Дәрістік кешен пән: жкп 05 Анатомия және физиология Мамандығы



бет104/152
Дата13.12.2022
өлшемі434,65 Kb.
#162453
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   152
Байланысты:
дәрістік кешен ФАП-1

Қосымша әдебиеттер.
1. Жұмабаев У., Әубәкіров Ә.Б., Досаев Т.М. ж.т.б. Адам анатомиясы, атлас. І,ІІ том. Астана: «Фолиант», 2005.

35 Тақырып. Лимфалық жүйе.


Мақсаты: Лимфа жүйесіне түсінік беру. Лимфа тамырлары және адам денесіндегі жекеленген лимфа түйіндерін оқыту.
Дәріс жоспары:
1. Лимфа жүйесі
2. Лимфоциттер дамитын жерлер
3.Лимфалық арнаның тұйық ұшы
Дәріс тезистері.
Лимфа жүйесі – systemalymрhaticum – тамыр жүйесінің құрам бӛлігі болып табылады және вена жүйесінің құрам бӛлігі болып табылады және вена жүйесінің қосымша арнасы сияқты, онымен тығыз байланыста дамиды, әрі құрылысы жағынан ұқсас белгілері болады (қақпақшаларының болуы лимфа ағынының тканьдерден жүрекке қарай бағытталуы). Оның негізгі қызметі – лимфаны тканьдерден вена арнасына ӛткізу (тасымалдық, резорбциялық және дренаждық қызметтер), сондай-ақ иммундық реакциядарға қатысатын лимфоидтық элементтерді түзу (лимфопоэз) және организмге келетін бӛгде заттарды, бактерияларды және т.б. залалсыздандыру (тосқауылдық қызмет.) Қатерлі ісік (рак) клеткалары да лимфа жолдарымен таралады: бұл жолдарды анықтау үшін лимфа жүйесі анатомиясын терең білу керек. Осы аталған қызметтеріне сәйкес лимфа жүйесі құрамында мыналар болады: І.Лимфаӛткізетін жолдар: лимфокапиллярлық тамырлар, лимфа тамырлары, сабаулары және ӛзекшелері. ІІ.Лимфоциттер дамитын жерлер: 1) жілік майы және айырша безі;2) кілегейлі қабықтардағы лимфоидты түзілістер; а) жекеленген лимфа түйіншектері - follliculilumphaticisolitari ә) топтарға жиналған – folliculilymphaticiagregati б) бадамша без түрінде лимфа тканінің түзілуі; 3) лимфа тканінің соқыр ішекте жиналуы; 4) кӛкбауыр жұмсағы; 5) лимфа түйіндер; Лимфа жүйесі анатомиялық жағынан мына бӛліктерден тұрады: 1. Лимфалық арнаның тұйық ұшы лимфокапилляр торы түрінде мүше ткандарін шырмап жататын лимфокапилляр торы түрінде мүше ткандарін шырмап жататын лимфокапилляр тамырларынан басталады. 2. Лимфокапилляр тамырлары мүшеішілік ұсақ лимфа тамырлары ӛріміне айналады. 3. Ол ӛрімдерӛздерінің одан арғы жолдарында лимфа түйіндерімен үзіліп отыратын ірілеу әкетуші лимфа тамырлары түрінде мүшелерден шығады. Ірі лимфа тамырлары лимфа сабауларына, одан әрі дененің басты лимфа түтіктеріне – оң жақ лимфа түтігіне және кӛкірек түтігіне, ал олар ірі мойын веналарына құйылады. Лимфа тамырлары. Лимфокапиллярлық тамырлардың лимфа тамырларына айналуы оның қабырға құрылысының ӛзгеруіне байланысты ал қақпашалар капиллярларда да кездесе береді. Интрамүшелік лимфа тамырлары мүшенің дәнекер тканьді қабатшаларына орналаса, кеңшиырлыӛрімдер түзіп, қан тамырларымен бірге жүреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   152




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет