Диафрагманың концепциясы. Операциялық емге көрсеткіш, операция алдындағы дайындық.өңеш тесігінің жарығы. Этиология және патогенезі. Жіктелуі. Клиникасы және диагностикасы, асқынуы. Операциялық емге көрсеткіш және операция түрлерін таңдау



бет55/125
Дата23.05.2023
өлшемі11,18 Mb.
#177537
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   125
Байланысты:
ХИР608 Сессия

Панченконың тізе феномены: Науқас отырып сау аяғының үстіне сырқат аяғын қояды. Біршама уақыттан кейін зақымдалған аяқтағы балтыр бұлшықеттері ауырсынады, табанының жансыздана бастауы, бақай ұштарында құмырсқа жүгіргендей сезім пайда болады.




  • Саусақпен қысу симптомы: Табанның І бақайының дистальды фалангасын алдыдан артқа қарай 5-10 с аралықта қысқанда сау адамдарда пайда болған терінің бозаруы бірден қалыпты түсіне оралады. Ал қан айналымы бұзылса онда бозару ұзақ сақталады және қалыпты түсіне баяу оралады.

  • Дұрыс диагноз қоюға көмектеседі:

  • Реовазография

  • Ультра дыбысты флоуметрия

  • Термография

  • Ангиография

  • Реовазография Балтыр мен табаннан алынған тіркемелерде реографиялық қисықтағы негізгі толқынның амплитудасының төмендеуі, оның контурларының жазықталуы, қосымша толқындардың жойылуы, реографиялық индекс өлшемінің біршама төмендеуі байқалады. Зақымдалған аяқтың дистальды бөлімінен жазылған реограммалар қан айналымының декомпенсациясында түзу сызықтар түрінде болады.

  • Ультра дыбысты флоуметрия. Ультра дыбысты зерттеу мәліметтері табан артериясындағы қысымның айқын төмендеуін, қан айналымының сызықтық жылдамдығының төмендеуін көрсетеді және қан тамырдың зақымдалу деңгейін анықтауға көмектеседі.

  • Термография. Науқастарда зақымдалған аяқтың дистальды бөліміндегі инфрақызыл сәулеленудің интенсивтілігі төмендейді.

  • Ангиография шешуші зерттеу әдісі болыптабылады. Ангиограммада аортаның, мықын, сан артериясының қалыпты өткізгіштігі көрінеді; тізе асты артериясы тарылған, жиі окклюзияланған, ал балтыр артериялары көбіне облитерацияланған, ұсақ штопор тәрізді коллатеральдер байқалады.Контрастты зат зақымдалған тамырды толтырады, олардың контуры тегіс, жиектерінде облитерациялаушы атеросклерозға тән “фестончатость” жоқ.

  • Емі:

  • Аурудың бастапқы сатысында консервативті ем тағайындаған дұрыс.Ол міндетті түрде комплексті түрде және патогенетикалық сипатта болуы тиіс.

  • Облитерациялаушы эндартериитті емдеудің негізгі принциптері:

  • 1.Қолайсыз факторлардың әсерлерін жою (суық тию, үсудің алдын алу, шылым шегу және алкогольді қолдануға тыйым салу );

  • 2.Қан тамырлардың спазмын спазмолитиктермен (но-шпа, галидор, вазодилан, баметан сульфат )және ганглиоблокаторлармен (дипрофен, дикалин, гексоний)

  • 3.Ауырсынуды басу (анальгетиктер, 1% новокаин ерітіндісімен артерияішілік блокадалар, эпидуральды блокадалар, Lg–1,3 деңгейінде пара-вертебральды симпатикалық ганглийлердің блокадалары )

  • 4.Тіндерде метаболикалық процестерді жақсарту (В1, B6, В15, B12 витаминдері, никотин қышқылы, компламин, солкосерил, брадикининдердің ингибиторлары –ангинин, продектин, пармидин);

  • 5.Қанның ұю процесін, тромбоциттердің адгезивті және агрегациялық функциясын қалпына келтіру, қанның реологиялық қасиетін жақсарту(тікелей әсер етпейтін антикоагулянттар, сәйкес келетін көрсеткіштерде-гепарин, реополиглюкин, курантил, трентал) Комплексті терапияға десенсибилизациялаушы заттарды (димедрол, пипольфен, супрастин және т.б.), көрсеткіші болса- қабынуға қарсы заттар (антипиретиктер, антибиотиктер, кортикостероидтар), седативті препараттар (седуксен, элениум, френолон және т.б.), физиотерапиялық и бальнеологиялық процедуралар (УВЧ-терапия, Бернар тогы, электрофорез, родонды, күкіртсутекті ванналар және т.б.).

  • 6.Гипербарикалық оксигенацияны және санаторлы-курортты емді қолдану дұрыс. 

  • 7.Консервативті емнен нәтиже болмаса, операцияға көрсеткіш болып табылады.

  • Аса жақсы нәтиже беретіні – симпатикалық жүйке жүйесіне жасалатын операция – перифериялық артериялардың спазмын жоятын бел симпатэктомиясы. Осының нәтижесінде коллатеральды қан айналымы жақсарады. Қазіргі кезде хирургтердің көбі 2-3 бел ганглилерінің деңгейіндегі шекаралық симпатикалық баған аймағы резекциясымен шектеледі. Процестің локализациясына байланысты біржақты немесе екі жақты бел симпатэктомиясын жасайды.Бел ганглилерін бөліп алу үшін жиі құрсақтан тыс кірісу жолын таңдайды. Операцияның нәтижелілігі зақымдалған аяқ ишемиясының шамалы дәрежелі (ІІ саты ) науқастарда жоғары болады.

  • Патологиялық процеске қолдардың тамырлары ене бастаса, кеуделік симпатэктомияны (Т-2—Т-4), сирек жағдайда стеллэктомия (С-7) жасайды. Реконструктивті операцияларды зақымдалған тамырдың диаметрі кіші болғанда және процестің жайылуы аз болғанда шектеулі түрде қолданады.

  • Некроз немесе гангрена болғанда – ампутацияға көрсеткіш болады. Оперативті кірісудің көлемі қатал түрде индивидуалданған болуы керек және аяқтың қанмен қамтамасыз етілуімен орындалуы тиіс. Айқын демаркационды сызығы бар бақайлардың изоляцияланған некрозында фаланганың экзартикуляциясын немесе некрэктомияны жасайды. Аса жайылған зақымдалуда бақай ампутациясын, трансметатарзальды ампутацияны және в поперечном предплюсневом сочленениедан (сочленение Шопара) табан ампутациясын жасайды. Кейде предплюсне-плюсневых буындар деңгейінде табан ампутациясына көрсеткіш пайда болады.

  • Ісіну, лимфангит және лимфаденитпен бірге жүретін ылғалды гангренаның дамуы аса биік жасалатын ампутацияға көрсеткіш болады. Хирургтердің көбі дәл осындай жағдайда ештеңеге қарамастан балтыр деңгейінде ампутация жасауға тырысуы нәтижесіз болады, себебі культяның жұмсақ тіндері некрозының даму мүмкіншілігінен байланысты. Осыған байланысты кейбір жағдайда сан ампутациясын жасау керек- Каллендер бойынша сан ампутациясы.




  • 34. Постхолецистэктомиялық синдром. Жіктелуі. Ажырату диагностикасы.

  • Холецистэктомиядан кейінгісиндромның ең жиісебебі:8–33%холедохолитиаз.Көпжағдайдаоперативтіем науқастыңтолық жазылуына алып келеді. Бірақ кейбір жағдайда науқаста операцияға дейін мазалаған шағымдар операциядан кейін немесе кеш пайда болады. Холецистэктомиядан кейін науқастарда ауырсынуы мен диспепсиялық бұзылыстар сақталса,онда оны постхолицистэктомиялық синдром деп біріктіреді.

  • Холецистэктомиядан кейінгісиндром – асқорыту жүйесінің секреторлы, моторлы, гормоналды бұзылуымен шақырылған патологиялық жағдай,жиі40–60жастағы әйел адамдарда кездеседі. Бауырдан тыс өт жолдарына қайта операциялар диагностикаға тактикалық немесе техникалық қателіктерменбайланысты біріншіоперацияданкейін5,4–14,8% құрайды.

  • Холецистэктомияданкейінгісиндромныңдамуындағы негізгі себептер:1)асқорытужолыныңаурулары –асқазанменонекі еліішек жара ауруы,созылмалы гастрит,көкетің өңештік тесігінің жарығы,рефлюкс-эзофагит,созылмалы колит.2)өт жолдарындағы органикалық бұзылыстар,холецистэктомиядан кейінқалыпкеткентастар(ұмытылыпқалғантастар).Өтөзегінің терминалды бөлігініңжәнеүлкенонекіеліішекемізікшесінің стриктурасы,жалпы өт өзегімен жалпы бауырлық өзектің ятрогендізақымдануы нәтижесіндегітыртық стриктурасы.3) гепатопакреатодуденалды аймақ мүшелерінің аурулары – панкреатит, гепатит, өт өзектерінің дискенезиясы, перихоледохиалдылимфаденит.





  • Клиникалық көрінісі. Өт өзектерінің ауруларының клиникалықбелгілеріоперацияданкейінполиморфты сипата болады. Өт жолдарының ауруларының негізгі клиникалық белгілері– оң қабырға астының ауырсынуы,тұрақты және ремиссиялысарғаю,қалшылдау,қалтырау.

  • Резидуалды холедохолитиаз жиі операциядан кейін бауырлық ұстамамен көрініс бередіжәне холестаз белгілері, сонымен бірге,холангит,сарғаю және айқын интоксикация болады.

  • Алрецидивтіхоледохолитиазұзақуақытсимптомсызөтеді. Рецидивтібиллиарлы гипертензияфонындакөрінісбереді.Соған байланысты, жасырын бауыр жетіспеушілік белгілерімен созылмалы холангит түрінде көрініс беруі мүмкін: тез шаршағыштық,ұйқысыздық,әлсіздік.

  • Постхолецистэктомия синдромын панкреатодуоденальды аймақтың және өт шығару жолдарының ісіктерінен, холелитиаздың қайталануынан, асқазан-ішек жолдарының басқа ауруларының, соның ішінде жұқпалы аурулардың өршуінен немесе пайда болуынан ажырату керек.

  • Емі.Өт өзектерінің органикалық зақымдануында науқасқа қайталанған оперативтіем көрсетіледі.Өт жолдарына қайта жасалатын операциялар күрделіжәне қиын,оған жоғары мамандандырылған хирург керек.Ол кезде қалдырылған өт бөлігімен немесе тұқылды қайта тасымен алады. Ал,

  • холедохолитиазжәнеүлкендуоденалды емізікшестенозында, 175




  • асқынғанхолециститеоперацияқолданылады.Постравмалық стриктураларда,билидигистивтіанастомоз–Руілмегісалынады.




  • 35. Жүректің ашық жарақаты. Клиникасы, диагностикасы және емі

  • Жүректің ашық жарақаты (жарасы) мыналардың салдары болуы мүмкін:

  • пышақпен немесе басқа өткір затпен соққы,

  • оқ немесе снаряд жарақаты,

  • төтенше жағдай нәтижесінде.



  • Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   125




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет