық қорғаныс механизмдеріне жауапты.
Иммунды жүйе сүйектік қызыл кемігі, лимфа безі, айыршық безі (тимус), кұстардықфабрицнев қапшығы, көкбауыр, сондай-ақ тыныс алу және ас қорыту жолдарындағы топталған лимфоидтытканьдар кіреді. Иммунды жүйе ең басты мүшесінің қызметін әртүрлі лимфоциттердің субпоппуляциялары және лимфоциттердің кейбір тармақтары атқарады, олар макрофагтармен қосылып, иммунологиялық жауаптың негізі — антиденелер түзу және сезімталдығы күшейтілген лимфоциттердің жиналуын қамтамасыз етеді, ал бұлар бөтен антигендерді таниды, қорытады және жояды.
Кемік майы қабырғаларда, омыртқаларда, жіліктердің шеміршекті ұштарында және т. б. сүйектерде кездеседі. Ол организмде өмір бойы сақталады да, одан үнемі қан жасушалары түзіліп отырады. Ересек адамның сүйектерінде кемік майының мөлшері шамамен 2,5-3 кг. Кемік майы екі түрлі. Оның біріншісі - қысқа және жалпақ сүйектердің кемікті қуыстарындағы қызыл түсті кемік майы. Екіншісі - түтік пішінді сүйектердің (жіліктердің) ішкі қуысындағы сарытүсті жілік майы.
Иммундық жүйенің шеткі мушелеріне - бадамша бездер, лимфа түйіндері, көкбауыр, соқырішек және т. б. жатады. Жұтқыншақтың сілемейлі қабығында 6 бадамша без шоғырланған. Оларды жұтқыншақ лимфа сақинасы деп те атайды. Ол арада жұп таңдай, жұп түтікті, сыңар жұтқыншақ және сыңар тіл, бадамша бездері орналаскан. Бұл бадамша бездер организмге тамақпен түскен зиянды микробтарды жоюға қатысады. Лимфа түйіндері көбіне ірі қантамырлардың маңында болады. Адам организмінде 460-қа жуық лимфа түйіндері бар. Олар шоғырланып жатады.
Көкбауыр - құрсақ куысының жоғары бөлігінің сол жағындағы 9-11 қабырғалардың тұсында орналасқан сыңар мүше. Оның ұзындығы шамамен 10-14 см, ені 6-10 см, қалыңдығы 3-4 см, салмағы 150- 200 г. Көкбауырда қан жасушалары түзіледі әрі уақытша сақталады. Сонымен бірге көкбауырда тіршілігін жойған эритроциттер жиналады. Иммундық мүшелер организмнің ішкі ортасының тұрақтылығын және генетикалық тұтастығын қамтамасыз етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |