36. Шеткері артериялардың облитерациялық атеросклерозы, патогенезі, клиникасы, аурудың сатылары, диагностикалық бағдарламасы және емдеу тактикасы.
Аяқ тамырларының облитерациялық атеросклерозы – аяқтардағы эластикалық және бұлшықетті эластикалық типті тамырларды зақымдаумен көрінетін созылмалы ауру. Тамырлар қабырғасында дәнекер тіннің өсіп кетуі туындайды. Соның нәтижесінде қанайналым бұзылады.
Облитерациялық эндартериит (тромбангиит) – аяқ артерияларының қабынуымен көрінетін, олардың көлденең кесіндісінің тарылуымен және қанайналым бұзылуымен көрінетін ауру.
Клиникалық көрінісі
I саты – компенсация.
Трофикалық бұзылыстар: аяқтардың жүдеуі, шаштың түсуі, терінің құрғақ болуы, терлеудің төмендеуі
1 және 2 саты симптомдарына науқасты мүгедектікке әкелетін жағдайлар пайда болады.
Түнгі уақытта күшейетін аурысынулар, науқасты төсектен түсіп, аяғын салбыратып отыруына себеп болады.
Наркотикалық анальгетиктер ауырсынуды азайтпайды.
Трофикалық бұзылыстар күшейе түседі. Бақай басынан трофикалық некротикалық жаралар пайда болып, ауруы шыдатпайды. Соған ұқсас жаралар табан сыртында, балтырдың төменгі үштен бірінде пайда болады. Уақыт өте келе жара үлкейіп, құрғақ болады. Инфекция түсетін болса, ылғалды гангренаға ауысады.